§1 Әл-фараби атындағЫ ҚАЗҰу академиялық саясатының негізгі ережелері


Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау



бет3/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,64 Mb.
#11515
1   2   3   4

8. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау
8.1. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бақылаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:

  • ағымдағы бақылау

  • аралық бақылау

  • қорытынды бақылау.

8.2. Ағымдық бақылау - академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру.

8.3. Межелік бақылау –бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау. Ол академиялық күнтізбе бойынша өткізіліп, ағымдық бақылау нәтижелерінен тұрады. Межелік бақылау қорытындылары «Univer» жүйесіндегі тізімдемеге қойылады. Межелік бақылау саны оқу жұмыс жоспарында анықталып, пәннің силлабусында көрсетіледі.

8.4. Жартылай семестрлік емтихан (Midterm Examenation) – семестрдің 8-ші аптасында өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау. Midterm Examenation бойынша үлгерімнің максимал көрсеткіші 100 балды құрайды. Midterm Examenation нәтижелері «Univer» жүйесіндегі жеке тізімдемеге енгізіліп, пәннің қорытынды бағасында ескеріледі.

8.5. Ағымдағы және аралық бақылауды өткізудің формасын пәннің ерекшелігіне байланысты оқытушы белгілейді. Ағымдағы, межелік бақылаулар және жартылай семестрлік емтихан коллоквиум немесе компьютерлік тестілеу, жазбаша бақылау жұмысы, білім алушылардың пікір сайыстарға, дөңгелек үстелдерге, іскери ойындарға қатысуын бағалау, жағдаятты тапсырмаларды шешу және т.б. түрде жүргізіледі. Ағымдағы және межелік бақылау формасы туралы толық ақпарат пән бойынша жасалған силлабуста көрсетіліп семестрдің алғашқы екі аптасында білім алушылар хабардар етіледі.

8.6. Ағымдағы бақылаудың қорытындысы ескеріліп, пәннің межелік бақылау бойынша үлгерімінің максималды көрсеткіші 100 балды құрайды. Межелік бақылау қорытындысы аттестациялау апталығының дүйсенбісінен кешіктірілмей «Univer» жүйесіндегі тізімдемеге қойылады. Межелік бақылау аптасында 50 балдан жоғары баға қою ұсынылмайды.

Бағасын көтеру мақсатында межелік бақылау нәтижесін өзгертуге болмайды.

8.7. Егер білім алушы семестр ішінде межелік бақылаудан дәлелді себептермен (ауырғаны туралы құжаты Алматы қаласының студент емханасында куәландырылған және т.б.) баға алмаған жағдайда, ол «І» бағасына ие болады. «I» бағасын стандартты бағаға өзгерту үшін рұқсат алған білім алушы оқытушымен кездесіп, орындалатын жұмыстың көлемі мен түрлерін анықтауға тиіс.

8.8. Курстық жұмыс (жоба) тапсырмаған білім алушылар пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

8.9. Қорытынды бақылау – білім алушының оқудағы жетістіктерін пәнді оқып болғаннан кейінгі сессия (аралық аттестация) кезінде бақылау. Қорытынды бақылауға межелік бақылауларда 50 балдан ((МБ1+МБ2)/2) кем алған білім алушылар жіберілмейді. Емтихандағы максималды баға – 100 балл.

8.10. Сессияның ұзақтығы және емтихандардың саны мамандық бойынша бекітілген оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады. Емтихан сессиясын ұйымдастырып өткізу жауапкершілігі деканға, университеттің АМД, ЖКБИ және Тіркеуші офиске жүктеледі.

8.11. Білім алушылар барлық емтихандарды пәннің бекітілген оқу бағдарламасы бойынша және жеке оқу жоспары мен оқу жұмыс жоспарына сәйкес қатаң тәртіппен тапсырулары керек.

Әр оқу пәні бойынша емтиханның түрі мен тәртібін академиялық кезең басталғаннан кейін бір ай мерзімінен кешіктірмей факультеттің Ғылыми кеңесі анықтайды.

Оқытудың сырттай бөлімі бойынша емтихан сессиялары, олардың мерзімдері мен оқу жылындағы саны мамандық бойынша бекітілген оқу жоспарында анықталады.сырттай оқыту түрі бойынша білім алушыларды емтиханға жіберу тәртібі күндізгі оқу түріндегідей орындалады.



8.12. Соңғы курста жоғарғы білім беру бағдарламаларында көрсетілген көлемдегі оқу пәндерін меңгеру деңгейін анықтау мен білім беру қызметінің сапасын бағалау мақсатымен оқу жетістіктерін сырттан бақылау жүргізіледі.

толығырақ §§6, 7, 12, 13, 31, 39,42,43 қараңыз.

9. Білім алушылардың білімін бағалау
9.1. Білім алушылардың барлық сабақ түрлері бойынша білімі балдық-рейтинг жүйесіне сәйкес бағаланады.

Құзіреттіліктерді игеру деңгейін анықтау үшін кафедралар құзіреттілікке бағытталған сұрақтарды құрастырып, оларды факультеттің әдістемелік бюро төрағасы (төрайымы) бекітеді.

9.2. Қорытынды бақылау бойынша алынған баға оқу пәнінің емтихан тізімдемесіне және (электрондық) сынақ кітапшасына жазылады. «F-қанағаттанарлықсыз» бағасы тек емтихан тізімдемесіне енгізіледі.

Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.

Межелік және қорытынды бақылау бағалары жақсы болған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептеледі.

9.3. Емтихан нәтижелерін оқытушы тізімдемеге сай емтихан аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде «Univer»-ге енгізеді.

9.4. Егер білім алушы қойылған бағамен келіспесе, емтихан нәтижесі «Univer» жүйесіндегі электрондық тізімдемеге қойылған күннің ертеңінен кешікпей апелляциялық комиссия төрағасының атына апелляцияға өтініш бере алады.

Апелляция студент жауап парағында сұрақтың дұрыс еместігін немесе пәннің оқу бағдарламасына сәйкес еместігін көрсеткен жағдайда ғана қарастырылады.

Ректордың бұйрығы бойынша сессия кезінде біліктілігі пәннің профиліне сай келетін оқытушылардан құралған апелляциялық комиссия 24 сағат ішінде өтінішті қарап, бағаны қайта қарау немесе бастапқы алған бағасын қалдыру туралы комиссия отырысының хаттамасын жазуы керек. Апелляциялық комиссия білім алушының жазбаша жұмысын немесе тест түріндегі емтихан нәтижесін қайта қарау негізінде шешім қабылдайды. Егер білім алушы апелляция нәтижесінде емтиханда алған бағадан төмен баға алса, онда ол транскриптке енгізіліп, GPA-ны есептегенде соңғы баға есепке алынады. Оқу ісі жөніндегі проректор апелляциялық комиссияның шешімін бекіткеннен кейін офис-тіркеуші апелляция нәтижесін енгізеді.

9.5. «AU», «F», бағаларын пәнді қайта оқып өзгертуге болады, бірақ олардың барлығы транскриптке өзгертілген бағамен бірге енгізіліп, GPA соңғы алынған баға бойынша есептеледі.

9.6. «F» бағасын алған жағдайда, білім алушының пәнді қайта оқуға (Retake) құқығы бар, бірақ ол 3 реттен артық қайта оқылмайды. Пәнді қайта оқу тек ақылы негізде жүргізіледі.

Сабақ басталғаннан кейін төрт апта өткен соң білім алушы пәннен бас тарта алмайды, бас тартқан жағдайда білім алушыға осы пән бойынша «F» бағасы қойылады. Оқу пәніне төленген ақы білім алушыға қайтарылмайды.

9.7. Таңдау пәнінен «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушының белгіленген тәртіп бойынша осы пәнді қайта оқуына немесе осы блоктағы басқа пәнді таңдауына құқығы бар. Пәндер эдвайзердің және офис-тіркеушінің келісімімен ауыстырылады.

9.8. Егер білім алушы семестр ішінде межелік бақылаудан 50 балдан кем алмаса, емтиханға дәлелді себептермен (ауырғаны туралы құжаты Алматы қаласының студент емханасында куәландырылған және т.б.) келе алмаған жағдайда, ол «І» бағасына ие болады. «І» бағасын алу үшін емтихан өткеннен кейін екі күннен кешікпей оқу ісі жөніндегі проректорға оқытушысы, факультет деканы, оқу үдерісін жоспарлау және қамтамасыз ету бөлімі және ДАВ директорының визаларын қойып, емтиханға келе алмаған себептерін көрсетіп және осыны дәлелдейтін құжаттардың (анықтама) түп нұсқасын тіркеп, өтініш береді. Егер емтиханға келмегені дәлелді деп танылса, оқу ісі жөніндегі проректор келісімімен деканның өкімі бойынша білім алушыға «I» бағасы қойылып, емтихан тапсырудың жеке кестесі жасалады.

Оқытушы «І» бағасын стандартты («A», «B», «C», «D») бағаларға емтиханды қысқы емтихан сессиясы жағдайында - келесі семестр басталған соң 30 күннің ішінде, жазғы емтихан сессиясы жағдайында – жазғы семестрде Тіркеуші кеңсесінде тапсырғаннан кейін өзгертіледі. Оқытушы жасаған емтихан (басқа жұмыстарды) тапсыру кестесіне сәйкес Тіркеуші кеңсе «Univer» жүйесінде бағаны өзгерту үшін емтихан парағын береді. Егер белгіленген мерзімде білім алушы барлық талаптарды орындамаса, оқытушы қол қойған емтихан парағының негізінде тіркеуші кеңсе «I» бағасын «F», яғни «қанағаттанарлықсыз» бағасына өзгертеді.

«I» бағасын қойған оқытушы университетте дәлелді себеппен болмаған жағдайда, пәнді аяқтап, «I» бағасын стандарттыға ауыстыру үшін кафедра меңгерушісі басқа оқытушыны тағайындайды. Егер білім алушы бағаны түзету мерзімі аяқталмай университеттен кетіп қалса, онда «I» бағасы транскрипте өзгеріссіз қалады.



9.9. «AU» бағасы қорытынды бағаны алмай-ақ пәнге қатысқысы келетін білім алушыларға қойылады. Мұндай пәнді өту төлем ақысы ҚазҰУ-дың белгілеген құны бойынша толық көлемде төленеді. Оқытылатын пәнге тыңдаушы ретінде тіркелген білім алушы ол туралы Тіркеуші кеңсеге хабарлауы тиіс. Мұндай білім алушының емтихан тізімдемесіне автоматты түрде «AU» бағасы қойылады.

9.10. Оқу пәнінің тыңдаушылары ретінде ҚазҰУ-дың білім алушыларымен қатар университетте білім алушы ретінде тіркелмеген, бірақ осы пән бойынша оқу ақысын төлеген тұлғалар да қатыса алады.

9.11. Білім алушы «Add/Drop» қайта тіркеу аяқталғанға дейінгі бірінші аптаның ішінде пәннен бас тартатын шешімін негіздеп Тіркеуші кеңсе жетекшісінің атына өтініш жаза алады. Өтініш міндетті түрде эдвайзермен келісілуі тиіс. Мәселе оңынан шешілген жағдайда, деканның қолы қойылған өтініш Тіркеуші кеңсеге жіберіледі.

9.12. Білім алушы пәнді оқудан академиялық себеп бойынша әкімшілік тәртіппен «AW» (Academic Withdrawal) бағасы қойылып шеттетілуі мүмкін. Пәннен әкімшілік тәртіппен шығарудың себептері мыналар:



  • оқылып жатқан курсқа ешбір себепсіз жүйелі түрде қатыспау (36 сағат);

  • жеке тапсырмаларды, СӨЖ/МӨЖ орындамау, жұмыстарды тапсыру кестесін тұрақты түрде бұзу, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқа да оқу ережелерін бұзу;

-ішкі тәртіп ережелерін бұзу.

Пәннен академиялық себеппен шеттетудің қосымша шарттарын оқытушы өзінің силлабусында көрсетуі мүмкін. Міндетті пәндердің қатарына енетін пәндерден әкімшілік жолмен шығарылған жағдайда білім алушы оны тек ақылы түрде қайта оқи алады.

9.13. Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны көтермелеу мақсатында қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

9.14. Емтихандағы тәртіп ережесіне сәйкес емтихан тәртібін бұзған (шпаргалка, ұялы телефон қолдану, дәлелсіз себептермен кешігу және т.б.) білім алушы емтиханнан шығарылып, оған «F» бағасы қойылып, осы пән тек ақылы түрде қайта оқытылады.

Емтихан тәртібін қайта бұзғаны үшін білім алушы факультеттің Этика кеңесінің ұсынысы бойынша оқудан шығарылуы мүмкін.

Бейнекамера жазбасы бойынша емтиханда тәртіп бұзған жағдайлар (шпаргалка, ұялы телефон қолдану, дәлелсіз себептермен кешігу, бір-бірімен сөйлесу және т.б.) анықталса, пән бойынша қорытынды бағаның күші 6 айдың ішінде жойлуы мүмкін.



9.15. Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балының жинай алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

9.16. Белгіленген GPA балының деңгейіне жеткен білім алушылар университет ректорының бұйрығымен келесі курсқа өтеді. Курстан курсқа өту үшін қажет GPA балын оқу жылы басында факультеттің Ғылыми кеңесі бекітеді. Бекітілген GPA балын жинай алмаған білім алушы ақылы түрде курсты қайта оқу үшін қалдырылады. Қайта оқу курсына қалған білім алушы бұрынғы қабылданған жеке оқу жоспары бойынша оқуға немесе белгіленген тәртіп бойынша жаңадан жеке оқу жоспарын құрастыруға құқылы.

9.17. Белгіленген GPA балын жинап, келесі курсқа өткен білім алушының академиялық қарызы болған жағдайда ол осы пәндерді ақылы негізде қайта оқуына болады.

9.18. Білім алу гранттарының иегерлері қайта оқу курсына қалған жағдайда грантынан айырылып, өзінің оқуын тек ақылы түрде жалғастыра алады. GPA өту балын жинап, бірақ академиялық қарызымен келесі курсқа өткен білім алушылар грантынан айырылмайды. Бұл жағдайда қарызы бар пәндерді ақылы түрде қайта оқып емтихан тапсырады. Мамандықтар бойынша бір кредиттің құнын Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті анықтайды.



Толығырақ §§6, 7, 12, 13, 31, 39 қараңыз.
10. Практиканы ұйымдастыру және практикадан өту
10.1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да негізгі және міндетті түрде өтілетін практикалары - оқу, педагогикалық, өндірістік, диплом алды, зерттеу.

10.2. Практиканың барлық түрлері практиканың негізгі талаптары көрсетілген практика бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Мамандық саласын, мекеме, ұйымдардың сипаттамасын, тәжірибе өтетін жерді ескере отырып, бағдарлама мамандандырғыш кафедрада жасалып, факультеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі.

10.3. Түлекті дайындау деңгейіне сәйкес барлық кезеңдегі практика білім алушылардың кәсіби дағдыларын меңгеруінің үздіксіздігі мен бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталуы керек.

10.4. Білім алушылардың оқу практикасы университеттің бөлімшелерінде немесе кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда өткізілуі мүмкін.

Білім алушылардың өндірістік, соның ішінде дипломалды практикасы тәртіп бойынша практика базасымен қамтамасыз ету туралы келісімдерге сәйкес практика базасы болып табылатын кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда өткізіледі.

10.5. Практиканы өткізу мерзімін оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес университеттің оқу-өндірістік базасының, ұйымдардың практикалық базасы мен білім алушылардың теориялық даярлық деңгейінің барлық мүмкіндіктерін ескере отырып университет белгілейді.

10.6. Мамандықтардың оқу жоспарлары бойынша әрбір практиканың түріне сәйкес кредиттер саны анықталады. Білім алушылар практиканың сәйкес түріне тіркеліп, оны өзінің жеке оқу жоспарына енгізеді. Практиканың нәтижелерін білім алушы-практикант жазбаша есеп түрінде рәсімдеп, оны кафедра комиссиясының алдында қорғайды. Білім алушының практикадан өту барысында алған бағасы теориялық оқу бағаларына теңестіріліп, стипендия тағайындау, білім алушының жалпы GPA-ын есептеу және келесі оқу жылына көшіру кезінде есепке алынып, тәжірибе бойынша тізімдемеге енгізіледі.

10.7. Практиканың жалпы қорытындысы факультеттің Ғылыми кеңесінде практика базасы өкілдерінің қатысуымен шығарылады.

10.8. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қамтиды: педагогикалық – білім беру мекемелерінде және зерттеу – диссертация орындау орындарында. Магистратура мен докторантурадағы педагогикалық практиканың мақсаты – жоғары оқу орнындағы ғылыми-педагогикалық қызметке дайындау; жоғарғы мектепте арнайы пәндерді оқыту, білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыру, пән бойынша оқу-әдістемелік жұмыстан тұратын оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асырудың практикалық дағдыларын меңгеру. Педагогикалық практика теориялық оқу кезеңінде, оқу үдерісімен қатар өткізілуі мүмкін.

Зерттеу практикасы диссертациялық зерттеу үшін отандық және шетелдік ғылымның жаңа әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің, эксперименттік мәліметтерді іріктеп талдаудың заманауи әдістерімен танысу, тәжірибелік және фактологиялық материалды жинау мақсатымен өткізіледі.

Бейіндік магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламасына өндірістік практика кіреді. Өндірістік практика оқу үдерісінде жинақталған теориялық білімді бекітуге, ғылыми-зерттеу және кәсіби құзыреттіліктерді арттыруға бағытталған.

10.9. Магистранттар мен докторанттардың практикасы оқу жоспарында, практика бағдарламасында және жеке жұмыс жоспарында белгіленген көлемде бекітілген академиялық күнтізбе мен жеке жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

10.10. Педагогикалық практиканың нәтижелері қорытынды конференцияда талқыланып, білім алушылар баяндамалар мен хабарламалар жасайды. Педагогикалық практиканың бағасын педагогика, психология пәндерінің оқытушылары мен мамандандырғыш кафедрадан практика жетекшісі кіретін комиссия қояды.

Зерттеу және өндірістік практиканың қорытындылары кафедра комиссиясына берілетін жазбаша есеп түрінде рәсімделеді.

Толығырақ §§6, 12, 13, 21, 22 қараңыз.
11. «Қазақстан тарихы» бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу
11.1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бакалавриаттың барлық академиялық бағдарламаларында Қазақстан тарихын оқу міндетті талап болып табылады. Бакалавриаттың барлық мамандықтарында білім алушылар «Қазақстан тарихы» пәнін оқып біткен соң, академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестация кезінде мемлекеттік емтихан тапсырады.

11.2. Жоғары білім базасында оқу мерзімі жылдамдатылған қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар «Қазақстан тарихын» оқымайды және емтихан тапсырмайды.

11.3. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханның оқу жұмыс бағдар-ламасы сол пәннің үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жасалып, университеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрін факультеттің Ғылыми кеңесі анықтайды.

11.4. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша емтихан қабылдау үшін құрамында төрағасы және комиссия мүшелері бар Мемлекеттік емтихан комиссия (МЕК) бір күнтізбелік жылға құрылады. МЕК төрағасының кандидатурасы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей ҚР БҒМ-ға жіберіледі және оны министрлік осы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тапсырылған мемлекеттік емтиханның нәтижелері оны өткізу қарастырылған сессияның қорытындыларын шығарған кезде есептеледі.

11.5. Мемлекеттік емтихандағы «қанағаттанарлықсыз» деген бағаны жақсы бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы теориялық оқу кезеңінде оқу жұмыс жоспарында қарастырылған пәндер бойынша барлық оқу сабақтарына ақылы түрде қатысып, ағымдық және межелік бақылаулардың талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға рұқсат алып оны тапсырады.

11.6. Мемлекеттік емтихан бойынша алған оң бағаны көтермелеу мақсатында оны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Толығырақ §§6, 7, 12 қараңыз.

12. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы


    1. Білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредиттерді қайта есепке алып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін 10 күннен 4 айға дейін мерзімге барып келуі.

    2. Академиялық ұтқырлықтың формалары: білімдік машықтану, ғылыми машықтану.

1) Білімдік (академиялық) машықтану – өзге отандық немесе шетелдік ЖОО-да оқылатын пәндер көрсетілген білім алушының жеке жоспары немесе халықаралық (соның ішінде бірлескен) білім беру бағдарламасының негізіндегі оқу, біліктілікті арттыру немесе қайта дайындықтан өту.

2) Ғылыми (зерттеу) машықтану – өзге ЖОО-лар мен елдердің кітапханалық қоры мен басқа ресурстарының негізінде мамандық бойынша дипломдық жұмыс, диссертация, монография жазу және/немесе оқулық, оқу құралын дайындау үшін ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық сипаттағы ақпараттар мен материалдарды жинақтау және талдау жұмыстарын атқару.



    1. Академиялық ұтқырлықтың түрлері: жеке, топтық (ұжымдық), ішкі (ел ішінде), сыртқы (халықаралық), кіріс (халықаралық), қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық.

1) Жеке академиялық ұтқырлық - білім алушылардың белгілі бір кезеңге өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредиттерді қайта есепке алып өз ЖОО немесе өзге ЖОО-да ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық шеңберінде білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін барып келуі.

2) Топтық (ұжымдық) ұтқырлық – білім алушылардың өздігінен немесе оқытушының жетекшілігімен топ құрамында белгілі бір кезеңге өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредиттерді қайта есепке алып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық шеңберінде білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін барып келуі.

3) Ішкі академиялық ұтқырлық - білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына Қазақстанның өзге жоғары оқу орнына игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредиттерді қайта есепке алып өз ЖОО немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін барып келуі.

4) Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық – білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына шетелдік жоғары оқу орнына игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредиттерді қайта есепке алып өз ЖОО немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін барып келуі.

5) Кіріс (халықаралық) академиялық ұтқырлық – шетелдік білім алушылардың 10 күннен 1 оқу жылына (игерген білім бағдарламаларын кредиттер мен бағалар түрінде ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық шеңберінде) дейін мерзімге жоғары оқу орнында білім алу, зерттеулер жүргізу және машықтанудан өту үшін келіп кетуі.

5) Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық – білім алушылардың өзге жоғары орындарына және өзге оқу орындарынан 10 күннен 4 айға дейін мерзімге барып келуі және келіп кетуі.

6) Ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық – білім алушылардың өзге жоғары орындарына және өзге оқу орындарынан 4 айдан 1 жылға дейін мерзімге барып келуі және келіп кетуі.


    1. Университет білім алушылары шетелдік жоғары оқу орындарына білім, ғылыми іс-сапарға барып, машықтануға құқылы.

    2. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету мен жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері және жалпы ережелері Болон үдерісінің негізгі ұстанымдарына сәйкес келеді.

    3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушыларының академиялық ұтқырлығы ЖОО арасындағы келісімдер немесе бірлескен жобалар: ішкі ұтқырлық үшін - білім алушы, жіберетін және қабылдайтын ЖОО арасындағы үш жақты келісім, халықаралық ұтқырлық үшін – шақыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Толығырақ §§6, 23 қараңыз.
13. Білім алушылардың қорытынды аттестациясы
13.1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алушылардың қорытынды аттестациясы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарына академиялық күнтізбеде көрсетіліп, мамандықтың оқу жұмыс жоспарларында бекітілген мерзімде өткізіледі.

Бакалавриат білім алушыларының қорытынды аттестациясы мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмыс (жоба) қорғау түрінде өткізіледі. Магистратура мен докторантура білім алушыларының қорытынды аттестациясы кешенді емтихан мен диссертацияны қорғаудан тұрады.

13.2. Білім алушыларды қорытынды аттестациядан өткізу үшін барлық оқу түрлері бойынша әрбір мамандық үшін мемлекеттік аттестация комиссиялары (МАК) құрылады. Факультет декандары ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін Академиялық мәселелер бойынша департаменттің оқу үдерісін жоспарлау және қамтамасыз ету бөліміне және Жоғары оқу орнынан кейінгі институтқа бітіруші мамандардың саласына сәйкес тәжірибелік еңбек өтілі бар және аталған ЖОО-да жұмыс істемейтін профессорлар, доценттер, ғалымдар, оқытушылар, өндірістің тәжірибелі мамандары және мұғалімдер ішінен МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады. МАК төрағасының кандидатурасы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ҚР БжҒМ жіберіледі де, сол жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей министрлік тарапынан бекітіледі

13.3. Білім алушылар қорытынды аттестацияға тізім бойынша факультет деканының өкімімен (универстет бойынша бұйрық) рәсімделіп қорытынды аттестациялаудан кемінде екі апта бұрын МАК-қа жіберіледі. Магистрлік не докторлық диссертацияны қорғауға білім алушылар МАК төрағасының ұсынысымен университет ректорының бұйрығымен жіберіледі.



Қорытынды аттестацияға жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес оқу үдерісін толық аяқтаған білім алушылар жіберіледі. Бітіруші курстың студенті жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.

13.4. Ректор бекіткен МАК жұмыс кестесі МАК жұмысы басталуына екі апта қалғаннан кешіктірмей жалпы назарға жеткізіледі.

13.5. Бакалавриаттың соңғы курсында білім алушылардың диплом жұмыстарының рецензенттері жұмыс орны мен атқаратын қызметі көрсетіліп және диплом жұмыстарының тақырыптары бітіру курсының басында факультет ұсынған жалпы тізім бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі.

13.6. Магистранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстарының тақырыптары оқудың алғашқы екі ай ішінде университет Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі.

13.7. Дипломдық жұмысты, магистрлік не докторлық диссертацияны рецензиялауды тек қорғалатын жұмыс профиліне сәйкес мамандыққа ие, сырт мекемелердің мамандары ғана жүзеге асыра алады.

13.8. Кешенді емтихан магистратурада диссертацияны қорғаудан бір ай бұрын және докторантурада үш ай бұрын қабылданады.

13.9. Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихандардың жұмыс бағдарламаларын, магистратура мен докторантурадағы кешенді емтихандар бағдарламаларын, осы емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламасы негізінде оларды өткізу технологиясын университет өз бетінше құрастырып, бекітеді.

13.10. Дипломдық жұмыс (магистрлік диссертация) МАК ашық отырысында қорғалады. Докторлық диссертация диссертациялық кеңестің отырысында қорғалады.

13.11. Студентке мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:

1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);

2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;

3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;

4) мүгедектік туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.



13.12. Білім алушы бітіру жұмысын (диплом жұмысы/ жоба немесе магистрлік/докторлық диссертация) ғылыми жетекшісінің (магистрлер мен PhD үшін) оң пікірі болған жағдайда қорғайды. Егер ғылыми жетекші (магистрлер мен PhD үшін) «қорғауға жіберілмейді» деген теріс қорытынды шығарса, білім алушы бітіру жұмысын қорғамайды.

13.13. Магистрлік диссертацияның тақырыбы бойынша кемінде бір, докторлық диссертация тақырыбы бойынша кемінде жеті ғылыми мақала ашық басылымда жариялануы керек.

13.14. Дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік және докторлық диссертациялар плагиатқа міндетті түрде тексеріледі.

13.15. Мемлекеттік және кешенді емтихандарды тапсыру мен диплом жұмыстарды, магистрлік, докторлық диссертацияларды қорғау нәтижелері сол күні жарияланады. Қорғаудың бағасы, сондай-ақ біліктілік пен академиялық дәреже және мемлекеттік үлгідегі диплом (үздік, үздік емес) беру туралы шешім МАК-тың жабық мәжілісінде комиссия мүшелері мен мәжіліске қатысушылар ашық дауысқа салып көпшілік дауыспен қабылданады.

13.16. Бағаны жоғарылату мақсатымен мемлекеттік/кешенді емтихандарды қайта тапсыру және диплом жұмыстарын (магистрлік, докторлық диссертация) қайта қорғауға рұқсат етілмейді.

13.17. Мемлекеттік/кешенді емтиханға себепті жағдайлармен келмеген білім алушы МАК төрағасының атына өтініш жазады, ақтау құжаттарын өткізіп, емтиханды комиссияның келесі мәжілісінде тапсыра алады. Кешенді емтиханды жақсы бағаға тапсырған магистрант/докторант магистрлік/докторлық диссертациясын қорғауға жіберіледі.

13.18. Қанағаттанарлықсыз бағаға ие боған тұлғаларға мемлекеттік/кешенді емтиханды қайта тапсыруға және/немесе дипломдық жұмысты/магистрлік диссертацияны қайта қорғауға қорытынды аттестацияның осы кезеңінде рұқсат етілмейді. Қанағаттанарлықсыз баға қойылғаннан кейін МАК-қа ұсынылған денсаулық күйі туралы анықтамалар қарастырылмайды.

13.19. Дипломдық/магистрлік диссертацияны қорғау қанағаттанарлықсыз деп табылса, МАК сол жұмысты енгізілген өзгерістерімен немесе жаңа тақырыппен қайта қорғауға мүмкіндік береді.



13.20. Қорытынды аттестациядан «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға ие болған білім алушылар ЖОО жетекшісінің бұйрығымен оқудан шығарылып, оларға белгіленген үлгідеге Анықтама беріледі.

13.21. Білім алушының қорытынды аттестациядан қайта өтуі алдыңғы қорытынды аттестациядан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда ғана келесі қорытынды аттестация кезеңінде тек бұрынғы формада жүргізіледі. Мұндай жағдайда мемлекеттік емтиханды тапсыра алмаған тұлғаларға арналған пәндер тізімі білім алушының теориялық курсты аяқтаған жылы бекітілген оқу жұмыс жоспарымен анықталады.

13.22. Қорытынды аттестация нәтижесі бойынша университеттен шығарылған білім алушы келесі оқу жылының қорытынды аттестациясынан кем дегенде екі апта бұрын білім беру ұйымының басшысының атына «F» «қанағаттанарлықсыз» баға алған формаларына жіберуге рұқсат беру жөнінде өтініш жазады. Білім алушы емтиханды қайта тапсыруға немесе диплом жұмысын қорғауға тек ақылы негізде жіберіледі.

13.23. Қорытынды аттестациядан өткен және жоғары білімнің кәсіби білім беру бағдарламасын меңгергенін дәлелдеген білім алушыға МАК-тың шешімімен мамандығына сай біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесі бойынша қосымшасы тіркелген мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Қорытынды аттестациядан өткен магистратураның кәсіби білім беру бағдарламасын меңгергенін дәлелдеген білім алушыға МАК-тың шешімімен мамандығына сай біліктілік немесе «магистр» академиялық дәрежесі бойынша қосымшасы тіркелген мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Қорытынды аттестациядан өткен доктарантураның кәсіби білім беру бағдарламасын меңгергенін дәлелдеген білім алушыға диссертациялық кеңестің ұсынысы бойынша ҚР БҒМ БҒСБК «философия докторы» (PhD) немесе «профиль бойынша доктор» ғылыми дәрежесін береді.

13.24. Философия докторының (PhD) немесе профиль бойынша доктор дайындайтын оқу үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі докторанттың Жалпыға міндетті білім стандарты бойынша көлемде білім беру бағдарламасын меңгеруі болып табылады.

Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, диссертацияны сәтті қорғаған жағдайда магистрантқа оқу мерзіміне қарамай магистр академиялық дәрежесі беріледі.

Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, диссертацияны сәтті қорғаған және докторантқа ғылыми дәрежесін беру туралы диссертациялық кеңестің ұсынысын ҚР БҒМ БҒСБК қанағаттандырған жағдайда оқу мерзіміне қарамай білім алушыға PhD докторы немесе профиль бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріледі.

13.25. Емтихандарды және дифференциалдық сынақтарды А, А- – «өте жақсы», В, В+, В-» жақсы бағаларға тапсырған және оқудың бүкіл кезеңінде орташа үлгерім балы (GRA) 3,5-ден төмен болмаса, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысты А, А- – «өте жақсы» бағаға қорғаса үздік диплом беріледі (әскери дайындық бойынша баға есепке алынбайды).

Егер білім алушы оқу кезінде емтиханды қайта тапсырса, осы ережелердің талаптарына сәйкестігіне қарамастан, үздік диплом ала алмайды.

13.26. Білім беру бағдарламасы бойынша теориялық оқу курсын толық меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) компонентін орындамаған магистранттар мен докторанттарға зерттеу компонентінің кредиттерін қайта меңгеріп, диссертациясын келесі оқу жылында ақылы негізде қорғауға мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) компонентінің игерілмеген кредиттері ғана төленеді.



13.27. Аккредитациядан өткен мамандықтардың түлектерінің қалауымен ақылы негізде Diploma Supplement дипломға Еуропалық қосымша беріледі.

Толығырақ §§6, 7, 12, 13, 14, 33, 34, 35,38 қараңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет