Диплом жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық Астана, 2016



Дата29.01.2018
өлшемі349,82 Kb.
#36150
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы

Қ.А. Мамаділ


5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығы диплом жұмысын орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулық

Астана, 2016

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын орындау ережесінде (ҚР МЖМБС 5.03.005 -2009) көрсетілгендей (4т.4.1т.), диплом жұмысы жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса, жоғары оқу орнында білім алушылар оқудың соңғы аяқтау кезеңінде орындайды. Демек, диплом жұмысы студенттің маманданып жатқан саласы бойынша оқу-зерттеу жұмысының шегін білдіреді. Бұған дейін студент мамандыққа байланысты пәндерден теориялық-практикалық білім алу барысында, курстық, семестрлік жұмыстарды орындауда, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуда және оның нәтижелері бойынша тіл үйірмесінде, студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап, талқылауларға қатысуда ғылыми зерттеулер жүргізуге, өз көзқарасын дәлелдеу мен қорғауға дағдыланады, оның әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сондықтан диплом жұмысы оның бұған дейін ғылыми жетекшінің бағыттауымен жүргізген зерттеу жұмыстарының заңды жалғасы болуы да мүмкін. Ережеге сәйкес, диплом жұмысын орындатудағы мақсат: студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлық жағдайындағы өзбеттілік жұмысқа дайындығын анықтау. Студент диплом жұмысын ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындайды. Осы талаптар қазақ тілінен диплом жұмысын орындауда да ескеріледі. Нұсқаулық қазақ тіліне қатысты әзірленіп отырғанымен, оның жалпы талаптарын қазақ әдебиетінен диплом жұмысын дайындауда да пайдалануға болады.



І. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ
І.1. Диплом жұмысының тақырыбы бойынша талаптар: Тақырып таңдау, дайындық жұмысы, әдебиеттер жинау мен оны тізімге түсіру, зерттеу проблемасы жөніндегі ғылыми еңбектерді, мақалаларды оқу, тілдік деректерді жинау мен жүйеге келтіру, мәтін жазу, оны жөне ашық қорғаудың нәтижелерін рәсімдеу.

I.2. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары маман даярлап шығарушы кафедрада белгіленіп, институт әдістемелік кеңесіне ұсынылады. Тақырыптар көкейкестілігімен ерекшеленуге тиіс, сондай-ақ қазіргі мектеп бағдарламаларымен, лингвистикалық ғылымның даму преспективаларымен ұштасып жатуы керек. Дипломдық жұмыстың тақырыбы кең түрдегі жоспары жиналған тілдік материалдарға талдау жасау мен оларды ерекшеліктеріне қарай жүйеленуде анықталады. Тақырып тізімі оқу жылының басында студенттерге ұсынылады. Тақырып таңдау студенттің еркіне беріледі.

I.3. Дипломдық жұмыстың дұрыс орындалуы студенттің жоғары теориялық дайындығы мен аналитикалық бейімділігіне, тақырыпты зерттеуге деген ынталығына байланысты болады. Егер тақырып мәселесі бұрыннан айналысып жүрген зерттеу жұмысымен сабақтасып жататын болса, онда студент дипломдық жұмыстың сипатын біледі, теориялық дайындығы күмән тудырмайды.

I.4. Таңдалынған тақырып студенттің жеке өтінішімен кафедрада қаралып, кафедраның ұсынуы бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі. Өтініште дипломдық жұмыстың тықырыбы, орындаушы мен ғылыми жетекшінің аты-жөні көрсетіледі.

Алдын ала кеңес беруде ғылыми жетекші бітіруші студентке жұмыстың мақсаты мен міндеті, материалдың сипаты мен көлемін, оның көздерін түсіндіреді, мәселе жөніндегі жалпы әдебиеттердің тізімін ұсынады. Жұмыстың орындалу кезеңдері мен бітіру мерзімін белгілейді.

I.5. Ғылыми жетекшіден тапсырма алған соң студент алдын ала жоспарды жасайды. Бұл оның жұмыстың жалпы сипаты мен бағыт-бағдарын аңғаруына мүмкіндік береді.

I.6. Тақырыпты терең игеру үшін студентке ең алдымен лингвисткаға немесе әдебиетке байланысты энциклопедиялық еңбектер ұсынылады. Бұл зерттеудің әдістанымдық негіздерін дұрыс тануға ықпал етеді.

I.7. Деректемелік материалдарды сипаттау үшін ғылыми болжам жасалады. Ғылыми болжам бағдарланушы ғылыми идея. Ғылыми болжам ғылыми ізденіске бағыт береді, материалдың көлемі мен сипатын, оны талдау мен жазудың әдістерін анықтауға, тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеуге ықпал етеді. Ғылыми болжам арқылы дипломдық жұмыстың негізгі мәселелеріне жорамалды жауап та беріледі. Ғылыми болжам зерттеу нысанының табиғатын жан‑жақты ашуға мүмкіндік жасайды. Мәселен, зерттеліп отырған тілдік құбылыстың лингвистикаға белгісіз қырлары анықталуы ықтимал.

I.8. Дипломдық жұмысты дайындауда библиографиялық сілтемелерді дұрыс жасай білудің де маңызы зор. Өйткені алған мәлімет көздеріне сілтеме жасау ғылыми дәлдік пен әдепті танытады. Сілтеменің қалыптасқан дәстүрлі үш түрі бар: ішкі мәтіндік, жолма‑жол, мәтіннен тыс. Ішкі мәтіндік сілтеме мәтін ішінде беріледі, жолма жол сілтеме парақтың төменгі жағында көрсетілсе, мәтіннен тыс сілтеме жұмыстың соңынан беріледі.

Ішкі мәтіндік сілтеме маңызы зор мәліметтер көздеріне жасалады. Мұндай сілтеме сөйлем құрылысына кіреді. Автордың аты‑жөні мен басқа да деректер көрсетіледі .

Мысалы: Қазақ тілі білімінде грамматика теориясының негіздері туралы ғылыми тұжырымдар К.Ахановтың 1996 жылы Алматыдағы «Санат» баспасынан шыққан «Грамматика теориясының негіздері» атты оқу құралында беріледі.

Сілтеменің бір бөлігі ғана сөйлем құрылысына кірсе, қалған мәліметтер сөйлемнің сонында жақша ішінде көрсетіледі.

Мысалы: сөздерді таптастыру принциптері жөнінде К.Аханов өзінің «Грамматика теориясының негіздері» деген еңбегінде айтқан болатын. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы: Санат, 1996. 158 б.

Егер сілтеме сөйлем құрылысына кірмесе, онда библиографиялық жазу ережесіне сәйкес сөйлемнің соңына жақша ішінде көрсетіледі.

Мысалы: морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі (Аханов К). Граматика теориясының негіздері. Алматы: Санат, 1996. 20 б.

Жолма жол сілтеменің нөмірі дәйек сөздің, немесе ішінде, автордың аты‑жөні бар сөйлемнің, мағына ыңғайына қарай, ортасына немесе соңына қойылады. Сол нөмір және сілтеменің толық мәліметі парақтың төменгі жағында көрсетіледі.

Мәтіннен тыс сілтеме пайдаланылған әдебиеттер саны көп болғанда қолданылады. Мұндайда сөйлем соңындағы жақша ішінде еңбектің әдебиетердің тізіміндегі реттік нөмірі қойылып, үтірден соң алынған бет саны көрсетіледі.

Мысалы: Көмекші немесе аффикстік морфемалардың бірі ‑ инфикс (І.31 )

Әдебиеттер тізімінде нөмірі жоқ болса, сілтемеде автордың аты-жөні мен еңбектің шыққан жылы көрсетіледі.

Мысалы: Форма тудырушы жұрнақтардың ... (Аханов К., 1996)

Мысалы: Мұндай пікірді көптеген ғалымдар қолдайды (К.Аханов, 1996; Н.Оралбаева, 1975; С.Исаев, 1998 жылы т.б.).

Бір еңбекке бірнеше рет жолма жол сілтеме жасалғанда, автор және басқа мәліметтер толық формада қайталанып берілмейді.

Сілтеме жасау тәртібі төменгідей:

І. Сонда – 18 б.

ІІ. Сонда – 21 б. Т.б

I.9. Дерек көздерін жүйелеуде белгілі бір тәртіп болуы керек. Мәліметтің тым үлкен көлемде болуы, бір жағынан, уақытты кедергі келтіреді, екіншіден, тақырыптың бағдарын өзгерту мүмкін, үшіншіден, мақсатқа сай толық пайданылмай қалуы ықтимал. Мұндайды болдырмау үшін, тақырыптың мақсаты мен міндетіне үнемі назар аударып отырған дұрыс.

I.10. негізгі дерек көздерімен жұмыс істеуде төменгідей жазылым түрлерін пайдаланған жөн:

а) Тезис – автордың оқыған материалы туралы қысқаша ой – пікірі;

ә) Көшірме – сөзбе сөз алынған дәйек сөз немесе жекеленген парақтардағы мәліметтер және дерек көздері көрсетілген карточкалар;

б) Конспект – оқылған материалдың көлемі тезистен үлкенірек қысқаша мазмұны.

І.11. Тілдік материалды (мысалды) жинау жан-жақты, терең теориялық білімді керек етеді. Мәселен, күрделі етістіктерді басқа тілдік құбылыстардың ішінен іріктеп алу үшін, оның өзіндік айырым-белгілерін, өзіне ұқсас тілдік құбылыстардан ерекшелігін жақсы болу шарт. Теориялық білімнің кемшілігі зертеу нысанын дәл тануға кері әсер етеді.

І.12. Диплом жұмысының мазмұн жүйесі нақты материалдарды жүйелеуден туындайды. Әрбір тараудың тақырыптары мен тақырыпшалары да соған байланысты анықталады.

Мысалы: І тарау. М.Жұмабаев шығармаларындағы сөзжасамдық құбылыс.

І..І. Синтетикалық тәсілімен жасалған ТТЗ;

І.І.а. Екі морфемалы ТТЗ;

І.І.ә. Үш морфемалы ТТЗ;

Демек, тақырып пен тақырыпшаларды санмен белгілеудің де өз тәртібі болады. Мысалы: І.І.І; І.І.а.,І.І.ә.;ІІ, ІІ. 2; II. 2. a;

І. 13. Дипломдық жұмыстың дәстүрлі құрылымы: алғы бет (титульный лист ), кіріспе, зерттеу бөлімдері ( І ‑ 2 – 3тарау), қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша (егер қажет болса), мазмұны. Кіріспе мен қорытынды жұмыстың 1/5 – тен 1/4 – ке дейінгі бөлігін қамту керек. Мәселен, жұмыстың жалпы көлемі 50 бет болса, зерттеу бөлімі шамамен 36-40 бет болу керек.


ІІ. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МӘТІНІН ЖАЗУ
II.1. Мәтін – диплом жұмысының күрделі әрі маңызды бөлігі. Мұнда дипломшы жинаған деректеме материалдарын жүйелей отырып, өз зерттеуінің нәтижесін тілдік норма деңгейінде баяндайды. Баяндаудың шығармашылық қыры қажетті ақпараттарды тауып, зертеу нысананың табиғатын ашуға дұрыс қолдана білу болып табылады. Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерге мәтіндер мазмұндық жағынан бірімен – бірі тығыз байланысып жатуы тиіс.

ІІ.2. Кіріспе бөлімде зертеу тақрыбының ғылыми ‑ теориялық және практикалық маңызы, оның өзектілігі, мақаты мен міндеттері, дерек көздері, зертеу әдіснамасы, зертеу деңгейі немесе теориялық негіздері анықталады. Диплом жұмысының құрылымы көрсетіледі. Кіріспе бөлімнің мәтіні қысқы және дәйек сөзсіз болуға тиіс.

ІІ.3. Талдауға алдын ала құрылған жоспар бағытқа алынады. Жиналған тілдік деректер ерекшеліктеріне қарай жіктеліп, оның түрлі тілдік қырлары нақтыланды. Дәлелдеме материалдар жасалған тұжырым-түйіндердің дұрыстығына көз жеткізу үшін қолданылады. Дипломшы зерттеу нысаны жөніндегі өзіне дейінгі тілтанушылардың пікірлерімен келіспегендігін нақты тілдік материалдармен, өзі дұрыс деп есептеген ғылыми тұжырымдармен дәлелдеуі керек.

ІІ.4. Диплом жұмысының бөлімдері қойылған мақсат пен міндеттер шегінде толық аяқталуға және қорытындылауға тиіс. Қорытынды дәлелдеме деректерсіз қысқа әрі тұжырым түрінде жасалады.

ІІ.5. Бөлімдерде жасалған қысқаша қорындылар негізінде «Қорытынды» бөлімнің мәтіні жазылады.

ІІ.6. Диплом жұмысының қолжазба мәтіні толық аяқталған соң, ғылыми жетекшінің тексеруіне беріліп, оның берген ескертпелері түзетіліп, таза параққа көшіріліп, компьютерлік терілуге тапсырылады.

ІІІ. Диплом жұмысының құрылымы

ІІІ.1. Диплом жұмысының бөлімдері мынадай ретпен орналастырады:



  • алғы бет

  • аннотация

  • кіріспе

  • зерттеу бөлімдері

  • библиографиялық тізімі (әдебиеттер тізімі )

  • қосымшалар (егер бар болса)

  • мазмұны (жұмыстың басында да теруге болады)

Беттері «Алғы беттен» бастап нөмірленеді.

ІY. ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ

IY.1. Толық ресімделген диплом жұмысына дипломшы қолын қойып, мемлекеттік емтихан расталғанға дейін үш аптадан кешіктірмей ғылыми жетекшісіне тапсырылады. Ғылыми жетекші оны тексеріп, он күннің ішінде жазбаша пікірін дайындап, диплом жұмысымен бірге кафедра меңгерушісіне тапсырады. Диплом жұмысы талапқа сай орындалса, кафедра меңгерушісі қорғауға рұқсат береді. Белгіленген мерзімде дайын болмаған диплом жұмысы қорғауға жіберілмейді.

Диплом жұмысына сыртқы пікірді басқа жоо‑ларда немесе ғылыми саласында істейтін оқытушылар және ғылыми дәресі мен атағы бар тұлғалар береді. Пікір берушілердің құрамын кафедра меңгерушісінің ұсынуымен жоо‑ның ғылыми әдістемелік кеңесі бекітеді.

IY.2. Дипломшы ғылыми жетекші мен пікір берушінің пікірлерін ескере отырып, МАК мәжілісінде сөйлейтін сөзінің қысқаша нұсқасын әзірлейді. Ол 7 бет көлемінде, 10-15 минутқа лайықталып жасалуы тиіс. Онда диплом жұмысы тақырыбының таңдалу себебі, мақсаты мен міндеттері, тұжырым түріндегі қорытындысы қысқаша баяндалған дұрыс.

Оны оқып беруге де, ауызша айтып баяндауға да болады. Алдын ала әзірленген кестелер, схемалар, суреттемелі материалдар дипломшының зерттеу нәтижесін жүйелі, нақты және дәлелді түрде жеткізуге көп көмегін тигізеді.

IY.3. Диплом жұмысын қорғау қолданыстағы Ережеге сәйкес және МАК‑тың ашық мәжілісінде жұргізіледі. Қорғаудың реті:



  • Ғылыми жетекшінің пікірі және диплом жұмысын қорғауға жіберу туралы ұсынысы оқылады;

  • Зерттеудің негізгі мазмұнын баяндау үшін сөз дипломшыға беріледі;

  • МАК мүшелері және қорғауға қатысушылар жұмыстың мазмұны бойынша сұрақтар қояды;

  • Дипломшы берілген сұрақтарға бірдей немесе дайындалып жауап бере алады. Мүмкіндігінше, берілген сұрақтарды жазып алғаны дұрыс;

  • Дипломшыдан кейін сөз пікір берушіге (рецензентке) беріледі. Оның МАК мәжілісіне қатысуы міндетті емес. Сондықтан ол болмаған жағдайда пікірлемені МАК төрағысы немесе мүшелерінің бірі оқиды;

  • Бұдан соң дипломшы сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасады.

Дипломшы диплом жұмысында өз көзқарасын, ой пікірін қорғайды. Сондықтан ескертпелердің барлығымен келісе беру щарт емес, қайта өзінің зерттеу нәтижелерін дәлелді түрде қорғап қалғаны жөн.

Қорғаудың нәтижелері МАК‑тың жабық мәжілісінде талқыланады. Мұндайда ескерілуге тиіс:



  • жұмыстың жалпы орындалу деңгейі;

  • нәтижелік деңгейі;

  • дипломшының теориялық даярлығы;

  • дипломшының практикалық даярлығы;

  • жұмысты қорғау және баяндау шеберлігі;

  • жұмыстың ресімделу деңгейі.

Қосымша 1



Диплом жұмысын қорғауға қажетті құжаттар


  1. Студенттің диплом жұмысын орындауға рұқсат беру туралы кафедра меңгерушісінің атына жазылған өтініші.

  2. Кафедра меңгерушісінің диплом жұмысының тақырыбын бекіту туралы. Ғылыми‑әдістемелік Кеңес төрағасының атына жазған ұсынымы.

  3. Ғылыми‑әдістемелік Кеңес мәжілісінің рұқсат ету жөніндегі шешімінің көшірмесі.

  4. Ғылыми жетекшінің диплом жұмысын орындауға берген әдістемелік нұсқаулығы мен тапсырмалары.

  5. Диплом жұмысын орындаудың жеке жұмыс жоспарлары (дипломшы мен ғылыми жетекшінің қолы қойылған)

  6. Пікірлемешілерді бекіту туралы кафедра ұсынымы және ҒӘК шешімі.

  7. Диплом жұмыс туралы пікірлеме.

  8. Ғылыми жетекшінің пікірі.


І. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1.1 ҚР 2007ж.27.07. №389-1 «Білім туралы» Заңы;

1.2 ҚР 2004ж.9 қарашадағы №603-ІІ «Техникалық көрсету» Заңына;

1.3 ҚР Үкіметінің 2005ж. 2 наурыздағы №195 қаулысымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің, білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдардың типтік ережелері;

1.4 ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы, 13.05.2016ж. өзгерістер мен толықтырулары бар, №292);

1.5 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006ж. 7қыркүйектегі №481 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және мемлекеттік қорытынды аттетациядан өткізу ережелері;

1.6 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007ж. 22 қарашасындағы №566 бұйрығымен бекітілген кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі.



2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1 Диплом жұмысының мақсаты ғылыми-практикалық зерттеу жұмысын орындату арқылы бакалавр академиялық дәрежесін беру болып табылады.

2.2 Диплом жұмысын жазу барысында бітіруші студент төмендегі мәселелерді негізге алу керек:

• басты тілек – шығарманың идеясы мен эстетикалық күшін, мазмұны мен сиқырлы сұлулығын органикалық бірлікте, ажырамас тұтастықта талдау. Тақырыпқа байланысты көрсетілген зерттеулер, оқулықтар, сын-мақалалар тек бағыт мегзер, ой қозғар көмекші құрал ретінде қолданылады. Негізінен тақырыпты әр студент өз бетімен зерттеп, өзі байқағанын, өзі түйген ойларын ортаға салу керек.

• жұмыстың логикалық байланысы, ішкі жинақтылығы, тұтастығы сақталуы шарт.

• диплом жұмысының мәнерлі, көрікті тілмен жазылуы – басты міндет. Студенттің мақсаты – көркем талдауға, зерттеуге ұмтылу.


3. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

3.1 Диплом жұмысының тақырыбы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу міндеттеріне сәйкес болуы. Тақырыптың нақтылығы – ол оның ғылымилығы, өзектілігі және студенттерді өзіндік шығармашылық жұмыс істеуге бағыттағаны. Әр тақырыптың ғылыми жаңалығы және практикалық мәні болу қажет.

3.2 Диплом жұмысы ірі проблеманы зерттеуге арналады да, өз бетімен ғылыми еңбекпен шұғылдануда, алғашқы тәжірибе, дағды алуға, көркем құбылысты талдаудағы әдіс-тәсілдерді үйренуде, сөз өнерін тереңірек тануда, өз бетімен білімін толықтыра түсуде студент үшін айрықша маңызды, жауапты іс болып табылады.

3.3 Диплом жұмысының тақырыбы шығарушы кафедрада әзірленеді және жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінде қаралып, бекітіледі. Студент диплом жұмысының тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды.

Студенке бекітілген тақырыптардан да тыс тақарапта диплом жұмысын орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берегн мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын өндірістік қажеттілікке байланысты таңдап алуына рұқсат беріледі.

Диплом алды практика аяқталысымен диплом жұмысының тақырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
4. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЗЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4.1 Диплом жұмысын жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады;

4.2 Диплом жұмысының жетекшісі:

• диплом жұмысын жазуға тапсырма беріп, студентепен бірге жұмыс істейтін тізбе құрастырады;

• қажетті әдебиеттерді, әдістемелік нұсқауларды, басқа да пайдаланатын құжаттарды ұсынады;

• студенттерге кеңес беретін уақытын белгілейді;

• диплом жұмысын жазуды ұйымдастырады;

• кафедраға диплом жұмысының орындалуы және қорғауға жіберілуі туралы мәлімдейді;

• бірінші және екінші жинақ ведомосіне енгізу үшін диплом жұмысының орындалу барысына қойылған эксперт комиссияның балын ұсынып отырады;

• МАК-қа диплом жұмысына жазбаша түрде пікір береді;

• алдын-ала қорғауға қатынасады;

• бітіруші студент кафедра ұсынған тақырыптардан диплом жұмысының тақырыбын таңдайды.

• ғылыми жетекші мен диплом жұмысының тақырыбын бекіту туралы өтініш жазады,

• ғылыми жетекшімен біріге отырып, күнтізбелік тапсырма құрастырады және оны басшылыққа алады;

• диплом жұмысын айтылған мерзімге алдын-ала қорғауға дайындап, безендіреді;

• дайын диплом жұмысын қорғауға ұсынады;

• қорғау үшін 15 минуттық реферат әзірлейді.
5. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ:

• тақырып таңдау;

• алғашқы жоспарды жасау. Диплом жұмысында айтылатын негізгі мәселелер жоспарда санамаланып толық көрсетілгені дұрыс. Жоспар тиянақты болса, еңбек өнімді, ой жүйелі болады. Жоспар ғылыми жетекшіге бекітуге беріледі;

• библиография жасау:

• әдебиеттермен жұмыс;

• таңдаған тақырыпты терең талдауға қажет көркем шығармалар мен әдеби-сын еңбектерді іздеу, дайындау, солардың тізбегін жасау;

• жинап алған шығармалар мен еңбектерді оқу, зерттеу, жүйелеу, жасау;

• тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс: бар әдебиеттерді алу; олардың мазмұнымен таныса отырып, керектілерін белгілеп, жазып алу;

• көркем шығарма мәтіндерінен тақырыпқа сай мысалдарды жинау;

• ғылыми жетекшінің көмегімен жұмыс мазмұнының жоспарын жасау;

• дипломда әр тарау, әр бөлімде тақырыпқа сай қандай мәселелер қамтылуға тиіс, соны нақты білуі шарт;

• баяндауда жоспардан ауытқымауға, қайталаушылыққа бармауға, орамды, қысқа да нұсқа жазуға бой ұру;

• жұмыстың грамматикалық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында орфографиялық, түсіндірме, синонимдік сөздіктерді пайдалануы;

• диплом жұмысына берілген сыртқы пікірді ұсынады.


6. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
6.1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми жұмыс.

6.2 Диплом жұмысының көлемі, ереже бойынша 60-90 бет болуы қажет. Қосымшалар диплом жұмысының көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

6.3 Диплом жұмысының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

• мұқаба;

• титул беті;

• диплом жұмысының орындалуына тапсырма;

• мазмұн;

• кіріспе

• негізгі бөлім,

• қорытынды;

• пайдаланылған әдебиеттер тізімі,

• қосымшалар.

6.4 Титул бетінің үлгісі (1-қосымша )

6.5 Диплом жұмысының мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

6.6 Кіріспе бөлімде диплом жұмысының өзектілігі, диплом жұмысының мақсат- міндеттері, тақырыптың нысаны, диплом жұмысының дерек көздері, диплом жұмысының зерттеу әдістері, диплом жұмысының маңызы мен мәні, диплом жұмысының құрылымы қамтылады.



6.7 Мазмұнның үлгісі (2-қосымша )

7. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ
7.1 Компьютерлік терілім.

7.2 Сол жақ – 3 см, оң жақ – 1см, үсті –2 см, асты –2 см.

7.3 Шрифт Times New Roman немесе KZ Times New Roman, кегль 14; интервал –1 (бір).

7.4 Айқындалып, назар аударылатын терминдерге түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

7.5 Бет нөмірі араб цифрымен нүктесіз, беттің төменгі жағының ортасына қойылады.

7.6 Титулдық парақ жалпы бет санына саналады, бірақ ол жұмыста нөмірленбейді.

7.7 Жеке парақтарда орындалған иллюстрациялар мен кестелер диплом жұмысының жалпы нөмірлеу беттеріне кіреді.

7.8 Диплом жұмысының әр бөлімі жаңа парақтан басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп, бөлінеді.

7.9 Диплом жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

7.10 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, «қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс. Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға. Мәтінге симметриялы түрде бас әріппен жазылады.

7.11 Сілтеме араб санымен, қиғаш жақшада жазылады /1,14 / (1 рет саны, 14 бет көрсеткіші, сілтемелерді көрсетуде таңдап алынған әдіс жұмыстың басынан аяғына дейін сақталуы тиіс); жұмыс соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі алфавит ретімен емес, алынған сілтеме бойынша көрсетіледі

7.12 Диплом жұмысын барлық құрамымен арнайы папкаға түптету қажет.



8. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАУ





  1. 8 (10) сесестрдің 1-6 апталарында жұмыстың бір бөлігін орындайды, соның негізінде бірінші жинақ ведомосы толтырылады. Келесі 7-12 апталарда екінші жинақ ведомосі толтырылады. Бұл алдын-ала қорғау болып саналады.

8.2 Жинақ ведомосындағы балдар «50» де «50» болу керек. 50 балл қорғауға дейін, 50 балға дейін қорғауда қойылуы керек.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫН БАҒАЛАУ НОРМАСЫ


(кредиттік технология бойынша білім алушылар үшін)
Жинақ ведомосы №1


Р/с

Компонент атауы

Мерзімі

Балл саны


Балл қою шарттары

1.

Ғылыми еңбектерді сараптау библиографиялық тізім жасау, рефераттық (бірінші) бөлімін жазу

1-4 апта

0-10 балл

10 балл – қажетті әрі сьоңғы жылдары шыққан ғылыми еңбектер сұрыпталған, библиография зерттеу тақырыбы мен ғылыми мәселеге байланысты құрылған, бірінші тарауы дайын, ғылыми түйіндемелер жасалынған.

5 балл – ғылыми еңбектер толық жинақталмаған, соңғы ғылыми еңбектер толық емес, І бөлім (рефераттық) толық жазылмаған.

0 балл – осы бөлім бойынша мүлдем орындалмаған


2.

Тақырып бойынша талдау жұмысын жүргізу

5-6 апта

0-10 балл

10 балл- талдау, сараптау жұмысының 80% орындалған

5 балл – талдау, сараптау жұмысының 50 % дайындалған, қосымша жұмыс істеу керек

0 балл – осы бөлім бойынша мүлдем орындалмаған





Барлығы:




20




Жинақ ведомосы № 2

Р/с

Компонент атауы

Мерзімі

Балл саны


Балл қою шарттары

1.

Диплом жұмысының 2-ші, негізгі зерттеу бөлімінің орындалуы

7-10 апта

0-15 балл

15 балл - жұмыс 100 % дайын; Талдау жасалған, қорытындысы бар.

10 балл – Жұмыс орындауда шалағайлық бар, әлі де пысықтай түсу керек.

5 балл - 50% жұмыс дайын, қорытындысы жоқ, тақырып толық ашылмаған, талданбаған.

0 балл – кафедраға диплом жұмысы өткізілмеген жағдайда қойылады.



2.

Кіріспенің жазылуы. Резюме, қорытындының болуы. Алдын ала қорғау.

11-12 апта

0-15

15 балл – кіріспе жазылған. Қорытынды жазылған. Жұмыс бойынша резюме (түйіндеме) жасалған. Алдын ала қорғаудан өткен.

10 балл – кіріспе талапқа сай емес, қорытынды толық емес, бірақ диплом жұмысы алдын ала қорғауға дайын.

5 балл – кіріспе мен қорытынды бөлімінің кемшіліктері көп, резюмесі жоқ.

0 балл – диплом жұмысының аталған бөлімдері мүлдем жоқ






Барлығы




30 балл






9. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ҚОРҒАУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

9.1 Диплом жұмысы алдын-ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.

9.2 Диплом жұмысын алдын-ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшінің міндетті түрде қатысуымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі.

Алдын-ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

9.3 Алдын-ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген, аяқталған дипломдық жұмыс ғылыми консультант пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

9.4 Ғылыми жетекші диплом жұмысына жазбаша сын-пікір жазады.

Диплом жұмысы қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып, қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады. Жетекші пікірі деканат мөрімен бекітіледі.

Диплом жұмысы қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.

9.5 Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.

Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Қафедра отырысының хаттамасы ректорға бекітуге ұсынылады.

9.6 Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.

9.7 Шығарушы кафедра меңгерушісі ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікіржазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының және осы институттың диплом жұмысын ұсынған кафедрада жұмыс істемейтін профессор, доцент, оқытушылар қатыстырылады.

9.8 Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және қорғалатын диплом жұмысының профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі болуы тиіс. Сын-пікірде жұмыстың әр тарауына толық талдау беріліп, жетістігі мен кемшілігі көрсетілуге тиіс. Сын-пікір компьютерге терілген 1-2 бет көлемінде болу керек. Пікір жазушының қызметі көрсетіліп, қолы мекемесінің мөрімен бекітіледі.

9.9 Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірмен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.


10. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ
10.1 Қорғаудан бір күн бұрын МАК төрағасы мен мүшелеріне танысу үшін келесі құжаттар көрсетіледі:

• студенттің жалпы оқу жоспарын орындағаны жөніндегі деканның анықтамасы;

• түптелген диплом жұмысы;

• деканның мөрімен бекітілген ғылыми жетекшінің пікірі,

• ұжым мөрімен бекітілген рецезенттің пікірі;

10.2 Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша , әр студентке 50 минуттан аспауы қажет.

10.3 Диплом жұмысын қорғау барысында студент МАК және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап, қорғайды.

Қорғау рефератында қамтылатын мәселелер:

Реферат диплом жұмысының қысқаша тезисі ретінде жазылады. Диплом жұмысының негізгі тақырыбы бойынша тұжырымдар баяндалады:

• тақырып, оның өзектілігі,

• зерттеу әдіс-тәсілдері,

• жұмысты орындау барысында қол жеткізген негізгі нәтиже.

10.4 Диплом жұмысын қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда ғылыми жетекшінің пікірі және сын-пікір берушінің бағасы назарға алынады. (Жинақ ведомосі 3).

10.5 Диплом жұмысын қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен рәсімделеді және сол мезетте хабарланады.


Әзірлеген: ф.ғ.к., доцент Мамаділ Қ.А.

ҚОСЫМША 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

ф.ғ.к., доцент Қоқышева Н.М.

_____________

« ___» ______20___ ж.



ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚ ЭПОСТАРЫНДАҒЫ МЕАФОРАЛЫҚ ҚОЛАНЫСТАР: ГЕНЕЗИСІ МЕН СЕМАНТИКАСЫ
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған:

Ғылыми жетекші:
АСТАНА

ҚОСЫМША 2
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……
1 Бөлім...........
1.1 ..................
1.2 ..................
2 Бөлім .............
2.1 ...................

2.2. ..................
ҚОРЫТЫНДЫ …
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ .........
ҚОСЫМША ………

ҚОСЫМША 3



ДИПЛОМ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҮЛГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ




р/н

Диплом жұмысының тақырыбы

1.

Шығыс Қазақстандағы жер-су атауларының лингвистикалық сипаттамасы

2.

Ж.Әбдірашев поэзиясының тілі

3.

Көркем шығармадағы метафоралық қолданыстар

4.

Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің семантикалық құрамы

5.

Одағай сөздердің көркем шығармадағы стильдік қызметі

6.

Қазақ тіліндегі лексикалық және грамматикалық синонимия

7.

Қазақ тіліндегі лексикалық және грамматикалық омонимия

8.

Эпостық жырлардағы «Батыр» концептісі

9.

С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романының тілі

10.

Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктеріндегі параллельдер

11.

М.Жұмабаев пен А.Блок шығармаларындағы үндестік

12.

М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан» поэмасындағы символизм

13.

М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» шығармасындағы көркем деталь мәселесі

14.

«Адасқандар» романындағы тарихи шындық пен әдеби шешім

15.

ХХ ғасырдың басындағы драматургия мәселесі мен шығармалар

21.

С.Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасындағы символизм

22.

Д.Әбілевтің «Қуат» поэмасындағы еңбек адамы

23.

І.Жансүгіров шығармашылығындағы өнер тақырыбы

24.

С.Шәріпов шығармаларындағы ұлт-азаттық қозғалыс

25.

М.Әуезовтің «Бүркітші» әңгімесіндегі замандас бейнесі

26.

1917-1940 ж.ж. қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі

27.

А.Тоқмағамбетов жырларындағы еңбек адамының бейнесі

28.

Ғ.Мүсіреповтің ана туралы шығармалары

29.

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романындағы еңбек тақырыбы

30.

«Абай жолы» романындағы тарихи шешім мен тартыс

31.

1941-1946 ж.ж. әдебиет сынының дамуы

32.

1990-2005 ж.ж. жастар поэзиясы

33.

І.Қайыбеков поэзиясы

34.

Қ.Шаңғытбаев шығармалары

35.

Б.Соқпақбаев – балалар әдебиетінің өкілі

36.

Қазіргі қазақ повестеріндегі кейіпкерлер жүйесі

37.

Қазіргі қазақ повестеріндегі баяндау тәсілі

38.

Д.Исабеков прозасының ұлттық болмысы

39.

«Елім-айлап өткен өмір» романының баяндау тәсілі

40.

Мемуарлық жанрдың құрылымдық-көркемдік сипаты

41.

Қазақ әдебиет пәні бойынша жүргізілетін жазба жұмыстардың түрлері

42.

Лирикалық жанрды оқыту әдістері (ортаңғы сынып бойынша)

43.

Қазақ әдебиетін оқытудағы дербес-шығармашылық тапсырмалар

44.

Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты

45.

Мақал-мәтелдер құрамындағы көне сөздер семантикасы

46.

Қазақ тіліндегі этнолингвистикалық сипаттағы мақал-мәтелдер

47.

Кірме сөздер арқылы жаслағн фразеологизмдердің этнолингвистикалық бағыты

48.

Қазақ тіліндегі антропонимдер

49.

И.А.Крылов мысалдарының қазақша аудармалары

50.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің тілдік табиғаты мен контексте қолданысы

51.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің варианттылығы

52.

Шешендік сөздердің тілдік ерекшеліктері

53.

Қазақ әдебиетіндегі ана мен бала тақырыбы


54.

2005-2009 жылдар аралығындағы баспа беттеріндегі қоғамдық-саяси лексиканың қолданылу ерекшеліктері

55.

Қазақ терминологиясының қазіргі жағдайы мен қалыптасу тенденциясы

56.

Жүсіпбек Аймауытов - әдебиеттанушы

57

М.Дулатов прозасындағы адам тағдыры

58

А.Байтұрсынұлының халық әдебиеті туралы ой-тұжырымдамалары

59

М.Шоқай көсемсөзіндегі мәдениет мәселелері

60

Айқын Нұрқатов - әдебиетші

61

Ә. Бөкейхан аудармалары

62

Шәкәрім өлеңдеріндегі шығыс тақырыбы

63

Көп мағыналы сөздер және олардың түсіндірме сөздікте берілуі

64

64Қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру тиімділігі

65

Төлеген Айбергенов шығармаларының көркемдік сипаты

66

Қ.Жұмаділов – прозаик

67

Т.Айбергеновтің ақындығы

68

Ә.Кекілбаев – сыншы

69

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдеби сыны

70

1970-80 ж.ж. сын

71

З.Ахметов – әдебиеттанушы

72

Күнделік – эпистолярлық жанр

73

С.Әшімбаев – сыншы

74

Т.Молдағалиевтің ақындық мұрасы

75

Ә.Марғұлан - әдебиеттаушы фольклорист

76

Қ.Жұмалиев – әдебиеттанушы

77

Д.Ысқақұлы – сыншы

78

Т.Кәкішевтің сыншылық мұрасы

80

Махамбет шығармаларындағы жауынгерлік, азаматтық әуен

81

Қазіргі балалар әдебиеті және Б.Соқпақбаев

82

Балаларға арналған шығармалардың көркемдік сипаты

83

1920-30 ж.ж. әдебиеттік ой-пікірлердің дамуы

84

1950-70 ж.ж. қазақ әдеби сыны

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет