Тәуелді көмек, дәрігер келгенге дейін дайындау керек:
Көктамырға 2-5 мг морфин (1%-1мл) физ.ерітіндімен.
Көктамырға енгізу үшін:5 000 бірлік гепарин немесе фенаксапарин.
500мг аспиринді шайнатып сумен жұтқызу
10 минут ішінде 0,9% - 200 мл натрий хлор ерітіндісін тамшылатып енгізу
200 мг дофамин көк тамырға енгізу үшін
Дәрігердің тағайындауымен орындау.
Естен тану кезіндегі шұғыл көмек
Мақсаты: артериялық қан қысымын көтеру, бас миының гипоксиясын азайту
Тәуелсіз көмектің іс-әрекет алгоритімі:
1.Дәрігер шақыру
2. Басын төмен қаратып, аяғын жоғары етіп жатқызу, жата алмаса басын төмендетіп отырғызу.
3. Қысып тұрған киімінен босатып таза ауамен қамтамасыз ету
4. Маңдайына салқын компресс қою
5. Мүсәтір спиртін иіскету, самайын мақтаға малып, мүсәтір спиртімен уқалау
6.Науқастың жағдайын бағалау: АҚ, пульс, жүрек тондарын,тыныс алу жиілігін.
Достарыңызбен бөлісу: |