Тәуелді көмек дәрігер келгенге дейін дайындау керек:
-
Егер АҚ, пульсы төмен болса: дәрігердің тағайындауымен 100-200 мг дофамин ерітіндісін тері астына немесе көк тамырға енгізу.
-
Артериялық қан қысымын және пульсін анықтау
8.Науқастын жағдайын бағалау
9.Естен танудың себептерін анықтау мақсатында сұхбат жүргізу
Коллапс кезіндегі шұғыл көмек
Мақсаты: артериялық қан қысымының жоғарылату, тамыр соғысын қалпына келтіру
Тәуелсіз көмектің іс-әрекет алгоритмі:
1.Дәрігер шақыру
2. Науқасты көлденең жатқызып,бас жағын жоғары қаратып жатқызу
3. Науқасты жылыту ( Жылытқыш қою немесе көрпе жабу)
4. Ылғалдандырылған оттегін беру
5.Науқастың жағдайын бағалау:АҚҚ,пульс,тыныс алу жиілігі
Тәуелді көмек дәрігер келгенге дейін дайындау керек:
6. Көк тамырға 90мг преднизалон,немесе дексаметазон ерітіндісін + 0,9% 10 мл натрий хлор ерітіндісімен енгізу үшін
7. 100-200 мг дофамин ерітіндісін тері астына немесе көк тамырға енгізу үшін.
8.Атропин ерітіндісін 1%-1мл ерітіндісін тері астына немесе көк тамырға енгізу үшін
Жүрек астмасы кезіндегі шұғыл көмек
Мақсаты: Өкпенің тамырларындағы қан іркілісін төмендету,оттегі тапшылығын азайту, өкпе капилярларының өткізгіштігін жақсарту, артериялық қан қысымын қалпына келтіру.
Тәуелсіз көмектің іс-әрекет алгоритмі:
1.Дәрігер шақыру
1. Науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызу.(ортопноэ қалпы)
2. Аяқ-қолдарына бұрау(жгут) салу(оң жақ қолға,сол жақ қолға,сол аяқтың балтырына)
3. Ылғалдандырылған оттегін беру
4.Науқастың жағдайын бағалау:АҚҚ,пульс,тыныс алу жиілігі,жүрек соғысы
5. Тіл астына нитроглицеринді немесе изокет спрей беру6.Ацетилсалицил қышқылын 500мг шайнатып,сумен ішкізу.
Тәуелді көмек дәрігер келгенге дейін дайындау керек:
6. Көк тамырға 2 мл лазикс немесе фурасемид дәрігердің нұсқауымен
7. Көк тамырға 5 000 бірлік гепарин,немесе фенаксапарин
8. Көк тамырға немесе бұлшық етке 1% 1мл морфинді енгізу(тыныс алу орталығының қозуын басу үшін)
8. Гипертониялық криз кезінде көк тамырға эналаприллат+ натрий хлор ерітіндісімен
9. Бронхоспазм кезінде 2,4%-10 мл аминофиллинді (эуфиллин) көк тамырға енгізу дәрігердің тағайындауымен
Ескерту: Егер жүрек астмасы миокард инфарктісі кезінде болса онда жүрек гликозиттерін беруге болмайды, себебі ол миокардтың жұмысын тездетіп, некроз аумағын ұлғайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |