ҚР Қорғаныс министірлігне мынандай міндеттер жүктелген:
1.мемлекетің егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға ҚР қарулы күштерінің жауапкерлік және жұмылдыру даярлығын үнемі қолдау мен қамтамасыз ету,қарулы шабуылды болдырмау және ҚР қарсы агрессияға қарсы тойтарыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау.
2.ҚР Қарулы күштерінде мемлекеттік құпяларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
3.ҚР қарулы күштері туралы ҚР Конституцясын және өзгеде актілерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
4.ҚР Презентінің шешімімен ҚР қарулы күштеріне адам, көлік және матиралдық- техникалық ресурустарды жұмылдыру.
59. Экономика саласында басқаруды жүзеге асыратын атқарушы билік органдарының жүйесі мен өкілеттігін көрсетіңіз
Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.
60. ҚР Әдiлет органдары жүйесі мен қызметiнiң құқықтық негiздерін көрсетіңіз
Әдiлет органдары жүйесi
1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін;
аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары;
2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар.
Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |