Орташа балды есептеу (GPA): пәнге берілген кредит санына шаққандағы бағаның сандық эквиваленті туындысының сомасы кредиттің жалпы санына бөлінеді.
GPA-ді есептеудің үлгісі:
Пән
|
Кредит саны
|
Әріптік жүй бойынша бағасы
|
Сандық эквиваленті
|
Химия
|
3
|
A
|
4.0
|
Информатика
|
2
|
B
|
3.0
|
Физика
|
6
|
F
|
0.0
|
Химия 4.0 х 3 = 12.0
Информатика 3.0 х 2 = 6.0
Физика 0.0 х 6 = 0.0
Көбейтінділердің сомасы = 12 + 6 + 0 = 18.0
Кредиттердің жалпы саны = 3+2+6 = 11
GPA = Көбейтінділердің сомасы / кредиттердің жалпы саны = 18,0/11 = 1,64.
Офис-регистратор (Office of the Registrar) - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысып, оның академиялық рейтингісін есептейтін және білімін бақылаудың барлық түрлерінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін академиялық қызмет.
Өндірістік практика – білім алушылардың жоғарғы оқу орнында негізгі (базалық) және бейіндеуші пәндер циклдары бойынша алған теориялық білімдерін маман ретінде тәжірибелік түрде қызметін атқару арқылы бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге, болашақ мамандығы бойынша кәсіби және ұйымдастыру жұмысындағы озық тәжірибелерде меңгеруге бағытталған кәсіби практиканың түрі. Өндірістік практика кезінде студенттің кәсіби қызметке дайындығы реалды өндірістік жағдайда жүргізіледі.
Пәндер каталогы – барлық пәндердің оқу мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдерінің), күтілетін оқу нәтижелерін (білім алушы игеретін білімдер, дағдылар, құзыреттіліктерін) көрсететін қысқаша сипаттамаларынан тұратын жүйеленген аннотацияланған тізім.
Пәнді қайта оқу (Retake) – қорытынды бағасы «қанағаттанарлықсыз» («F») болған жағдайдағы пәнді қайта оқу.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) – силлабус, қысқаша дәрістер қонспектісі, зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының тапсырмалары, СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ тапсырмалары, тақырыптар мен сабақ түрлері бойынша өзіндік жұмыс үшін оқу-практикалық материал (кейстер, есептер жинақтары, талдау үшін мақалалар және т.б.), пәннің әдістемелік қамтылу картасынан тұратын құжат.
Педагогикалық тәжірибе (практика) – жоғарғы оқу орынында оқу барысында білім алушылардың алған теориялық білімдерін бекітуге, педагогикалық дағдыларды игеруге, болашақ педагогикалық мамандығы бойынша кәсіби және ұйымдастыру жұмысындағы озық тәжірибелерде меңгеруге бағытталған білім беру жүйесі мемекемелеріндегі кәсіби практиканың түрі.
Постреквизиттер (Postrequisites) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер.
Пререквизиттер (Prerequisites) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер.
Сабаққа қатысу мен үлгерімнің электрондық журналы – оқытушылардың академиялық кезең бойы толтырып отыратын ҚазҰУ-дың «Univer» жүйесіндегі on-line журналы.
Силлабус (Syllabus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімін көрсететін пәннің оқу бағдарламасы.
Студент/магистрант/докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ/МҒЗЖ/ ДҒЗЖ) – бірыңғай оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық үдерістің ажырағысыз құрамшысы ретінде университтетегі жоғары білікті мамандарды даярлаудың міндетті бөлігі.
Таңдау компоненті – жоғарғы оқу орындары ұсынып студенттер кез келген академиялық кезеңде пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып өз бетімен таңдайтын оқу пәндері және оларға сәйкес келетін кредиттер көлемінің (немесе академиялық сағаттардың) тізімі.
Тәжірибе базасы – білім алушылардың кәсіби тәжірибесі өтетін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, оқу орындары, ғылыми институттар мен орталықтар немесе жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімдері.
Теоретиялық оқу – үлгілік оқу жоспарлары бойынша жалпы білім, базалық және бейіндеуші пәндер циклдарынан, негізгі оқу жоспарлары бойынша - мемлекеттік міндетті, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби модулдерінен тұратын білім беру бағдарламасының бөлігі.
Транскрипт (Academic Transcript) - білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізімінен тұратын құжат.
Тьютор (Tutor) – білім алушының нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы.
Түлек шығаратын (мамандайтын) кафедра - өз саласы бойынша маман дайындап шығаратын кафедра.
Үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ) - Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен Жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты.
Үлестірмелі материалдар (Handouts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар).
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор (Doctor) – сәйкес мамандықтар бойынша докторантураның кәсіби білім бағдарламаларын игерген тұлғаларға тағайындалатын дәреже.
Шетелдік ғылыми тағылымдама – оқуға және/немесе диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыстарын атқару мақсатымен материал жинақтау үшін магистратура және докторантурадағы білім беру бағадарламалары бойынша білім алушылардың шетелдік ұйымдарға барып келуі.
Эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы; бір тұлға куратор мен эдвайзер функцияларын қатар атқаруы мүмкін.
Элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері.
3. Жалпы ережелер
3.1. Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемі оқу жылы бойы игерілетін кредиттермен өлшенеді. Білім алушы университеттегі жалпы оқу мерзімінде, яғни бакалавриатта - төрт оқу жылында; магистратурада - бір, бір жарым, екі оқу жылында; докторантурада - үш оқу жылында белгіленген кредит санын меңгеруге тиіс.
Бакалавриаттағы мамандықтардың негізгі оқу жоспарларына үш: мемлекеттік міндетті, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби пәндердің топтамасы кіреді. Әр блок міндетті және таңдаулы компоненттердің кредит сандары көрсетілген пәндерінен тұрады. Әдетте әр пән бір семестр бойы оқылады, бірақ оқу жоспары әр пәннің пререквизиттерін ескере отырып жүйелі түрде құрастырылады.
Магистратура мен докторантураның оқу жоспарлары модулдік негізде құрастырылып, үш блоктан тұрады. Магистратурада – міндетті мемлекеттік модуль, міндетті кәсіби модулдер және жеке білім беру траекториялардың модулдері. Докторантурада - міндетті мемлекеттік модуль, кәсіби мамандандырудың элективті модулдері және жеке білім беру траекториялардың модулдері. Модулді құрайтын пәндер бір семестрде бірге немесе бірінен кейін бірі оқу жылында оқылуы мүмкін.
3.2. Оқу жылы аралық бақылау, қорытынды бақылау (сессия), қорытынды аттестация (бітіруші курс үшін), тәжірибе мен демалыс күндері кіретін академиялық кезеңдерден (семестрден) тұрады. Теориялық оқыту кезеңінің ұзақтығы жазғы семестрді қоспағанда 8 аптадан 15 аптаға дейін.
3.3. 6 аптаға созылатын жазғы семестр өткізіледі. Жазғы семестрде, әдетте, оқу бағдарламасы бойынша меңгерілмей қалған пәндер, сондай-ақ басқа мамандықтан, басқа университеттерден келген білім алушылар үшін пәндер оқытылады.
Жазғы семестрдегі оқу тек ақылы негізде ғана жүргізіледі.
Жазғы семестр білім алушының пән бойынша қанағаттандырарлықсыз бағасын жоюға, оқу жоспарындағы айырмашылықты жоюға, пререквизиттерді өз уақытында меңгеру есебінен өзінің жеке жоспарына түзетулер енгізуге, үлгерімінің орташа балын көтеруге (GPA) мүмкіндік береді. Жазғы семестр кезінде қажетті кредиттерді меңгеру үшін жазғы семестрге екі апта уақыт қалғанға дейін білім алушы 9 кредитке тіркеле алады.
Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балын жинай алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.
3.4. Әр оқу жылының ұзақтығы мен уақыты оқу жылы басталардан 3 ай бұрын Академиялық күнтізбеде басылып, білім алушылар мен оқытушылардың назарына ұсынылады. Білім алушыларды факультет ұсынған элективті пәндер мазмұнымен кеңінен таныстыру мақсатында оқу жоспарының әр блогы бойынша пәндердің Каталогы басылып шығарылады. Каталогты кафедралар дайындап, білім беру деңгейі бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті мен Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты үйлестіріп іріктейді және білім алушылар назарына ұсынады.
Толығырақ §§6, 7, 12, 13 қараңыз.
4. Білім алушылардың жеке білім траекториясын таңдау
4.1. Негізгі (үлгілік) оқу жоспары мен пәндер (модулдер) каталогы негізінде білім алушы оқудың жеке траекториясын өз бетінше қалыптастырады. Білім алушы жеке оқу жоспарында көрсетілетін міндетті және элективті пәндердің қажетті санын таңдайды. Осыдан кейін негізгі (үлгілік) оқу жоспарына және білім алушылардың жеке оқу жоспарларына сәйкес мамандық бойынша бір оқу жылына оқу жұмыс жоспарлары құрастырылады.
Білім алушы ЖОЖ-дың құрастырылуына және мамандықтың жұмыс оқу жоспары талаптарына сәйкес оқу курсын толық меңгеруге жауапты.
4.2. Жеке оқу жоспары эдвайзердің жетекшілігімен бір оқу жылына құрастырылады. Эдвайзерлердің тізімін факультет деканы бекітіп офис тіркеушіге тапсырады. Магистранттар мен докторанттардың оқуын жеке жоспарлауына олардың ғылыми жетекшілері (кеңесшілер) қатысады.
Қашықтан білім алу технологиялары бойынша оқитын тұлғалардың жеке оқу жоспарын құрастыру үшін Қашықтықтан оқу орталығы тьютор тағайындайды.
4.3. Білім алушының ЖОЖ-ына енгізілген кредиттердің максимал саны негізгі (үлгілік) оқу жоспары бойынша осы оқу жылы мен семестрге тағайындалған кредиттер саны сәйкес келу керек. Ақылы негізде білім алушылар оқу жоспарында көрсетілгеннен аз кредиттер санын кіргізіп өздерінің ЖОЖ-ын құрастыруына болады, мұндай жағдайда жалпы оқу мерзімі ұзарады.
4.4. Пәндер туралы мәлімет, сондай-ақ олардың қысқаша мазмұны пәндер (модулдер) каталогында көрсетіліп, кафедралар және эдвайзерлер арқылы білім алушылардың назарына ұсынылады; сонымен қатар «Univer» жүйсінде және университеттің веб-сайтына енгізіледі.
4.5. Оқу жұмыс жоспарларына сәйкес пәндердің оқу-әдістемелік кешендері (ПОӘК) осы пәндер (модулдер) оқылатын семестр басталғанға дейін 10 күн бұрын «Univer» жүйесіне енгізілуі керек. Осы белгіленген мерзімнен кейін жүйе автоматты түрде жабылады.
4.6. Пәндерді (модулдерді) таңдау барысында пәндерді оқып-игерудің бірізділігі міндетті түрде ескерілуі тиіс. Білім алушы алдыңғы семестрде осы пәннің перереквизиттерін меңгермеген болса, онда ол бұл пәнге тіркеле алмайды.
Бірізділікті сақтау мақсатымен академиялық қарыздарды келесі теориялық оқыту кезеңдерінде жою мүмкіндіктері туралы ақпаратты академиялық қарыздары бар білім алушыларға жеткізуге кафедра меңгерушілері мен эдвайзерлер жауапты.
4.7. 3 данада құрастырылған ЖОЖ-ға білім алушының қолы қойылып, келісімге эдвайзерге беріледі.
Ескерту болмаған жағдайда эдвайзер ЖОЖ-ға қол қойып, Тіркеуші Кеңсесі келісіміне ұсынады. Факультет деканы бекіткеннен кейін бір данасы білім алушыда қалады, екінші данасын аттестациялау үрдісінде пайдалану үшін эдвайзер Тіркеуші кеңсесіне береді, ал үшінші данасы эдвайзерде сақталып, білім алушының оқу жоспарын орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады. ЖОЖ-ды тіркеушінің кеңсесіне өткізудің соңғы мерзімі - семестрдің бірінші аптасы. Білім алушының ЖОЖ-ы оның ІD жеке идентификациялық нөмірімен тіркеледі.
4.8. Негізгі немесе үлгілік оқу жоспары және білім алушылардың Жеке оқу жоспарлары негізінде кафедралар оқу жұмыс жоспарларын құрастырып, факультеттер Ғылыми кеңестері мен университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңестің ұсынысы бойынша университеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі.
4.9. Білім алушы ЖОЖ-ды Академиялық күнтізбеде көрсетілгендей теориялық оқытудың басталуына дейін мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарының шегінде қайта тіркелу кезеңінде немесе бағдарлау апталығы кезеңінде өзгерте алады.
4.10. Халықаралық алмасу білім бағдарламалары бойынша немесе академиялық ұтқырлық шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың серіктестік бағдарламалары бойынша шетелдік ЖОО-да білім алып жатқан студенттер, магистранттар және докторанттардың университет мамандығының бекітілген оқу жоспарына сәйкес пәндер бойынша шетелде оқыған кезеңдегі жинаған кредиттері қайта есептелуі мүмкін. Кредиттерді қайта есептеу үшін мамандандырғыш кафедра шетелдік ЖОО-да оқылған пәндердің мазмұнының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоспарындағы пәндерге сәйкестігін анықтайды.
Толығырақ §§6, 7, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 24, 28, 29, 30, 36, 37 қараңыз.
5. Оқу сабақтарына қатысу үшін тіркелу
5.1. Әрбір пән (модуль) бойынша сабақтар және сабақ кестесін құру білім алушылардың пәнге (модулге) тіркелу негізінде жүзеге асырылады. Білім алушы мамандық бойынша оқу жоспарында көрсетілген кредиттердің белгілі бір мөлшеріне тіркелуі тиіс.
5.2. Білім алушының алдағы оқу жылына оқу пәндерін оқып-игеруге тіркелуі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Univer» (http://univer.kaznu.kz) жүйесінде, кафедралардың әдістемелік көмегі мен кеңес беру арқылы on-line режимінде жүргізіледі. Білім алушы өзінің жеке оқу траекторияларын эдвайзермен егжей-тегжейлі талқылағаннан соң пәнге тіркеу жүзеге асырылады, эдвайзер бекітілген жұмыс оқу жоспарларына және пәндер каталогына сәйкес пәндерді таңдау мәселелері бойынша түсінік береді.
Тіркелу мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетіледі.
5.3. Университетке жаңа түскендер үшін мерзімдері академиялық күнтізбеде көрсетілетін бағдарлау (ұйымдастыру) кезеңінде кредиттік оқыту жүйесі, пәнге тіркеу рәсімдері таныстырылады.
Бағдарлау кезеңінде әкімшілік өкілдерімен, факультет декандарымен, кафедра меңгеру-шілерімен, эдвайзерлермен кездесулер өткізіледі. Әрбір білім алушыға ІD идентификациялық нөмірі (логин) беріліп, білім алушы сол бойынша жеке оқу жоспарын оқу пәндеріне он-лайн жолымен тіркейді.
5.4. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жаңа түскендерді тіркеу бағдарлау кезеңінен өткен соң, бірінші семестр басталғанға дейін жүргізіледі. Білім алушылардың бұл категориясы үшін тіркеуге жіберуге университеттің білім алушы/ магистранттары/РhD докторанттары қатарына қабылдау туралы бұйрық және семестрдегі оқудың төлем ақысы (егер оқыту ақылы негізде жүргізілетін болса) негіз болып табылады.
Қалған білім алушылар келесі оқу жылының пәндеріне және пәнді қайта өтуге (Retake) академиялық күнтізбеде көрсетілген тіркеу кезеңінде тіркеледі.
5.5. Тіркеуге жіберуге:
▪ белгілі бір пәндерді оқып-игеру үшін талап етілетін барлық пререквизиттерді оқып-өту;
▪ оқу төлем ақысы бойынша қаржылық қарыздың болмауы;
▪ білім алушының кешенді медициналық тексеруден (оқу жылында кемінде бір рет) өтуі міндеті болып табылады
5.6. Соңғы оқу жылында білім алушылардан басқаларының жазғы семестрге тіркелуі көктемгі семестрді бітіргеннен кейін жүзеге асырылады.
5.7. Пәнді қайта оқып-игеру (Retake) үшін тіркеу жалпы тіркеудің белгіленген мерзімдерінде жүзеге асырылып, бірақ оқу үшін алдын ала төлем жасауды талап етеді, себебі пәнді қайта оқып-игеру барлық мамандықтар мен оқыту түрлері үшін тек қана ақылы түрде жүргізіледі.
5.8. Білім алушылардың академиялық топтары аталған пәнге жазылған білім алушылар санының жеткіліктілігі бойынша құрылады. Міндетті пәндерге тіркелгендердің бакалавриатта талап етілетін ең аз мөлшері:
▪ дәрістерде – кемінде 40 адам;
▪ тәжірибелік сабақтарда – 20-25 адам;
▪ білім алушылар контингенті аз мамандықтарды санамағанда, тілдік, зертханалық сабақтарда – артығы 12 адамды құрайды.
Білім алушылардың академиялық топтарының білім алушылар контингенті шағын мамандықтардың элективті пәндері бойынша білім алушылардың барлығының бір пәнге жазылу ұстанымы бойынша құрылады. Мұндай жағдайда білім алушылардың жалпы саны 10-12 адамнан артық болмауы тиіс.
Білім алушылар саны бекітілген ең аз мөлшерден кем болған жағдайда пән ашылмайды. Осы пәнге жазылған білім алушыларға тіркеу аяқталғаннан кейін 3 күннің ішінде бұл туралы ескертіліп, пәнді қайта таңдаулары сұралады.
Белгілі бір оқу пәніне тіркелген білім алушылардың саны осы пәнге бекітілген ең көп мөлшерден асып кеткен жағдайда бұл пән бойынша қосымша академиялық топ (ағым) құрылады.
5.9. Магистратура мен РhD докторантура топтарын құру барысында университет ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-нұсқаулық құжаттарын басшылыққа алады. Академиялық ағымдар білім алушылар контингенті аз мамандықтарды санамағанда максимал есеппен 20-25 адамнан құрылады.
5.10. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да электрондық оқу-әдістемелік материалдарды (е-ПОӘК және т.б.) пайдалану арқылы қашықтықтан оқыту технологиялары қолданылады. ҚР БҒМ нормативтік құжаттары бойынша белгіленген жағдайларда оқу жоспарындағы кейбір пәндерді қашықтан оқуға болады.
Толығырақ §§6, 7, 12, 13, 18, 19, 36, 37 қараңыз.
6. Білім алушылардың өзіндік жұмысы
6.1. Кредиттік оқыту технологиясында білім беру бағдарламасын толық қанды меңгеру үшін білім алушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды кең көлемде атқарады. Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) және студенттің толығымен өзі орындайтын жұмысы (СӨЖ).
6.2. ОСӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын студенттің аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады, ол факультет деканы бекіткен жеке кесте бойынша жүргізіледі. ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша консультациялар және семестрлік жұмыстардың, есептер мен басқа да СӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі.
6.3. Өзіндік жұмыстың барлық түрі силлабус пен ПОӘК-та көрсетіліп, нақты тапсырмалары, бағалау критерийлері және тапсырмаларды өткізу кестесі келтіріледі.
6.4. Егер өзіндік жұмыс тапсырмалары білім алушыға қиындық туғызбаса, оның ОСӨЖ/ОМӨЖ/ОДӨЖ кестесінде көрсетілген аудиторияда болуы міндетті емес. Оқытушы ОСӨЖ/ОМӨЖ/ОДӨЖ кестесінде көрсетілген аудиторияда толық уақытта болуы міндетті. ОСӨЖ/ОМӨЖ/ОДӨЖ орнына семинар, практикалық және зертханалық сабақтарды жүргізуге болмайды.
Толығырақ §§6, 12, 13, 20 қараңыз.
7. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы
Білім беру бағдарламаларын меңгеру аясында магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын орындайды, оған ғылыми жарияланымдар дайындығы мен магистрлік/докторлық диссертацияның орындалуы кіреді.
Ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы ғылыми жетекшілердің/ кеңесшілердің жетекшілігімен орындалады. Олар оқуға түскеннен кейін бірінші екі айда факультет Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Ғылыми жетекші/кеңесшілердің кәсіби сәйкестігі білім алушының диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша отандық және нольдік емес импакт-факторы бар шетелдік басылымдардағы ғылыми жарияланымдармен дәлелденеді.
Ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын орындау үшін магистранттар мен докторанттар жеке оқу жоспарымен қатар толық оқу мерзіміне жеке жұмыс жоспарын жасайды; оған ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының жоспары, тәжірибеден өту жоспары, диссертация тақырыбы, оның негіздемесі мен құрылымы, диссертация орындау жоспары, ғылыми жарияланымдар мен шетелдік машықтану жоспары кіреді.
Магистратура/докторантурада білім алушылардың ғылыми жетекші/кеңесшілері магистрант/докторанттардың жеке жұмыс жоспарларының құрастыруына қатысып, олардың оқу және ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысына бағыт береді және жоспардағы барлық жұмыстардың сапалы да уақытылы орындалуына жауапты болады.
Магистрант/докторанттардың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының кредиттері оқу семестрлері бойынша бөлінеді. Әр академиялық кезеңнің аяғында ғылыми жетекші/кеңесшілердің қатысуымен мамандандырғыш кафедраның отырысында білім алушылар жасалған жұмыс бойынша презентациясын ұсынады.
Магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының нәтижелері толық оқу мерзімінде 100-балдық шкалаға сәйкес ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыстың әр сатысы бойынша бағаланады.
Магистранттар мен докторанттар жеке жұмыс жоспарын орындау барысында диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша алыс-жақын шет елдердің алдыңғы қатардағы ЖОО-да және/немесе ірі зерттеуші орталығында міндетті түрде шетелдік машықтанудан өту керек.
Шетелдік ғылыми машықтану бағдарламасы ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмыстың жеке жоспарына сәйкес әзірленіп, факультет Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. Шетелдік машықтануды қаржыландыру нормативтері ҚР БҒМ нормативтік құжаттары және Университет білім алушылары мен ПОҚ шет елдерге іс сапарға шығу ретінің ережесі бойынша бекітіледі.
Шет елдерге ғылыми машықтануға баратын магистранттар мен докторанттардың шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификаты (ағылшын тілі үшін TOEFL, IELTS, басқа тілдер үшін сертификаттары) болу керек.
толығырақ §§6, 7, 13, 14, 32, 34, 35 қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |