3. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.
Бірлесіп тіршілік етуші және ағзалардың өзара байланысы биоцеоноз деп аталады (лат. Биос-тіршілік,цено – жалпы).
Биоценоз алып жатқан абиотикалық орта аймағы биотоп яғни, биоценоз тіршілік ететін орта деген ұғымды береді (лат.биос - өмір,топос – орын).
Биоценоздағы бір түрдің өкілдері биотикалық қатынастарының көптеген формалары олардың бірлестіктегі өмірлерінің негізгі жағдайларын, қоректерін табу жолдарын және жаңа кеңістікті иемдену мүмкіншіліктерін (конкуренттілік, комменсализм, жыртқыш – жәбірленуші және т.б.) анықтайды
Биоценоз немесе экологиялық топтар дегеніміз тірі организмдердің (жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер) бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтады. Бұлардың мекендейтін жері орман, көл, теңіз, тоғай, дала, шөл дала, тау т. б. жерлер болуы мүмкін.
Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицаларын зерттегенде ең бірінші рет ғылымға енгізген еді. Осы атауды тек тірі организмдердің топталып тіршілік ететін түрлеріне, белгілі бір ортаға бейімделуіне, осы ортада көптеген жылдар бойы өмір сүретін осы ортаның абиотикалық факторларына бейімделген түрлердің топтарына қолдануды ұсынған болатын. «Биоценоз» деген атау қазіргі экологиялық әдебиеттерде бір территорияның бөлігіндегі мекендейтін организмдерді айтқанда жиі қолданылып отырады. Мысалы, шырша биоценозы, шөлді жердегі шөптесін биоценозы, бетегелі дала биоценозы немесе егістік биоденозы деп құрлықта бірыңғай орналасқан өсімдіктердің атауына да қолдануға болады. Сонымен бірге біз тек, өскен өсімдіктерді ғана атап отырған жоқпыз, соған қоса осы мекенде тіршілік ететін басқа да тірі организмдерді (жан-жануарларды, микроорганизмді) айтамыз. Осындай атау тіршіліктің мекені су ортасы да аталады, мысалы су жағасындағы құмды немесе батпақты топырақтар биоценозы, абиссать тереңдігі, пелаги биоценозы деп атауға болады.
Тірі организмдердің табиғи бірігуінің өзінің заңдылықтары бар; даму, өсу, көбею сияқты өзінше бір табиғи система деп қарауға болады. Сондықтанда осындай күрделі организмдердің бірігуінің ерекшеліктерінін, бірі немістің экологі В. Тишлердің классификациясы бойынша мынандай деп айтуға болады.
1.Биоценоз табиғат ортасында әртүрлі организмдердің жиынтығынан тұрады.
2. Биоценоздың немесе топтардың кейбір бөліктері өзгеріп отырады. Бір түр (немесе түр комплексі) екінші түрдің орнын осы системаға зиянын келтірмей басуы мүмкін.
3. Биоценоздағы организм түрлерінің, ықпал ынталары бір-біріне қарама-қарсы болуы да мүмкін, мысалы, жыртқыштық-тіршілік жолында бір-біріне жау болғанмен, олар тек осы биоценоздық көлемінде ғана тіршілік етеді.
4.Топтарда бір түрдің сандық мөлшерін екінші бір заңды түрде реттеп отырады.
5.Организм ұрпақ қуалау программасы бойынша өздерінің мөлшерлеріне шек қояды.
Топтардың шекарасы көмескі, тұрақсыз сондықтан бір топпен екінші топтың шекарасын анықтау өте қиын болады. Оған қарамастан биоценоз, табиғаттағы тіршілік, объективті шындық деп қараймыз.
Сондықтанда топтардың құрылуы заңдылығын және олардың ішіндегі бірігіп тіршілк ету прцестерін зерттейтін экология ғылымының бір бөлігін синэкология немесе биоценология деп атаймыз.
Негізгі экологиялық топтар: олар үшеу: құрлықта, тұщы уларда, теңіздерде.
Биомдар немесе кейбір авторлар формация немесе комплекс деп атайды. Биом дегеніміз өсімдіктердің құрамына тәуелсіз бір шектес организмнің тобы. Оның алатын орны өте кең, үлкен, макроклиматтар арқылы реттеліп отырады. Мысалы америкадағы көгалды шалғын аймақ (прерия), ол жерде ағаштар жоқ, тек бизондардың табына ғана тіршілік етеді: Африкадағы саванна акацтялары мен баобабтардан тұрады, ірі ірі шөп қоректі жануарлары (жираф, зебра, антилон) мен арыстандар тіршілік ететін жер.
Бір биотопты мекендеген организмдердің бір-бірімен ара қатынасы биоценоздың, пайда болуына және оның әрі қарай дамуына ең негіз болып есептеледі. Осындай аралық байланыстар түрлердің тіршілігінің биоценоздағы негіздік, қоректік затын табуын, кеңістікті мекендеу мүмкіншіліктерін анықтайды.
Биоценоздағы жеке түрлерінің ролін анықтау үшін, әртүрлі көрсеткіштерді пайдалануға болады: 1) түрдің молшылығы — осы түрдің особьтарының белгілі бір алаудағы немесе көлемдегі саны, мысалы 1 см З судағы шаян тәрізділердің саны, немесе далада, 1 км 2 ұялаған құстардың саны, т. б. Бұл көрсеткіш әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін , (маусымға, жыл мезгілдеріне байланысты). Особьтардың нақты санын биоценозда толық анықтау кей жағдайларда көп қиыншылыққа түседі, сондықтанда экологияда кейде баллдық. Үрдісті қолдануға болады. Мысалы 0—түр жоқ, 1—сирек және жайылып орналасқан; 2 — сирек емес, 3—молшылық, 4— өте көп кездеседі.
Жиілігі — дегеніміз биоценоздағы көп түрдің ішіндегі бір ғана түрдің особьтарының жалпы түр санына қатынасын % арқылы белгілейді. Кездесу жиілігі биоценоздағы түрдің қалай орналасқандығын білдіреді. Мысалы, түрдін, саны көп болуы үмкін, бірақ осы биоценоздың кеңістігінде аз кездеседі, немесе түрдің саны аз болуы мүмкін бірақ жиі кездеседі. Тұрақтылықтың белгісіне қарай түрлерді мынадай категорияға бөлуге болады: 1) тұрақты түрлер, сұрыптау ішінде 50% -ке дейін кездеседі; 2) қосымша түрлер, сұрыптау ішінде 25-50% -ке дейін кездеседі; 3) кездейсоқ түрлер, сұрыптау ішінде 25%-тен кем кездесетін түрлер.
Басымдылығы—топтағы бір түрдін басқа түрлерге әсерін тигізіп, басымдылық көрсетуін —доминанттығы деп атаймыз. Түрдің басымдылығы оның санына байланысты емес. Саны аз болса да осы топқа өзінің әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, азғантай ғана күйіс қайтарғыш жануарлар, жайылымдағы шөптердің шығымын тез арада азайтып жіберуі мүмкін, ал осы жердегі өсімдікпен қоректенетін жәндіктер қанша көп болғанмен өсімдіктердің өнімі көп азая қоймайды. Сондықтан басымдылық тек қана кейбір систематикалық группада орналасқан организмдерге ғана тән.
Сенімділігі— бұл көрсеткішті сандық мөлшермен есептеуге болмайды. Ол тек түрлердің осы биоценозға жақындығын байланысын көрсетеді. Осыған байланысты түрлерді мынадай категорияға бөлуге боладь:
1) тек бір биоценозға ғана байланысы бар осы биоценозда көп кездесетін түрлер - эуценндік түрлер.
2) бірнеше биоценозда кездескенмен соның ішінде тек бір биоценозда жиі кездесетін, сол жермен тығыз байланыста болатын түрлер—тихоценнды.
3) осы биоценозға кездейсоқ келіп қалған түрлер —ксеноценнды түр.
4) Бірнеше биоценозда бір қалыпта, бірдей тіршілік ететін түрлерді инднффентті түрлер деп атаймыз.
Мерзімді өзгеруі — биоценоз маусым ішінде бірнеше өзгеріске ұшырауы мүмкін, кейде бір тәулік ішінде де өзгеріск ұшырайды. (Мысалы, жан-жануарлардың орын ауыстыруына байланысты). Мысалы, су биоценозда вертикальды бағытта (тік) да өзгеріп отырады. Бұндай құбылыстар суда тіршілік ететін шамидарда, балықтарда жиі байқалады. Биоценоздың мерзімдік өзгеруі кей жағдайда түрлердің физиологиялық жағдайына және олардың құрылысына да әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, өсімдіктерде болатын гүлдену, немесе күзде жапырақтарының түсуі, жануарлар арасындағы кездесетін жағдайлар—диапауза, миграция т. б.
Сукцесии — әрбір тірі организм өзінің тіршілік әрекетінің арқасында, өз қоршаған ортаның жағдайын, құнарлығын т. б өзгертіп, сол ортаға әсерін тигізеді. Сондай бір жерде көп жылдар бойы популяцияның тіршілігі биотопты өзгеріске ұшыратады, бірақ өзгеріс басқа түрлерге, олардың тіршілігіне қолайлы жағдай туғызуы мүмкін, сондықтанда осы жерде популяцияның осы жағдайға бейімделген түрлері пайда болуы мүмкін. Осындай бірнеше рет қайталанып бірбиоценоздың орнына жаңадан екінші биоценоздың пайда болуын сукцессия деп атймыз.
Топтардағы популяцияның байланыстар күрделенген сайын, жаңа ортаға бейімделуін нашар түрлерді, басқа бір бейімделгіш түрлер орнын басып отырып, жаңа бір түрлер пайда болады. Сукцессияның екі түрі бар: біреуінде автотрофты және гетеротрофты организмдердің қатысуымен пайда болса, екіншісі тек гетеротрофты организмдердің ғана қатысуымен болады.
Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожуйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).
Өсімдіктер жер бетінде өмір сүрудің, даму мен көркеюдің бірегей көзі болып есептеледі, үйткені олардың фотосинтезді жұзеге асыратан қасиеті бар. Фотосинтез жер бетінің барлық жерінде жүріп жататындықтан олардың жиынтық эффекті орасан зор.
а) өсімдіктер биосферадағы органикалық өнім нәтижесі (өндрушілер) бола тұрып , барлық басқа организмдердің өмір сүруін қамтамасыз етеді, трофикалық пирамиданың негізі болып есептеледі
Олар құнды тамақ өнімдерінің көзі, өндіріс пен құрылыстың шикізатыболып есептеледі.
б) атмосферада ауа газ құрамының қалыптасуы да өсімдіктерге тікелей байланысты болады.
2. Өсімдіктер топырақтың құнарлылығың қамтамасыз етеуші маңызды болігі болып есептелетін шіріндінің қалыптасуына қатысады Өсімдіктер топрақтың құнарлылығына әсер ететінминеральдық түздардың топырақта тұрақты сақталуында қамтамасыз етіп тұрады
3. Өсімдіктер өзімен жақын өзара қатнастаболатын климатқа, суға, жануарлар дүниесіне де үлкен ісер етіп тұрады
4. Биоқұндылық (биоценоз), экосистема, олардың морфологиялық және функциялық құрылымы, олардың компоненттерінің биоқұндылық іс әрекет көпшілігінде өсімдіктер сипатына тәуелді
5. Адам өмірінде де өсімдіктер оте маңызды:
а) ең алдымен өсімдіктер адамның өмір сүру ортасы.
б) жабайы өсетін флора ауылшаруашылығындағы мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарудағы селекциялық жұмыстарда пайдаланатын бағасы зор генетикалық фонд. Бүгінгі кезде әлемдегі тамақтық заттардың ұқ пайызын құрайтын өсімдікретдің көбі жабайы өсімдікретді мәдени өсімдіктерге айналдыру рақылы алынған
в) жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктер адамға қажетті витаминдердің көзі болып есептеледі
Бүгінгі дүниежүзілік нарықта дәрілік өсімдіктердің мыннан аса түрі айналымда жүр. Олардың ішінде женьшень тамыры, элеутерокок, май меруертгүлі, көктемгі горицвет, тағы басқаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |