1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз


Көліктік коммуникация кешені жүйесі мен басқаруды ұйымдастыру ережелерін көрсетіңіз



бет35/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

56. Көліктік коммуникация кешені жүйесі мен басқаруды ұйымдастыру ережелерін көрсетіңіз
Көліктік-коммуникациялық кешен - инфраструктурамен қамтамасыз етілген әкономика секторы, оның объектісі болып тасымалдаудағы, инфөрмация берудегі және «хабарламалар өндірісін» дүрыс жағдайда үстаудағы қызметтер танылады.
Кейбір келік түрлерінің жүйесі өте күрделі. Оның қүрамына өндірістік-гехникалық, шаруашылық және қызметтің басқа объектілері кіре алады. Мысалы,темір жол көліктеріне жолдар, станциялар, разъездер, локомотивті, вагондықшаруашылық енеді. Осыған байланысты басқару органының алдында бірнеше мәселелер туындайды.
- көліктік-тасымалдау процесіне қатысушылардыңжұмысын үйлестіру (координациялау);
- тасымалдауды ұйымдастыру;
- көлік түрлері қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-көліктің белгілі бір саласында (мысалы, автомобиль, темір жол, әуе жолы, су құбырлар) басқа мемлекетпен жұмыс істеу.
Көлік және коммуникацияны басқаруды ұйымдастыру Үкіметпен және транспорттық мекемелермен іске асырылады. Біріншіден, Үкімет ұжымдық (коллегиялык) орган ретінде өз бастамасы бойынша транспорттық-коммуникация кешені аясында нормативті қаулылар қабылдай алады, мысалы, темір жолдардың уақытша Жаргысы (Уставы), автомобиль жолдарын қолдану ережелері, ашу, жобалау, құрылыс (установка) тәртібінің ережесі, Қазақстан Республикасы территориясында әксплуатация және шет елден радиоәлектронды заттар мен жоғарғы дәрежелік құрылымдарды енгізу. Одан басқа, заңдылық актілерімен кейбір жеке мәселелерге байланысты шығарылған Үкімет қаулылары бар; мысалы, су жолдарын кемр жүруші жолдарға жатқызу ережелері, әуе жолдарын қолдану ережелерін атап өтуімізге болады. Екіцшіден. Үкімет мемлекеттік басқару органының үйымдастырушылық формасын тандайды:
1) орталық мемлекеттік басқару органдарының ішінде сол органның құқықтық мәртебесін;
2) транспоттық- коммуникациялық кешенде мемлекеттік органдарға арналған заң акгілеріне сәйкес құзіреті мен өкілеттілігін анықтайды.
Қазақстан Республикасының практикасында көліктік-коммуникациялық кешенінің басқаруында орталық мемлекеттік орган қу-рылымдардың екі варианты белгілі.
Еңапдымен олар өзінше орталық атқарушы байланыс, транспорт, транспорттық құрылыс, аетомобильдік транспорт органдары болған, кейін Үкімет құрамына кіретін, транспорт пен коммуникацияны басқаратын біріңғай, орталық атқарушы орган болып құрылды. Ол органның құрамында транспортқа, байланысқа, жол шаруашылығына байланысты, бақылау функцияларын атқаратын мекемелер құрылды. Көліктік-коммуникациялық кешеннің дамуы кейіннен мемлекеттік басқару құрылымына өзгерістер енгізуі мүмкін. Үшіншіден, Үкімет транспорттық- коммуникациялық кешенде мемлекет саясатының әлеуметтік-әкономикалық негізгі мәселелерін іске асырады. Бүл өкілеттіліктер Үкімет қаулысымен бекітілген құзіреттер негізінде орталықатқарушы органдармен іске асырылады. Қазақстан Республикасының заң актілері барлық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің арақатынасын қамтамасызету үшін және жол шаруашылығын дамыту, бәсе;селестікті қолдауды, транспорт пен байланыс қызметіне азаматтар мен ұйымдарға бірдей құқықтық тұргыдан рұқсат беруді, мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуді, қызмет дәрежесін қамтамасыз ету үшін келесі әкімшілік-құқықтық нормаларды орнатады. Ол орталық атқарушы органдарға және Үкімет пен мекемелердің құрамына кірмейтін үйымдарға байланысты:
- нормативтік актілерді шығару (құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету);
- лицензиялау;
- мемлкеттік кәсіпорындарды, мекемелерді, мемлекеттік жеке меншікобъектілерін, шаруашылықсеріктестіктегі мемлекеттік үлесін басқару;
- мемлекеттің меншігіндегі объектілерді жекешелендіруге қатысу (приватизация);
- мемлекеттік сатып алулар, контракт;
- антимонополиялық реттеу және баға құрылымы;
- республикалық жол қорын (фондын) басқару;
- бақылау және қарау;
- халықаралық ынтымақтастық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет