1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз


Әкімшілік процестің құрылымы мен белгілерін анықтаңыз



бет29/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

46. Әкімшілік процестің құрылымы мен белгілерін анықтаңыз
Әкімшілік процесс
Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару сферасында атқарушы органдармен, ал заңмен көзделген жағдайда өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де жеке нақты істерді шешудің құқықпен реттелген тәртібі.
Әкімшілік процестің мазмұны – бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері
Әкімшілік процестің қағидалары.Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:
1) заңдылық қағидасы ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.
Осы қағиданың мәнісі барлық жағдайда құқық нормасын қолдану заңға сәйкес болуы қажет дегенді білдіреді. Ол әкімшілік процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Заңсыз әрекеттер орын алған болса, азамат сотқа осы жайлы шағым беруге құқылы.
2)Объективтілік (әділдік) қағидасы істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.
3)Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік немесе қызметтік жағдайына байланыссыз, өзге де жетістіктеріне байланыссыз заң алдында және істі шешетін органның алдында тең. Ал орган өз кезегінде әкімшілік процестің қатысушыларының оларға берілген құқықтарының және оларға жүктелген міндеттерін дұрыс пайдалануларын қадағалаулары қажет;
4)Жариялық қағидасы ереже ойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар. Әкімшілік процесте қоғамдық өкілдер жиі қатысады
5)Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы. Процесс жүргізілетін тілді білмейтін тұлалар ана тілінде аудармашы (тілмаш) арқылы өтініш беруге, түсініктемелер беруіне болады;
6)Тиімділік жне үнемділік қағидасы. Бұл қағида көп мөлшерде материалды шығынды қажет етпейтін, сонымен қатар процестің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын, іс бойынша шешім қабылдауды ұзаққа созбайтын процесті қамтамасыз етуге бағытталған.
8)Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы. Процестің ережесін бұзғаг немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет