1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет9/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#34586
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Жедел медициналық жәрдем

211. 66 жастағы ер адамға жедел жәрдем бригадасы шақырылды, жалпы әлсіздікке шағымдалады, жағдайы ауыр. Қарау кезінде: тері жабындылары бозарған, ылғалды, сұр цианоз, аяқ қолдары мұздаған. Жүрек үндері әлсіз, шоқырақ ритмі, ЖСЖ-115 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б., айқын олигурия. ЭКГде: синусты тахикардия, QS V1-V6, ST V1-V6 сегменті монофазды қисық түрде изосызығынан көтерілген.


Жедел қантамыр жетіспеушілігінің шеткілік белгілерін жоюға қандай дәрілік затты тағайындаған ЕҢ жөн?
1. Нитроглицерин
2. Фуросемид
3. Допамин
4. Гепарин
5. Атропин

212. 55 жасар әйел адам, кенеттен түнде төс артындағы үдемелі басып ауыру сезіміне шағымданады. Лезде бозарып, көгеруі күшейіп, суық тер басып, есінен танды. Пульсі мен қысымы анықталмайды, қарашығы кеңейген. Электрокардиограммада: түрі мен амплитудасы әртүрлі ретсіз және тұрақты емес толқындар.


Төменде көрсетілген жағдайлардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Кардиогенді шок
2. Қарыншалардың фибрилляциясы
3. Жүрек тампонадасы
4. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
5. Жедел жүрек жетіспеушілігі

213. 62 жасар ер кісі, физикалық жүктемеге байланыссыз сол жауырынға берілетін төс артындағы күйдірген тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Объективті: Жүректің соғу жиілігі – 90 рет минутына. Тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ритмі синусты, дұрыс, 85 рет минутына, жүректің электрлік осі солға ығысқан. QRS комплексі 0,14 секунд. II, III, aVF, V1-V3 әкетулерінде R тісінің амплитудасы биік және дискордантты SТ сегментімен Т тісі. I, II, aVL, V5-V6 әкетулерінде R тісінің амплитудасы төмен және S тісі терең.


Төменде көрсетілген блокадалардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Қарынша ішілік блокада
2. Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы
3. Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасы
4. Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы
5. Гис шоғырының сол аяқшасының толық емес блокадасы

214. 59 жасар әйел. Шағымдары: мойынға берілетін төс артындағы басып ауру сезіміне. Объективті: терісі бозғылт, акроцианоз, есі анық емес, пульс 49 рет минутына, аз толымды, артериалдық қысым 80/50 мм сбб. ЭКГ-де: ритм синусты, барлық әкетулерде вольтаж 5 мм төмен, жүректің соғу жиілігі 45 рет минутына.


Төменде көрсетілген шаралардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?
1. Электрокардиостимуляция
2. Новокаинамид көктамырға
3. Лидокаин көктамырға
4. Өкпенің жасанды вентиляциясы
5. Жүректің жабық массажы

215. 63 жасар ер кісі. Эпигастрии аумағына берілетін, физикалық күшке байланысты емес төс артындағы басқан ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Ауыру сезімі 30 минуттан көп уақытқа созылды. Нитроглицерин ауыру сезімін баспайды. Қарап тексергенде: акроцианоз, тыныс жиілігі минутына 26 рет, пульсі минутына 92 рет, артериалды қысымы 120/80 мм.сбб., тондары тұйықталған. Электрокардиограмма: синусты тахикардия, минутына 100 рет, жүректің электрикалық осі көлденең.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Жедел миокард инфарктысы
2. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
3. Вазоспастикалық стенокардия
4. Алғаш рет анықталған стенокардия
5. Үдемелі стенокардия

216. 53 жасар ер кісі. 3 сағаттан астам уақытқа созылған, физикалық жүктемемен байланыссыз, төс артындағы күйген ауыру сезіміне шағымданады.Қарап тексергенде: ортопноэ, терісін суық тер басқан, акроцианоз. Тыныс жиілігі минутына 28 рет. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 95 рет, артериалды қысымы 130/90 мм.сбб. Электрокардиограммада: синусты тахикардия минутына 100 рет. Электр осі горизонтальді қалыпта.I, II,aVL, V3-V6әкетулерінде Q тістері 0,06 секунд, ST сегменті 7 мм жоғарлаған.


Аталған дәрілік заттардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте қолданылатын қайсысы?
1. Морфин
2. Лидокаин
3. Изокет
4. Стрептокиназа
5. Каптоприл

217. 45 жасар ер кісі. Таңға жақын пайда болған 15 минутқа созылған, мойынға берілген, төс артындағы қысқан ауру сезіміне шағымданады. Ауа жетпеумен қосарласқан, жалпы әлсіздікпен жүрек қағуы пайда болыды. Қарап тексергенде: жүректің соғу жиілігі минутына 90 соққы. Тондары тұйықталған.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Жедел миокард инфарктысы
2. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
3. Вазоспастикалық стенокардия
4. Алғаш рет анықталған стенокардия
5. Үдемелі стенокардия

218. 58 жасар ер кісі. Жүрек қағуына, көрудің нашарлауына, белдің ауруына шағымданады. Қарап тексергенде: қысымы 240/120 мм.сбб., пульсі минутына 85 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, аортада, V нүктеде систолалық шу. Эпигастрийде сан артериясының проекциясына берілетін систолалық шу естіледі. Көз түбінде: торлы қабаттың ісінуі, «мақталы фокустар», қан құйылулар.


Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Тамырлардың ангиографиясы
2. Изотопты ренография
3. Сцинтиграфия
4. Эхокардиография
5. Ультрадыбысты зерттеу

219. 2 жастағы қыз, жедел 2 күн бұрын ауырып қалды. Айқын әлсіздікке, дауысының қарлығуына, тамағының ауруына, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: дене температурасы 380С, бадамша лакуналарында ақшыл жабынды, шпателмен қиын алынады, шырышты қабаты қызарған, жақ асты лимфа түйіндері үлкейген. Перкуторлы өкпелік дыбыс, тынысы пуэрильді, бірлі-жарым ылғалды сырылдар, тыныс жиілігі минутына 30 рет.


Аталған зерттеу әдістері ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсы?
1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы
2. Лимфа түйіннің пункциясы
3. Жалпы қан анализі
4. Аңқадан себу
5. Қақырық анализі

220.42 жасар ер кісі, кенеттен түнде төс артындағы үдемелі басып ауру сезіміне шағымданады. Лезде бозарып, көгеруі күшейіп, суық тер басып, есінен танды. Пульсімен қысымы анықталмайды, қарашығы кеңейген. Электрокардиограммада: түрі мен амплитудасы әртүрлі ретсіз және тұрақты емес толқындар.


Төменде көрсетілген жағдайлардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Кардиогенді шок
2. Қарыншалардың фибрилляциясы
3. Жүрек тампонадасы
4. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
5. Жедел жүрек жетіспеушілігі

221. 56 жасар ер кісі. Кенеттен есінен танды. Дәрігердің айтуы бойынша сол қолға берілетін төс артындағы күйдірген тәрізді ауру сезіміне, ентігуге, лезде әлсіздікке, суық терге шағымданған. Объективті: ұйқы артериясында пульс анықталмайды. ЭКГ-де ретсіз, әртүрлі амплитудалы толқындар.


Төменде көрсетілген шаралардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?
1. Электрлік дефибрилляция
2. Жасанды тыныс
3. Жүректің тікелей емес массажы
4. Добутамин 10 мкг/кг/минутына
5. Адреналин 0,1% 0,5 мл

222. 42 жасар ер кісі. Таңға жақын пайда болған 15 минутқа созылған, мойынға берілген, төс артындағы қысқан ауру сезіміне шағымданады. Ауа жетпеумен қосарласқан, жалпы әлсіздікпен жүрек қағуы пайда болыды. Анамнезінде бұл ұстамалар жыл бойында мазалайды. Объективті: жүректің соғу жиілігі минутына 90 соққы. Тондары тұйықталған. Электрокардиограмма: ритмі синусты, жиілігі минутына 85 рет. Электр осі қалыпты орналасқан.


Төменде көрсетілгендер ішінде дәрілік заттың қайсысы ЕҢ ықтимал?
1. Амлодипин
2. Кардикет
3. Бисопролол
4. Верапамил
5. Каптоприл

223. 14 жасар ұл. Қалтырауға, түнгі терге, салмағының азаюына, буындарының ауруына, тәбетінің нашрлауына шағымданады. Бір ай бұрын екі тісін жұлдырған. Объективті: температурасы 38,6, терісі ылғалды, геморрагиялық бөртпелер, алақандары мен табандарында ауыратын экхимоздар. Пульсі 102 рет, артериалды қысымы 90/60 мм.сбб. жүрек тондары тұйық, сол жақ 3 қабырға аралықта диастолалық шу. Іші оң қабырға астында ауырады, бауыры 13х10х9см, ұшы домалнған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Инфекционды эндокардит
2. Ревматикалық қызба
3. Ревматикалық емес миокардит
4. Геморрагиялық васкулит
5. Марфан синдромы

224. Аяқтарының терең қан тамырларының тромбофлебиті бар 37 жастағы науқаста ентігу, қан аралас жөтел, жүрегінің қағуы, айқын әлсіздік пайда болды.


Осы пайда болған жағдайдың себебі ЕҢ мүмкін болып табылады?
1.Спонтанды пневмоторакс
2.Бронх демікпесінің ұстамасы
3.Тыныс жолдарындағы бөгде дене
4. Өкпе артериясының ауалық эмболиясы
5. Өкпе артериясы тармақтарының тромбоэмболиясы

225. Науқас 42 жаста. Бірден есінен таныған. Туыстарының айтуынша қант диабетімен ауырады? Тері нсулин қабылдайды. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары боз, қатты терлеген. Өкпесінде везикулярла тыныс. Жүрек үндері кереңдеген, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 90 рет, қан қысымы 100/60мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасының қырымен.


Қант диабетінің қандай асқынуы ЕҢ мүмкін?
1. Жедел миокард инфарктысы, кардиогенді шок
2. Ишемиялық инсульт
3. Гипергликемиялық кома
4. Гипогликемиялық кома
5. Геморрагиялық инсульт

226. Жедел панкреатит үшін қандай патоморфологиялық сурет ЕҢ тән болып келеді?


1. Ұйқы безінің ісінуі
В) Ұйқы безінің фиброзы
С) Ұйқы безінің аутолизі
4. Ұйқы безінің атрофиясы
5. Ұйқы безінің кальцинозы

227. 70 жасар ер кісі, ішіндегі қатты ауру сезіміне, көп реттік құсу, қан араласты нәжіс, іштің кебуіне, нәжісі мен газдардың шықпауына, метеоризм ,қалтырауға шағымданады. Объективті: терісі бозарған, дене температурасы 38,8оС, тыныс жиілігі минутына 26 рет, пульсі минутына 120 рет, қысымы 75/50 мм.сбб., тілі құрғақ. Іші ауырады, кернелген. Қан анализінде: эритроциттер 4,5х1012/л, лейкоциттер 16х109/л, гемоглобин 115г/л, ЭТЖ 28 мм/сағ.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Перитонит
2.Ішектің ісігі
3.Шажырқай артериясының тромбозы
4. Ішектің өтпеуі
5.Асқазан жарасының перфорациясы

228. 46 жасар ер кісі, слесарь, қанды құсуға, кенет диурездің төмендеуіне, қыжылға, ісінулерге шағымданады. Алкогольге әуес, соңғы уақытта іші үлкее басталды. Объективті: беті ісінген, тілдің, қолдың треморы, “мойын аймағында” телеангиэктазиялар, бет, аяқ-қолдарының бұлшықеттері атрофияланған, гинекомастия, пульсі минутына 112 рет, аритмиялы. Іші үлкейген, бауыр пальпациясы қиынға соғады, аяқтарында айқын ісінулер. 


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Бауырдың алкогольді ауруы
2. Созылмалы холангит
3. Рефлюкс-эзофагит
4. Токсикалық гепатит
5. Бауыр рагі

229. 50 жасар әйел, семіздікпен ауырады, кенет оң жақ бұғана үсті аймағына берілетін оң қабырға астында және эпигастрийдегі қатты ауру ұстамасы пайда болды. Науқас мазасыз, төсегінде орын таппай жатыр. Қарағанда: терісі қалыпты түсті, іші жұмсақ, Ортнер симптомы оң, бауыры 9х8х7 см. Қанда: эритроциттер 4х1012/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 21 мм/сағ.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1.Жедел холецистит
2.Жедел панкреатит
3.Жедел холангит
4.Өт-тас ауруы
5.Жараның пенетрациясы

230. 56 жасар ер кісі, эпигастрийде кешеуілдеген және “түнгі” ауру сезіміне, қыжылға, жүрек айнуға, бас айналуға, тік тұрғанда күшеетін құлағындағы шуға, нәжістің қараюына шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, бозарған. Пульсі минутына 100 рет, артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. жүрек тондары тұйықталған. Іші кепкен, эпигастрийде ауырсынады.


Көрсетілген зерттеу әдістерінің ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?
1. Уреазды тест
2. Грегерсен сынамасы
3.Асқазанның рентгеноскопиясы
4. Компьютерлік томография
5. Фиброгастродуоденоскопия

231. 32 жасар әйел, жүктіліктің 28-29 аптасы, таңертең жыныс жолдарынан шамалы қанды бөліністер пайда болды. Он екінші жүктілігі. 9 – артифициальді аборт. Екеуі реобразиямен. Объективті: Пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Ұрық көлденең қалыпта, басы оң жағында. Пальпация кезінде жатырдың төменгі сегментінде қамырлық сезімі бар.Ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 134 рет, ырғақты.


Аталғандардың ішінде қандай плацентаның орналасуы ЕҢ болжамды?
1.Жатыр түбінде
2.Жатырпдың алдыңғы қабырғасымен
3.Ішкі аранның деңгейінде
4.Жатырдың артқы қабырғасымен
5.Жатырдың бүйір қабырғасымен

232. 47 жасар ер кісі. әлсіздікке, бас айналуына, ал-қызыл қанмен құсуына, нәжісінің қара болуына шағым айтады. Бір жыл ішінде 12 килограммға арықтады, тәбетінің жоғалуын, жүрек айнуын, эпигастрийдегі тұрақты ауру сезімін байқады. Объективті: жүдеген, бозарған. Пульсі минутына 110 рет, артериалды қысымы 100/90 мм.сбб. Іші жұмсақ эпигастрийде ауырады, 5х6 см көлеміндегі түзіліс пальпацияланады. Қан анализі: эритроциттер 2,8х1012/л, гемоглобин – 89 г/л, лейкоциттер - 12х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1.Асқазанның ойық жара ауруы
2.Асқазан ісігі
3.Ұйқы асты безінің рагі
4. Созылмалы гепатит
5.Біріншілік билиарлы цирроз

233. 30 жасар әйел. Іштің төменгі бөлігінде оң жақта қатты ауруына, әлсіздікке, көз алдында қарауытуына, таңертеңгілік құсуға шағымданады. Етеккірі 2 аптаға кешігіп жатыр.Апта ішінде жыныс жолдарынан жағылатын қанды бөліністерді байқады. Сақтанбайды. Объективті: терісі және шырыштары бозғылт.Пульсі минутына 110 соққы. Артериалдықысымы 80/50 мм.сбб. Іші шамалы керілген, оң жақ мықын аймағында қатты ауырады.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Дисфункционалды қан кету
2.Басталған аборт
3. Сальпингит
4. Аднексит
5. Түтіктік жүктілік

234. 25 жасар әйел. Жүктіліктің 27-28 аптасы. Толық тыныштық фонында кенеттен шамалы қан кетуге шағымданады. Анамнезінде 3 медициналық аборт, 1 реобразиямен. Объективті: тері және көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті. Пульсіминутына 78 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Жатыры жұмсақ, қозғыш емес. Ұрықтың жатуы қисық. ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 140 соққы, ырғақты.


Төменде көрсетілген зерттеулер ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Ультрадыбыстық зерттеу
2. Допплерометриялық зерттеу
3. Қынаптық зерттеу
4.Айналармен қарау
5. Лабораторлық зерттеу

235. 27 жасар әйел. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Соңғы 2 күн ішінде ішщтің төменгі бөлігінде, белінде сыздаған және тартылған ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде овариальді-етеккір циклінің бұзылуы. Күйеуге тиген, 3 жыл біріншілік бедеулік. Объективті: пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Іштің пальпациясында қасаға үстінде ауырады.


Аталған дәрілік заттардың ішінен қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Витамин Е 10 мг х 1,0 бұлшық етке
2. Прогестерон 5 мг х 2 рет ішке
3. Аскорутин 0,5 мг 1 таблеткадан 3 рет ішке
4. Дексаметазон 0,002 1 таблеткадан 1рет ішке
5. Дротаверин 2% ертінді 2,0 х 2 рет бұлшықетке

236. Фосфорорганикалық заттармен уланғандағы қандай препарат АРНАЙЫ антидот болып табылады?


1. Атропин
2. Бемегрид
3. Прозерин
4. Налорфин
5. Пилокарпин

237. 30 жасар ер кісі. Дәрігерге бас айналу, жүрек айну, қайталап құсуына, кеудесіндегі ауру сезімі мен жөтелге шағымданып келді. 10 сағат бойы ол автомобильді жөндеп отырды. Объективті: науқас қозған. Терісі және көрінетін шырышты қабаттары көгерген.


Төменде келтірілген заттардың ішінен қандайымен улану болуы ЕҢ болжамды?
1. Аконитпен
2. Бензинмен
3. Бензолмен
4. Дихлорэтанмен
5. Кокаинмен

238. Мекен-жайы белгісіз 42 жасар ер кісі. Көз алдында «шыбын-шіркейлердің» болуына, заттардың бұлыңғыр көрінуіне, жүрек айнуына, қайталап құсуына, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: координациясы бұзылған, тері жабындылары гиперемирленген, шырышты қабаттардың цианозы байқалады, қарашықтары кеңейген. Тынысы минутына 15 рет. Пульсі минутына 100 соққы. Іштің пальпациясы кезінде эпигастрий аймағында ауырады.


Төменде келтірілген заттардың ішінен қандайымен улану болуы ЕҢ болжамды?
1. Опиаттармен
2. Барбитураттармен
3. Этилспиртімен
4. Метил спиртімен
5.Улы саңырауқұлақтармен

239. 18 жасар ер кісі. Үйінде ауыр жағдайда тапқан туысқандары дәрігерді шақырды. Объективті: екі қолдың білектерінде инъекциялардан қалған іздер көрінеді. Естен танған, қарашықтары қатты тарылған, жарықққа реакциясы әлсіз, бұлшықеттердің гипертонусы байқалады. Тыныс жиілігі минутына 14 рет. Пульсі минутына 60 соққы. Артериалды қысымы 80/50 мм.сбб.


Төменде келтірілген қандай дәрілік затты қолдану ЕҢ тиімді?
1. Налоксон
2. Ацетилцистеин
3. Дефероксамин
4. Дроперидол
5. Димеркаптол

240. 6 жасар ұл бала. Бас ауруына, көруінің төмендеуіне, жүрек қағуына, ауыздың құрғауына шағымданады.Анасының айтуы бойынша – туысқандарын танымай сандырақтайды. Достарымен сасық медуананың дәндерін жинаған. Объективті: қозғалысжәне психикалық қозулары, кезеңмен бұлшықеттердің тырысуы. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары құрғақ, гиперемирленген. Қарашықтары – кең, жарыққа реакциясы жоқ. Дене температурасы 37,50С. Пульсіминутына 130 соққы.


Қандай препарат ем үшін ЕҢ тиімді?
1. Унитиол 5% - 5,0 мл бұлшық етке
2. Дефероксамин 0,5 по 1,0 мл бұлшық етке
3. Налоксон 0,04% - 1,0 мл бұлшық етке
4. Галантамин1% - 1,0 мл бұлшық етке
5. Тиосульфат натрия 10% - 10,0 мл көктамырға

241. Жедел ішек инфекциясы кезінде ІІІ дәрежелі дегидратация үшін дене салмағынан салыстырмалы қандай сұйықтық көлемін жоғалту тән?


1. 1% төмен
2. 1%-дан 3%-ға дейін
3. 4%-дан 6% ға дейін
4. 7%-дан 9% ға дейін
5. 10%-дан жоғары

242.4 жасар бала. Жүрек айнуына, қайталап құсуына, бір реттік сұйық нәжісіне шағымданады. Қонақта болып торт жеген. Объективті: енжар, апатиялық. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары құрғақ, бозарған. Температурасы 38,90С. Тынысы минутына 24 рет. Пульсіминутына 120 соққы. Іші жұмсақ, метеоризм белгілері.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1.Дизентерия
2.Тағамдық токсикоинфекция
3. Ротавирусты гастроэнтерит
4. Сальмонеллез
5. Энтеровирусты инфекция

243. 14 жасар қыз. Көбінесе оң жағында орналасқан іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, ауру сезімімен дефекацияға шақыруларға шағымданады. Мектеп асханасының түскі тамағынан 4 сағаттан кейін ауырды. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Тынысы минутына 28 рет. Дене температурасы 38,20С. Пальпация кезінде іштің төменгі бөлігінде, көбінесе оң жағында ауырсынады, сигма тәрізді ішек жиырылған. Нәжісі аз мөлшерде, шырышпен, қан қоспаларымен.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Дизентерия
2.Тағамдық токсикоинфекция
3.Тырысқақ
4. Сальмонеллез
5.Іш сүзегі

244. 6 жасар бала. Анасының айтуы бойынша жоғары температура, қайталап құсу. Объективті: Дене температурасы 39,60С. Пульсі минутына 120 соққы. Тері бозарған,барлық денесінде геморрагиялық жұлдызшалы бөртпелер анықталады. Аңқасы гиперемирленген. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі.Керниг, Брудзинский симптомдары оң.


Төменде келтірілген қандай антибиотик тобын қолдану ЕҢ тән?
1. Сульфаниламидтер
2. Фторхинолондар
3. Макролидтер
4. Цефалоспориндер
5. Аминогликозидтер

245. 28 жасар әйел. Бас ауруына, асқазан аймағында және оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, жүрек айнуына, тәбетінің жоғалуына, бір реттік құсуға, әлсіздікке, тез шаршауына, буындарындағы ауру сезіміне шағымданады. 6,5 ай бұрын ішіне өскен тырнақты алып тастаған. Объективті: дене температурасы 38,20С. Пульсі минутына 66 соққы. Артериалды қысымы 90/60 мм.сбб. Алақандары мен көзге көрінетін шырыштары сарғыш түсті. Курлов бойынша бауыры 12-9-8 см, шеті домаланған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, ауырады. Зәрі күңгірт, нәжісі түссіз.


Төменде келтірілген зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді?
1. Сулем сынамасы
2. Аланинаминотрансфераза
3.-глутаминтранспептидаза
4. Тимол сынамасы
5. Протромбинді индекс

246. Иықтың жоғарғы үштен бір бөлігінің сынуы кезінде тасымалдау үшін ЕҢ қолайлы қалып қандай?


1.Қолды жазып, денесіне фиксациялау
2.Иықты 90° әкету және 30º-40º алдыға әкелу
3. Денесіне әкелінгентік бұрыш етіп бүгу
4. 90° әкетіп, 10º-15° алдына әкелу
5.Денесіне әкеліп, 90º-100° бұрышында бүгу

247. 48 жасар ер кісі. Кенеттен әлсіздікке, бас айналуына, құлағындағы шуға, ыстық болып көрінуіне, дем алудың жетіспеушілігіне шағымданады. 10 минут бұрын пневмония себебінен бұлшық етіне антибиотик енгізілген. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы. Объективті: терісі бозарған, көгерген. Пульсі минутына 100 соққы, аз толымды. Артериалды қысымы 80/30 мм.сбб.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Инфекциондық-токсикалық шок
2. Анафилактикалық шок
3. Гиповолемиялық шок
4. Токсикалық шок
5. Кардиогенді шок

248. 29 жасар ер кісі. Бел тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Екі қабтты үйдің төбесінен құлап түсті. Объективті: мәжбүрлі қалыпта; қолдарымен жерді тіреп, жамбасты көтергісі кеп, омыртқа бағанасын тік ұстай керіп жатыр.


Аталған қалыптардың ішінде тасымалдау үшін ЕҢ қолайлы қайсысы?
1. Арқасында жатқызып
2.Ішінде жатқызып
3.Бүйірінде жатқызып
4.Жартылай отырғызып
5.«Бақа» қалпында

249. 31 жасар ер кісі. Жол апатынан кейін. Оң сан аймағындағы қатты ауру сезіміне және аяқпен қозғай алмауына шағымданады. Объективті: терісі бозарған, оң аяғы қысқарған, санның ортаңғы үштен бір бөлігінде бұрышты деформация, 4 х 3 см көлеміндей жара анықталады, массивті қан кету, сынған сүйек бөлшектері көрініп тұр.


Аталған тактикалардың ішінде ауруханаға дейінгі кезеңде ЕҢ тиімді қайсысы?
1.Қан алмастырғыштарын енгізу
2.Сыртқы қан кетуді тоқтату
3.Жансыздандырушы терапия
4.Сіреспенің иммунопрофилактикасы
5. Транспортты иммобилизация

250. Шоктың эриктильді фазасы сипатталады:


1. Предогональды жағдаймен
2. АҚҚ бірден төмендеуімен
3. Науқастың жалпы қозуымен
4. Естен танумен
5. Бұлшықет тонусының төмендеуімен

251. Миокард инфарктісінде, Принцметалл стенокардиясында, перикардитте және өкпе артериясының тромбофлебитіндегі кездесетін, сонымен қатар диагностиканы қиындатуы мүмкін ЭКГ көріністері:


1. Q тісшесі
2. QS тісшесі
3. ST сегментінің депрессиясы
4. ST сегментінің жоғарлауы
5. теріс Т тісшесі

252. Қабылдау бөліміне ауруханада 35 жастағы еркек әкелінді, ішінің қатты ауыратына, құсуға, көзінің көруінің тез нашарлауымен келіп түсті. Туысқандарының айтуынша бірнеше күн бойы алкоголь ішкенін айтты.


Міндетті түрде қандай антидотты қолданған жөн?
1. Этил спирті
2. Налоксон
3. ЭДТА
4. Унитиол
5. Бемегрид

253.Сізді науқас үйге шақырды, ол осыдан бір ай бұрын жедел панкреатитпен ауырған. Қазір науқасты эпигастрий аймағындағы ауырсыну мазалайды. Қарағанда іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсыну, осы жерде сонымен қоса үлкен түзіліс пальпацияланады. Дене қызуы қалыпты. Сіз не тағайындайсыз:


1. хирург кеңесіне жолдау
2. хирургия бөліміне жедел жатқызу
3. терапевт кеңесіне жолдау
4. терапиялық бөлімге жатқызу
5. гастроэнтерологиялық бөлімге жатқызу

254. 12-жастағы қыз баланы қарауға дәрігер үйге шақырылды. Анасының айтуы бойынша ол кездейсоқтан өзіне мескейдегі ыстық сорпаны төгіп алған. Қараған кезде: денесінің алдыңғы беткейі, саны бірден қызарған, көпіршіктер бар, кейбір көпіршіктерінің беті ашылған, АҚҚ 60/40 мм.с.б.б., ЖСЖ 88рет/мин. Диагноз.


1. Термиялық күйік IV кезең
2. Термиялық күйік IІІ кезең
3. Термиялық күйік IІ кезең, күйіктік шок
4. Термиялық күйік IІІ кезең, күйіктік шок
5. Термиялық күйік IV кезең, күйіктік шок

255. Қабылдау бөліміне қан аралас құсумен науқас жеткізілді. Қараған кезде тері жабындары сарғайған, кіндік маңындағы веналары кеңейген, пальпацияда бауыры тығыз, ауырсынумен. Науқасқа Блекмор зонды енгізілді. Осы жүргізілген ем шаралардан дәрігер не күтеді?


1. Жалпы жағдайының жақсаруын
2. Гемодинамиканың қалпына келуін
3. Уақытша қан кетуді тоқтату
4. Мүмкін болатын асқынудың алдын алу
5. қан кетуді толық тоқтату




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет