Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп екі мойын бөлімінен тұрады. Ол гуморальды фактор-тимозинді бөледі.
Кіріспе
Айырша без
Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады.
Төстің ішкі бетінде, жүрек ұясының (ортаңғы қабырғаның) үстіңгі жағында орналасқан. Астыңғы жағы жүрек қабы – перикардпен, артқы жағы ірі-ірі қан тамырлармен шектескен. Без екі – қабық және ми қабаттардан тұрады. Онда екі түрлі жасуша бар – лимфоид жасуша (ұсақ микроциттер) негізінен қабық қабатта, торлы жасуша астыңғы қабатта орналасқан. Олар бірігіп селдір торға айналады, торда лимфоциттер орналасады. .

Голотопиясы
Скелетопиясы:
Айырша без –әдетте бездің мойындық бөлігі болмайды, оның жоғарғы жиегі төс тұтқасының артқы жағында мойындырық тілігінен төмен қарай түрлі қашықтықта жатады. Ал төменгі жиегі 2 қабырғааралыққа немесе 3 қабырғаға сәйкес келеді.