1) Экожүйедегі динамикалық процестер
Экологиялық жүйелер
Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе эко жүйе - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңестігін бірлесе пайдалануын тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А.Тенсили эко жүйенің құрамына организмдерде обиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша аәтқанда экожүйе – заттектердің айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде заттектер айналымының жүруіне органикалық маникулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары, продуценттер, консументтер, ретутенттер болуы керек.
Экожүйе концепциясы.
Жердегі алғаш организмдер гетеретрофты долған. Автротрофтар органикалық заттарды синтездесе, гетеретрофтар олармен қоректенелі. Соның нәтижесінде органикалық заттар ыдырайды.
Продукценттерге өздерінің денелерін беиорганикалық қосылыстар есебінен құратын автоторлық организм жатады. Олар өздеріне қажетті органикалық заттектерді Күн энергиясын пайдаланып, беиорганикалық заттектерден өздігінен өндірі алатын тірі оргнизм .Автотрофты организмдерге жасыл өсімдіктер, балдырлар мен фототрофты бактериялар жатады.
Консументтерт - бұлар гетеретрофты организмдер, продуценттер немесе басқа консументтер өндірген заттектерді азық ретінде пайдаланады немесе жаңа түрге трансформалайтын организмдер. Бұларға жануарлар, саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің көбі, паразиттік және коректі өсімдіктер жатады. Консументтер 1 және 2 реттік болып бөлінеді:
бірінші реттік консументтерге (фитофактар-) тек қана өсімдіктекті қорекпен тіршілік жасайтын жануарлар, көптеген жәндіктер.
Екінші реттік консументтерге (зоофагтар) – жануарлармен коректінетін организмдер, жыртқыштар
Консументтің тағы бір маңызды тобына детритофагтар немесе сапрофактар -өлі органикалық заттектерден өсімдіктер жануарлардың тіршілігінен пайда болған қалдықтармен қоректенетін жануар (құрттар, бунақ аяқтылар) жатады.Олар экожүйені тазалау функциясын атқарады және топырақтың, жертезектің қоймаларының түбіндегі шөгінділерді түзуге қатысады.
Жалпы консументтер экожүйенінің қоректі тізбектерінде тұтынушылар тобын құрайды.
Редуценттер өлі органикалық заттармен қоректенеді, оларды ыдыратып қайтадан биорганикалық қосылыстарға айналдырады. Редуценттер арқылы экожүйе ортасына азот, минаралды элементтер және көмірқышқыл газы қайтарылып отырады.
Редуценттерге негізінде өліктер мен экскременттерде мекендеп оларды ыдырататын микроорганизмдер (бактериялар, ашытқы микроорганизмдер, саңырауқұлақтар –сапрофиттер) жатады. Саңырауқұлақтар негізінде өсімдіктердің клеткалардың, ал бактериялар жануалар өлімдіктерінің ыдыратуға қатысады.
Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекетіне байланысты .
Биомасса мен экожүйенің ауысып,өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелер қанықпаған депаталады.
Экожүйе бір-бірінен қарым-қатынастағы екі негізгі құрауыштан экотоптан (жансыз бөлігі) және биоценоздан(жанды бөлігі) тұрады.
Экотопқа биотикалық құрылымдар: литосфера,гидросфера ,атмосфера кіреді.Биоциноз – биотопта мекендейтін продуценттердің ,консументтердің және редуцентттің қауымдастығы, яғни осы тірі экологиялық құрауыштардың нақты тепе-теңдігімен сипатталатын жиынтық.
Биоциноз өсімдік, жануарлар мен микроорганиздер өкілдерінен тұрады.Олар мекендейтін ортамен тығыз байланысты болады,сондықтан биоцинозді эко топтан бөліп қарастыру қиын, сондықтан эко топпен биоционезді біріктіріп биогеоценоз деп атаймыз. Биоценоз терминнің ғылымға неміс биолігі К. Мебнус 1877 жыл енгізген болса, В.С.Сукачев биоценоз туралы түсінікті 1942 жылы енгізді.
Экотоппен биоценоз арасындағы тығыз байланыстар:
А) Экотоп шаптары саналы болған сайын биоценоздағы түрлерде соншалықты көп болады;
ә) экотоп жағдайының қалыптан ауытқуы жоғары болған сайын биоценоз соғұрлым түрге жұтан және ерекше болады, ал керісінше оның кейбір түрлерінің құрамындағы дарақтардың саны жоғары болады.
Б) экотоптағы ортаның жағдайы неғұрлым бір қалыпты өзгеретін бюолса және ол ұзағырақ өзгеріссіз тұрса, биоценоз соғұрлым түрге бай болады және қалыпты әрі тұрақты сақталады.
В) Бір- біріне жақын екі топтың , өзі бір- екі топта экологиялық қуыста жата алмайтын болғандықтан, түрге бай тектер, әдетте биоценозда өзінің жалғыз өкілі қатысады.
Биоценозды биосфеаның элеметарлық биохорлық бір өлшем дейді.
Экожүйенің дамуымен тұрақтылығы .
Табиғи экожүйелерде организм популяцияның жағдайлары тұрақты түрде өзгеріп отырады. Оған түрлі себеп бар. Қысқа мерзімде себепке ауа райының жағдайлары маусымды температураның жыл бойына өзгеруі, жылдан жылға абиотикалықжәне биотикалық фактордың әр түрлі кездейсоқ қосылуы жатады. Осы барлық тұрақсыздануы дағдайыдағыдай ,азды-көпті жүйелік және экожүйелің тұрақтылық шегінен, яғни жердің географиялық және ауа- райының жағдайларына сәйкес, оның әдеттегі көлеміне, түр құрамына, биомассанынан, өсімділігінен ауытқымайды.Экожүйенің осындай жағдайын климакс деп атайды. Климакс (ғылымға бұл терминді Ф.Клемантс 1916 жылы енгізді) экожүйеннің тұрақты, соңғы сатысы.
Экожүйенің экологиялық көрсеткіштері тұрақты болады, себебі оның өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігі бар.Осы қабілеттілікті экожүйе гомеостазы деп атайды .Гомеостаз кері байланыс принципіне негізделген.Мысалы: популяцияның тығыздығының оптимуннан ауытқу нәтижесінде не туылым не өлім-жетім артады.
Экожүйенің сыртқы әсерден туған өзгерістерге төтеп беріп қайтадан бұрынғы қалпына келе алатынын сипаттайтын қабілеттілік оның орнықтылығы деп аталады.Экожүйенің орнықтылық принципі термодинамиканың екінші заңымен сабақтас.Осы концепцияға сәйкес энергия бойымен ағып жатқан кез-келген табиғи жүйе орнықтылық күйіне қарай бейімделеді.Экожүйенің орнықтылығы оның көлемі неғұрлым үлкен және түрлік популяциялық құрамы бай және әр алуан түрлі болса, соғұрлым жоғары.
Бір биогеоциноздың басқа биогеоцинозбен ауысып отыруы экожүйелік сукцессия деп аталады.Экожүйелік сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барыснда биотикалық қауымдастықтар бірінен соң бірі алысып жүреді.
Сукцессия өту, тұрақтану климакс сатыларынан тұрады.Экожүйелік сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, амогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрі бар.
Биомдар. Бір нақты географиялық аймақты мекендейтін тірі организмдердің (өсімдіктердің,жануарлардың) жиынтығы биота (терминді Э.Раковице 1907 жылы ұсынды.) деп аталады, ал табиғи климаттың зона шегіндегі біріккен экожүйндегі (тундра,тайга, дала, шөл дала тропиктік ылғал орман)—биом (терминді Клемантс және Шелфорд 1939 жылы ұсынды) дейді.
Биом былайша айтқанда өсімдіктердің қандайда бір негізгі типімен және ландшафтығ басқа ерекшеліктерін сипаттайтын ірі аумақтық және субконтиненттік, биожүйе. Биом құрамына кіретін биоциноздар заттектер мен энергия ағынымен өзара тығыз байланысты.
Экологиялық сукцессиялар. Климаттық күй. Экожүйенің гомеостазы.
Бір биогенеценозды баска блогенозбен ауысып отыруын -экологиялық сукцессия деп аталады. Сукцессия қауымдастықтың яғни экожүйенің биотикалық құрауыштарының ықпалына жүреді.
Сукцессия биотарлық қауымдастықпен органикалық орта арасында тепе-теңдік орнатады. Экожүйенің реттеген дамуы, оны болжауға болады.
Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді. Оның барысында биотикалық кауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны өзгертуге ұмтыла отырып, өзге популяция үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экологиялык сукцессия барысында организмдердің түрлік популяциялары жэне олардың арасындағы функциялық байланыстарын түрлері бірен-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес кезеңді түрде және қайталап алмастырып отырады.
Сукцессия өсу, түрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотровты, гетеротрофты, аупсогенді, алпогенді, фитогенді, зоогенді, антропогенді түрі бар. Оңтайлы жағдайда кез-келген сукцессия түрі бәсең дамитін климакстің кауымдастықтың пайда болуымен аяқталады.
Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялык сукцессия деп атайды. Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде мынандай 3 жағдай ескерілуі тиіс:
1. Сукцессия қауымдастықтың компонентінің ықпалында жүреді. Өз кезінде кауымдастық сукцессияның сипатымен жылдамдығын анықтап, даму шектерін тежейтін физикалык ортаның өзгерістерін туындатады.
2. Сукцессия - қауымдастықтың түрлік кұрамының және оның ішінде өтіп жатқан процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы.
3. Сукцессияның шарықтау шегі - энергия ағыны бірлігіне шыққанда максималды био масса және түр аралық әсерлесудің максималды саны тежелетін тепе-тең күндегі экожүйенің қалыптасуы болып табылады.
2) Биоценоздың трофтық құрылымы және трофтық деңгейлер
Түрлердің биоценоздағы ара қатынастары және белгілі бір экологиялық сатыда орналасуына қарап В. Н. Беклемишев терт типке бөледі: 1) трофикалық (қоректік зат арқылы) байланыс; 2) топикалық (мекендік) байланыс; 3) форитикалық (бір түрдің екінші түрдің таралуына тигізетін көмегі; 4) фабричные (өзінің мекенін құруда, басқа түрлердің өлі қалдықтарын немесе тірі особьтарын пайдалануы).
1. Трофикалық байланыс—бір түр, екінші түрмен қоректенуі. Бұл қоректенуде тірі особьтарды немесе өліп қалған қалдықтарын, немесе тіршілік қалдықтарымен де қоректенуі мүмкін. Мысалы, инеліктің басқа жәндіктермен қоректенуі, сасык қоңыз басқа түрлердің, әсіресе үлқен тұяқты сүтқоректілердің қиларымен қоректенуі, аралар гүлді өсімдіктердің шырынымен қоректенуі осы түрлердің арасындағы трофикалық байланыстың бір түрі деп айтамыз.
Кейбір жағдайда бір түрмен екінші түрдің арасында қоректік заттарын пайдалануын да жанама байланыстарда болады, оған мысал, көбелік құрты, шыршаның қабығын жеп қоректенуінен басқа жәндік қабық кұртының тіршілігіне (осы шыршаның шірінділерімен қореқтенеді) жанама көмек көрсетеді.
2.Топикалықбайланыс — физикалық немесе химиялык факторлердің әсерінен биоценоздағы бір түрдің тіршілік жағдайының өзгеруі екінші түрдің тіршілігінің өзгеруіне әсерін тигізеді. Әрине бұл байланыстар өте әрқилы, әртүрлі болады. Мысалы, бір түр, екінші түрдің тіршілік етуіне мекен ортасын құруға үлкен көмек керсетеді (мысалы, паразиттердің организмінің ішкі органдарында тіршілігі).
3. Форитикалық (гандикап —вперед, Фора) байланыс. Бірінің екінші түрдің таралуына тигізетін көмегі. Мысалы, жатырлардың көмегімен өсімдіктердің тұқымының, спораларының, заңдарының таралуын зоохория деп атайды. Немесе, май-өте кішкентай жануарлардын, таралуы —форезия деп аталады.
4.Фабрикалық байланыс (лат. Дайындау, құс). Көптеген организмдер өздерінің мекенін салу үшін басқа организмдердің қалдықтарын, өнімдерін, кейде кейбір тірі-организмдерді де пайдаланады. Мысалы, құстар, өздерінін, ұясын салу үшін, ағаштық бұтағын, сүтқоректілердін, жүнін, өсідіктердің жапырағын, басқа құстардын, қауырсындарын пайдалана отырып жасайды.
Түрлердін, арасында қоректік негізінде басқада ара-қатынастардың барын айта кеткен жөн. Оларға жататындар: жыртқыштық,—арамтамақтық (паразиттер), комменсалдылық нахлебничество, жатып ішушілік), мутуализм —взаимный— ортақ іс, біріне көмек), нейтрализм—бір-біріне зиян келтірмеу, денсализм, конкуренция.
1. Жыртқыштық пен құрбандық —екі түрдің арасындағы байланыста біреуіне жағымды болса екіншісіне жағымсыз. Жыртқыштық дегеніміз бір түрдің екінші түрді ұстап алып өлтіріп қоректенуі. Олардың өзіне тән жырқыштық қасиеті, мінез-құлықтары бар. Егер жыртқыш —бірінші консумент (жатар), ал құрбандыққа жататын —бірінші продуцент (өсімдік) иса, онда осындай ара қатынасты өсімдікпен қоректілік деп атайды.
2.Арамтамақтылық-паразиттік-түрлердің арасындағы қарым қатынастың мекен тауып беру, басқаша айтқанда екінші түрге зиян катынастың бір түрі, организм -екінші түрдің өзінің қоректі заты есебінде пайдаланып қана қоймай, өзінің ететін мекеме түрінде пайдаланады. Мысалы паразиттік байланыстың түрі өсімдіктермен зиянды жәндіктердің арасындағы байланыстарды айтуға болады. Паразиттердің сыртқы типіне қарайтын болсақ ол, өздерерінің иелеріне қарағанда майда, кішкене болады.
Паразиттік немесе арамтамақтың жыртқыштықтан айырмашылығы өзінің қоректік тамағына пайдаланатын организмдердің саны аз және арнайы анықталған түрлерден тұрады.
3.Комменсализм бұл да бір екі түрдің арасындағы биотикалық байланыстың белгісі. Бір түр екінші түрге қоректік заттармен мекен тауып беру, басқаша айтқанда екінші түрге зиян келтірмей бір түрдің өзіне қорек табу, мекен табу қасиетін алды. Бұған көп мысалдар келтіруге болады.
Мысалы, арыстан мен қорқау қасқырдың арасындағы қатынас қорқау қасқыр арыстанның тастап кеткен жемінің қалдығымен қоректенуі.
4.Мутализм (симбиоз) екі немесе бірнеше түрлердің, өте нақ біріне пайда келтіре отырып тіршілік ету ара қатынасын айтамыз. Симбиоздық қатынас өсімдіктерде, жануарларда немесе өсімдіктер мен жануарларда, жануарлар мен өсімдік арасында болады. мысалы, бұршақ тұқымдастар мен бактерия арасындағы байланыс қыналармен мүктердің, су балдырлары арасындағы байланыс.
5.Нейтрализм түрлердің арасындағы байланыстың бір белгісі. Бірге қосылып тіршілік ететін екі түр, бір біріне зиян да, пайда да әкелмейді. Олар бір біріне тәуелсіз, бірақ оларды жағдайы, тіршілігі биоценоздағы басқа түрлердің жалпы жағдайына байланысты.
6.Конкуренция популяцияның барлық мүшелері бір ортада мекендегеннен және қоректік заттары бір жерде болуына байланысты олардың арасында бәсеке болады. түрлер арасындағы бәсекелік әртүрлі болуы мүмкін, сондай бір бірімен күш арқылы бәсекелесуден, бір бімен бейбітшілік жағдайында да тіршілік ету түрлері де болады.
Көптеген түрлердің өкілделдері кейде өзін мекендеген территорияны меңгеругеде таласады. Ал территорияда сол түрге керекті мекендік орын қоректік зат тағы басқа бар. Оған мына мысалды тіршілік ететін ондатраның популяциясының биологиясын 25 жыл бойы зерттеп, бақылап, мынандай тұжырымға келді. Көлемі 100 гектар батпақты көлде төрт жүзге жақын ересек ондатралар тіршілік етті. Оның ішінде жүз сексенге жуығы аталықтары, территорияны меңгеруге бір бірімен бәсекелеседі. Ал оның ішінде осы территориядан өзіне ыңғайлы, құнарлы жер ала алмаған түрлері, көбінесе осы территорияның құнарлығы нашар, шет жерлерде, тіршілік жасап, көбінесе осы территорияның құнарлығы нашар, шет жерлерде, тіршілік жасап, көбінесе өздерінің жауларының тырнағына оңай түсіп, жиі жиі өлімге дұшар болып, саны азайып отырды.
Қандай бір системаны алсақ та олардық арақатынасына және бірі-бірінің арасында белгілі бір заңдылықтар бар. Биоценоздың құрылысы өте күрделі, сондықтанда оны зерттегенде бірнеше бағыттарға, бірнеше салаларға бөліп қараған жөн.
Биоценоздың түрлік құрылысына тоқтағанда ондағы түрлердің әртүрлілігін және санын немесе массасын зерттеп түсінген дүрьіс. Сондықтан да биоценоздағы түрлер көп те болуы мүмкін, кейде ете аз да болуы мүмкін. Мысалы, Арктикада және солтүстік тундрада, сол жердің ауа райының қаталдығына, қоректік заттардың кемшілігіне байланысты осы биотоптарда тіршілік ететін түрлердің саны да, сапасы да аз. Бұл жерге тек жоғарыда айтылған қиын әсерлерге бейімделген организмдер ғана мекен етеді. Ал, керісінше ортада абиотикалық факторлар өте ыңғайлы болғанда организмдердің саны да, сапасы жағынан да өте бай, көп болатынын көреміз. Мысалы, тропикалық, субтропикалық ормандарда, өзен жағаларында, кораллды рифтерде. Биоценоздың түрлерінің құрамы, оның тіршілігінің қаншама ұзақтығына да байланысты. Жаңадан пайда болған биоценоздағы түрлер жас болса, оның түрлерінің құрамы да аз болады. Адамның немесе жасанды биоценоздың да (дала, бау-бақша) құрамында түрлердің саны аз болады. Көптеген құрлықта және судағы биоценоздың кұрамында бірнеше организмдер (өсімдіктер, микроорганизмдер, жан-жануарлар, насекомдар) топ құрып отырса, кейбір жағдайларда әсіресе сулардын, төменгі жақтарында немесе жер үңгірлеріндегі биоценоздарда өсімдіктер кездеспейді. Сондықтан өте бай, әртүрлі организмдерден тұратын биоценоздардың құрамындағы түрлерді санау өте қиынға соғады.
Осыған байланысты биоценоздың құрамын ондағы түрлердің санын, сапасын зерттеу үшін бірнеше әдістерді қолдана отырып қорытынды жасауға болады. Осылардың бірі сұрыптау, іріктеу әдісі. Ол үшін биоценоздағы организмнің тек бірнеше топтарын ғана олардың дене мөлшеріне қарай және систематикалық орнына қарай сұрыптауға болады. Сұрыптау организмді сандық бірлікпен белгілеу басқаша айтқанда бір (орында) алауда немесе бір судың көлемінде қаншасы кездесетінін білу керек. Жануарлар санын білу үшін сол жерде өсетін өсімдіктердің сипаттамасын білгенде жен. Шөптесін жерлердің типін анықтаса, орманды жерде әртүрлі ярустан жануарлардың санын байқап білу қажет. Топырақты топтардың құрамын, санын аяықтағанда топырақтын, әрбір 5 см тереңдіктен сынауға алып тексерген жөн. Әрбір сынауға алынған үлгілердің сыртына аттарын жазып, өсу жолдарымен әдістерін жазып қойған жөн.
Тексергенде, әсіресе зерттеу далада болатын болса, әрбір сұрыптап алынған сынаулардың құрамына кіретін түрлердің санының, сапасын көрсеткен дұрыс. Осындай алынған материалдар биоценоздың құрамын білудің ең негізі болып табылады. Осындай сұраптау кезінде, кейбір түрлер тұрақты кездесіп отырса, кейбір түрлер кейде кездесіп кейде кездеспеуі мүмкін. Сондықтан жиі кездесетін түрлер осы биоценозға сипаттамалы түрі болып табылады.
Биоценоздың құрылысының тағы бір қасиеті олардағы түрлердің санын біліп қана қоймай, әр түрлердің, жеке түрлердің мөлшерінің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы.
Егер бес түрдің әрқайсысы 20 особьтан, 100 ге тең болса, биоценотикалық тұрғыдан қарағанда бұндай арақатынасты біркелкі деп санауға болмайды. Егер группада 96 особь бір түрге жатып, ал қалған 4 түр бір бір особьтан тұратын болса, бұндай топтарды біркелкі, бірыңғай топтардан тұратын биоценоз деп айтуға болады.
Мысалы, шыршалы орманды биоценозда көпшілік орында «шырша болса, шөптесін жерлерде артық доминантты түрі, үшқұлақ немесе қымыздық болады, ал құстардың топтарында — шымшық (зарянка), көмір тышқандардың топтарында —сары және қызыл сұр тышқандар доминантты түрлерге жатады. Сондықтан биоценоздың ең басты қоры немесе доминанты немесе «түрдің ядросы» деп атауға болады. Бірақ-та тағы бір айта кететін жәй, сол айтып отырған доминанты түрлердің бәрі бірдей биоценозға әсер етеді деп айтуға болмайды. Олардың ішінен кейбір доминантты түрлері өзінің тіршілік қызметі арқылы топтардың мекендік ортасынын, бір қалыпты, басқа түрлері ыңғайлы жағын жасауға қызмет ететіндігін байқауға болады. Ондай түрлерді эдификатор немесе (латынның эдификатор— құрлысшы деген сөзі).
Егер биоценоздан эдификаторлық түрді алып кетсек, биоценозда әртүрлі, әсіресе осы ортаның физикалық құбылыс қасиеттері өзгеріп биотоптағы микроклиматқа әсерін тигізуі мүмкін. Құрлықтағы биоценозда негізгі эдификаторымыз өсімдіктердің кейбір түрлері болуы мүмкін, мысалы шыршалы орманда — шырша, қарағайлы орманда —қарағай, далалы шөптесін өсімдіктерде—шымды өсімдіктер (ақ селеу, кеделер). Ал кейбір жағдайларда эдификаторлар, жан-жануарларда болуы мүмкін. Мысалы сарышұнақ тышқандардың мекендейтін территорияда, олардың ін қазу қабілеттілігіне байланысты, сол жердің көрінісін, микроклиматын және өсімдіктердіц өсуіне үлкен әсерін тигізеді.
19 ғ-дың соңы — 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңiл бөлiне бастады. Iрi зоология зерттеулердi Арал — Каспий экспедициялары жүргiздi. Жаратылыс зерттеушiлердiң Петербург қоғамы өлкенiң жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиологиялық коллекциясын зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, К.Ф. Кесслер жаңа геолологиялық уақытта Каспий мен Арал теңіздері арасында болған байланыстылық туралы пiкiрге алғашқылардың бiрi болып өз күмәнiн айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдiң зерттеулерi геогрграфиялық тұрғыда жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркiстан жануарларының таулы және жазық өңiрде таралуы”) деген күрделi еңбегiнде (1873) Орта Азияны геогрграфиялық аудандастырудың негiзiн қалады (Оңт. Қазақстанды қоса). Қазақстанда қазір жан-жануарлар мен құстардың - 178 аң мен 512 (кей деректерде 505 деп те айтылады) құстың түрі тіршілік етеді.
Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солт-ндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз. жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дейiн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады. Едәуiр бөлiгiн Жайық өз-нiң аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда еур. қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекендiлерден Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Өсiмдiк жамылғысы әркелкi шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бiрнеше түрi кездеседi. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстiрт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетiн үстiрт арқары жұтаң өсiмдiктермен қоректенiп, ащы суды қанағат етедi. Үстiртте ұзын инелi кiрпi, қарақұйрық, шөл сiлеусiнi — қарақал кездеседi.
Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтiн ерекше тұқымдас өкiлi — жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш к-нiң солт. Жағалауындағы кейбiр аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солт. Балқаш маңындағы бiрнеше жерден ғана тiршiлiк ететiн бес башайлы ергежейлi қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шiл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседi. Оңт. Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуiл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тiршiлiк етедi. Құмайтты шөлде бiрқатар кесiртке (жұмырбас, ешкiемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлерi, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңт-ндегi кейбiр жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елiк, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседi. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердiң жағалауындағы қалың қамыс арасында бiрқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетiн, Қазақстанның “Қызыл кiтабына” енгiзiлген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңт-н қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесi де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сiбiр таутекесi, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиiн, борша тышқан, алтай суыры, құр, шiл, т.б. кездеседi.
Сонымен биоценоз дегеніміз бір-бірімен тығыз байланыста болатын, және түр-аралық кеңістік және қоректік қатынаста болатын түрлерің біріккен тобы деп қарауға болады. Консорцияны дөңгелек фигура түрінде көрсететін болсақ оның ортасында автотрофты өсімдік консорциясының детерменті. Ал оның айналасына жағалай дөңгелек бойынша организмнің біріңғай детерманатпен өзара байланыста болатын консорттар орналасады. Оған жататындар өсімдікпен қоректенетін жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар-олар жиналып бірінші қатардағы концентрді құрады. Екінші концентрге жататын организмдер зоофактер. Қоректену қасиеті жоғарлаған сайын, олардың басымдылығы, дербестігі төмендейді, жыртқыш –зоофагтер, кейде фитофагтарды да жеп қоюы мүмкін.
Табиғатта толық мәнді, қалыптасқан биоценоздар мен бірге организмдердін кездейсоқ топтасын тіршілік етуінен осы жерде бірінші рет құалған немесе көп жылдар бойы бірге өмір сүріп, биоценоздың ұзак уакыт табиғи іріктеуінен өтіп, тарихи орныққан олардын әртүрлі даму сатысындағы кейнгі кездеседі. Осыған байланысты кез келген биоценоз қазіргі кезде қалыптасу кезеңінде және алдағы уакытта да талай өзгерістерден өтетін болғандықтан биоценоздардың бір сатыдан екінші сатыға ауысып болып тұрады. Биоценоздың бір тұрақты түрінін екінші бір тұракты түріне алмасуы сукцессия деп аталады. Бұл алмасу биоценоздағы тұрақты болып жататын көптеген өзгерістердік белгілі бір шекке жетіп, басқадай жаңа сапалық сатыға көтерілуінік нәтижесі. Басқаша айтқанда, бұл биоценоз бұрынғы биоценоздан өзгеше басқа бір жана биоценозға айналады. Демек, биоценозды өзгеріске айналдыратын күштердің күрделі байланысып, түйінделуі сукцессияны туғызады. Мұндай күштерге климаттың және топырақтың өзгеруі, құрғақшылық, батпақтану, шамадан тыс мал жою, жаңа өсімдіктер мен жануарлардын ығыстырылуы, адамның іс-әрекетгері, биоценоз кұрамындағы организмдердің өзара қарым-қатынастардың нәтижесі және т.б. жатады.