Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Жаратылыстану және география институты
Биология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Ішкі секрециялық бездер
Орындаған: 3-курс,2/2 топ
Тәжібек Айсапар
Қабылдаған: а.о. Сапахова З.
ЖОСПАРЫ: 1.Кіріспе 1.1. Ішкі секреция бездері 2.Негізгі бөлім 2.1. Эндокриндік бездердің түрлері 2.2. Бездердің бөлетін гормондары 2.3. Бездердің қызметі бұзылуынан болатын аурулар 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер Гипофиз - Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген. Қызметі:
- 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
- 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
- 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
- 4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
- 5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
- 6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |