1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк


Неврология, Психиатрия, Наркология



бет13/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#34586
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Неврология, Психиатрия, Наркология

321.10 жастағы қыз бала мимикалық бұлшықеттерінің күшпен қозғалуына: қабағын түйеді және көтереді, иықтарын қысып тұрады, тілін аузынан шығарып ұстап тұра алмайды, қол саусақтарының шектен тыс жазылуы байқалады. Барлық қозғалыстары тез және жайылған, стреотипті емес, толқығанда күшейеді. Аяқ-қолдарының бұлшықеттерінің тонусы төмендеген. Баспадан кейін бір аптадан кейін ауырған.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Менингит
2. Кіші хорея
3. Үштік нерв невриті
4. Бет нерві невралгиясы
5. Бас ми ісігі

322. 48 жасар ер адамда, ауыр зат көтергеннен кейін, бел-сегізкөз аймағында, оң жақ аяққа берілетін қатты ауру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде: омыртқаның бел аймағында сколиоз, паравертебральды нүктелер мен L4-SI деңгейіндегі сүйір өсінділердегі ауру сезімі. Лассега симптомы оң. МРТ-да L4-SI омыртқаларының денелерінде деформация анықталады, дисктердің протрузиясы L4-L5, L5-SI.


Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы миофасциальді синдромда ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Диклофенак
2. Трамадол
3. Никотин қышқылы
4. Тизанидин
5. Цианокобаламин

323. 42 жасар ер адам, бас жарақатынан кейін, 3 айдан соң бас ауыруы, бас айналу, көз алмасы аймағындағы ауру сезімін және кернеуін сезінеді. Артериалдық қан қысымы 150/80 мм.с.б.б. Жүректің соғу жиілігі 65 соққы минутына. Эхоэнцефалографияда – ликворлық гипертензияның орташа ағымының белгілері бар.


Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Физиотенз
2. Диакарб
3. Винпоцетин
4. Актовегин
5. Пирацетам

324. Полинейропатияның жіктелуі келесі принципке негізделген:


1. Аурудың этиологиясы
2. Ауру ағымының ерекшелігі
3. Клиникалық көрінісінің ерекшелігі
4. Жағдайының ауырлығы
5. Асқынулар

325. 37 жастағы ер адамда, жедел респираторлы вирусты инфекциядан кейін, тамақ ішкенде, сөйлегенде бет аймағында ұстамалы, пароксизмальды күйдірген ауру пайда болды, бетке сәл тигенде өршиді. Қарап тексергенде: қас үсті аймағын, мұрын қанаттарының негізін, иектің ортаңғы үштен бір бөлігін пальпациялағанда жергілікті ауру сезімі бар.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Бет нервісінің невралгиясы
2. Үштік нерві невралгиясы
3. Көз қозғалту нерві невралгиясы
4. Тіл асты нерві невралгиясы
5. Әкетпе нерві невралгиясы

326. 35 жасар әйел, бастың оң жағындағы бір жақты соқпалы, үдемелі ауру сезіміне, көзінің қызаруына,басы ауырғанда көзінен жас ағуына, беттің оң жағының бозаруына, сілекей ағуына шағымданады. Ұстамалар жиілігі айына 2 рет қайталанады. Ұстамалар арасындағы кезеңде дені сау. Артериальды қан қысымы 125/80 мм.с.б.б. Жүректің соғу жиілігі 74 соққы минутына.


Осы ауру үшін аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Жансыздандырушы
2. Эрготаминді
3. Антигистаминді
4. Антисеротонинді
5. Тырысуға қарсы
327. 48 жасар әйел, көк тайғақ кезінде басымен құлаған, 10 күннен кейін бас ауруына, бас айналуына, құлақтарындағы шуға,мұрнынан серозды шырыштың бөлінуіне шағымдана бастады. Артериалдық қан қысымы екі қолында да – 125/80 мм.с.б.б. Эхоэнцефалографияда – ликворлы гипотензия белгілері бар.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Бас ми ісінуі
2. Вестибулопатия
3.Бас ми соғылуы
4. Ликворея
5. Бас сүйек ішілік гематома

328. 37 жасар ер адамда, көлік апатында қатты бас соғылуынан кейін, ем бастағаннан 15 күннен соң кенеттен оң жақты гемипарез, сол жақтың кеңеюі пайда болды. Артериалдық қан қысымы 125/80 мм.с.б.б. Магнитті резонансты томографияда – сол жақ жартышар тығыздығының гомогенді жоғарылауы байқалады.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Бас ми соғылуы
2. Геморрагиялық инсульт
3. Субарахноидальды қан құйылуы
4. Бас сүйек ішілік гематома
5. Ишемиялық инсульт

329. 27 жасар ер адам, көлік апатына ұшырады. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, есі бар, бастың шүйде аймағында жабық жара көрінеді. Артериальды қан қысымы 50/30 мм. с.б.б. Жүректің соғу жиілігі – 120 соққы минутына. Көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын ЕҢ бірінші тағайындаймыз?


1. Адреналин
2. Норадреналин
3. Мезатон
4. Дофамин
5. Кофеин

330. Компьютерлік томографияда ишемиялық инсульт ошағындағы гиподенситивті зона ауру басталғаннан қанша сағаттан кейін анықталады?


1. 2 сағатта
2. 3 сағатта
3. 4 сағатта
4. 5 сағатта
5. 6 сағатта

331. 40 жасар әйелде, артериалдық қан қысымы 210/130 мм.с.б.б. дейін жоғарылау фонында бас айналу мен жүрген кездегі түрақсыздық пайда болды. Қарап тексергенде: жан-жаққа қарағанда нистагм. Ромберг позасында тұрақсыз. 2 жақты саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамаларын жасағанда атаксия. 6 сағаттан кейін барлық патологиялық өзгерістер жоғалып кетті.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Бас ми қан айналымының транзиторлы бұзылысы
2. Бас ми қан айналымының ишемиялық бұзылысы
3. Бас ми қан айналымының геморрагиялық бұзылысы
4.Вазоспастикалық гипертониялық криз
5. Созылмалы вертебро-базилярлы жетіспеушілік

332. 58 жасар әйелде, кенеттен сол жақ аяқ-қолында әлсіздік, сөйлеу мен көру қабілетінің бұзылуы. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, сопор. Артериалдық қан қысымы 220/110 мм.с.б.б. Люмбальды пункцияда қызыл лай ликвор алынды, 3 пробиркада да біркелкі боялған. Бастың компьютерлік томографиясында - сол жақ жарты шардың маңдай аймағында жоғарғы тығыздықты аймақ анықталады.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Аневризманың айырылуы
2 Геморрагиялық инсульт
3. Ишемиялық инсульт
4. Транзиторлы ишемиялық шабуыл
5. Субарахноидальды қан құйылу

333. 68 жасар ер адам, сол аяқ-қолындағы жансыздану мен ыңғайсыздыққа, бас айналуға, сөйлеудің күрделілігіна шағымданады. Симптомдар біртіндеп күшейген. Қарап тексергенде: есі бар, артериалдық қан қысымы 100/60 мм.с.б.б. Жүректің соғу жиілігі – 86 соққы минутына. Жалпы милық және менингеальды симптомдар жоқ. Сезімталдықтың бұзылысы сол жақтық гемитип бойынша көрінеді.


Көрсетілгендер ішінде бірінші орында қайсы препарат ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Гепарин
2. Эуфиллин
3. Мезатон
4. Актовегин
5. Пентоксифиллин

334. Нашақорлық патогенезінің негізі звеносы болып табылады:


1. Бүйрек үсті безінің минералды кортикоидты қызметінің бұзылысы
2. Нерв ұштарындағы ацетилхолин синтезінің бұзылысы
3. В тобы дәрумендерінің алмасуының бұзылыстары
4. Генетикалық бейімділік
5. Серотонин алмасуының бұзылысы

335. 46 жасар ер адам, 12 жылдан бері спиртті сусындарды ішеді, соңғы 10 күн бойы үздіксіз ішкен. Қарап тексергенде: қозған, есеңгіреген, контактіге қиын түседі, сөйлегені түсініксіз, шашы ұйпаланған, біреу бұйрық беретіндіктен орын таппай терезеден секіргісі келеді.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Ажитирленген депрессия
2. Маниакальды-депрессивті психоз
3. Шизоаффективті психоз
4. Алкогольді делирий 
5. Истериялық психоз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет