1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз


Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілетті органдар



бет21/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілетті органдар:
1) аудандық жəне соларға теңестірілген соттардың судьялары;
2) кəмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық (қалалық) қалалардағы аудандық комиссиялар;
3) ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекция органдары;
Іс жүргізу. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің міндеттері əрбір істің мəн-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық жəне объективті анықтау, оны əкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекске сəйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ əкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің тəртібі:
1) əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен айқындалады;
2) Қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың əкімшілік жазалар қолдану тəртібі осы Кодекстің ережелерімен жəне Қазақстан Республикасы қылмыстық іс-жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасы азаматтық іс-жүргізу кодексіне сəйкес айқындалады.
Іс қозғау. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға:
1) өкілетті лауазымды адамның əкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке жəне заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мəлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады. Сонымен қатар, əкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жергілікті деректердің болуы əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіз болады.Əкімшілік кұқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған сəттен немесе прокурор қаулы шығарған кезден бастап əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады.
Істерді қарау. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша қаралады, сонымен қатар, құқық бұзушылық (əкімшілік) туралы істер есепке алынған жер бойынша немесе өзіне қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нəтижелері бойынша шешімдердің түрлері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет