Айырша без (грек, thymus — тимус) омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без.
Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен тұрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сұйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады.