1. Электрохимиялық технологиялардың қолданылатын салаларына мысал келтіріңіздер


Сутегі энергетикасының қазірі мен келешегіне, бұл саладағы электрохимиялық процестердің маңызына шолу жасаңыз



бет29/39
Дата09.07.2020
өлшемі426,85 Kb.
#74994
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
shpor elektrokhimia-1
ОПАХП #3 GUKA, Mekhanika, Mekhanika, Variant 10, сырье90, Аналит мышл, v 1 angl lek-gram
30. Сутегі энергетикасының қазірі мен келешегіне, бұл саладағы электрохимиялық процестердің маңызына шолу жасаңыз.

Сутегі – болашақ энергия көзі жөнінде аздап сөз болмақ. Бензин немесе көмір отындарымен салыстырғанда сутегін энергия көзі ретінде пайдаланудың пайдалы жақтары өте көп. Атап өтер болсақ, сутегі экологиялық тұрғыдан өте таза, қауіпсіз болып табылады. Сутегін пайдаланып оны энергия алу үшін жаққан кезде тек қана су түзіліп, ешқандай басқа зиянды күл немесе канцерогенді заттар бөлінбейді. Қуаты жағынан сутегі ешқандай жоғары сапалы бензиннен төмен болмайды. Бірақ та, қазіргі кезде жер шарында сутегі қоры өте аз болып табылады. Соңғы кездерге дейін сутегі суды электролиздеу арқылы алынып келінді. Сутегіні электрлік химиялық тәсілмен өндірудің артықшылығы-технологиялық процестің үздіксіздігі мен қарапайымдылығы, экологиялық қауіпсіздігі, шикізатқа мұқтаждықтың жоқтығы және сутегіні жоғары сапада өндірілуі. Алайда, бұл әдіс көп мөлшерде электр эенергиясын қажет етуі себепті, экономикалық тұрғыдан өзін-өзі ақтай алмайды. Сондықтан, өнеркәсіптік мақсатта сутегін, негізінен, табиғи газдан алады. Мұндай жолмен алынған сутегінің өзіндік құны суды электролиздеу жолымен алынғанмен салыстырғанда 2-3 есе арзанға түседі. Осындай жолмен жер шарында жылына орта есеппен 30 млн. Тоннадан артық сутегі алынады. Бірақ, табиғи газ қорының да азая бастауына байланысты, мұндай жолмен сутегін алудың да келешегі жоқ деп есептеуге болады. Сондықтан ғалымдар сутегі алудың жасанды жолдарын қарастыруда. Міне, сондықтанда ғалымдар алдында тұрғаган  келелі мәселелердің бірі – бүгінгі және келешектегі энергияны миллиондаған тонна органикалық отын түрлерін жақпай-ақ, отынның жаңа түрін пайдаланып өндіру яғни, қоршаған ортаға бөлінетін залалды қосылыстар мөлшерін азайту т.б болып табылады. Міне, осыған сәйкес ғалымдардың болжауларынша, келешекте органикалық  отын түрлерін сутегі элементімен алмастыруға әбден болады   екен. Сол сияқты тіпті, байырғы отын түрлерінің орнына сутегін отын есебінде  пайдалану үшін көп техникалық өзгерістерде қажет емес. Демек, сутегін отын есебінде пайдалануды іске асыру үшін соңғы жылдары  көптеген елдерде  едәүір жұмыстар жүргізілуде. Оның өзіндік себептеріде бар. Сутегі табиғи ортаны ластамайтын отын түрлерінің бірі саналады, ал оның  ең  басты қасиеті сутегінің жану температурасы кәдімгі бензиннен  үш есе артық. Міне, осындай қасиеттері сутегін келешектің энергия көзі есебінде пайдалануға мүмкіндік береді. Дегенмен, сутегін отын есебінде игерудің әліде шешілмеген проблемалары көп. Біріншіден, ол тез жарылып, қопарылыс тудыратын заттар қатарына жатады, сондықтанда оны үлкен сақтықпен пайдалану қажет. Екіншіден, оның  өзіндік құныда әзірше бензинмен салыстырғанда қымбат. Міне осындай қиыншылықтарына қарамастан сутегін өндіру жыл сайын артуда. Демек,  сутегінің сарқылмас көзі-өзен, теңіз және мұхит сулары. Ал бұл сулардан өндіру үшін электрохимиялық цикл – процестерін жүргізеді.  Жалпы алғанда, сутегін келешек энергия көзі есебінде қарастырған көптеген  елдер  әртүрлі салада  ғылыми  жұмыстар жүргізуде. Дегенменде бүгінгі  таңдағы болашагы сутегімен жұмыс істейтін двигательдердің  ең тиімді  әрі қолайлы түрі  жасала  қойған жоқ. Алайда,  сутегін келешекте двигательдерде  пайдаланудың перспективасы мол, әсіресе  ғарыш кемелерімен ракета техникаларын осы отын түріне көшірудің пайдасы айтпаса түсінікті. Міне сондықтанда сутегі двигателі – келешекте шексіз мол энергия көзін пайдаланудың жаңа әдісі. Сол сияқты тұрмыс қажеті үшін электр энергияны сутегінің көмегімен алатын кішігірім қуатты қондырғылар Жапонияда т.б. елдерде жұмыс істейді. Демек, сөзімнің түйіні келешекте сутегімен жұмыс істейтін қуатты электр станциялар бой көтеріп, адам, қоғам қажетін тегін, ең арзан энергиямен қамтамасыз етері сөзсіз. Сөйтіп, болашақта осы көздерді тиімді пайдалану жолын әлем елі болып нақты түрде іске асырған кезде Жер-анамызды таза күйінде сақтауға мұның тигізер пайдасы орасан зор болмақ. Ал, екінші жағынан Киота келісім-шартына сәйкес республикада мұны іске асырудың басты бағыты боларыда сөзсіз. Демек, сөзімді түйіндеп айтар болсам Елбасының жоғарыда энергия түрлерін үнемдеуге орай айтқан сөзін нақты түрде іске асыру үшін компаниямен кәсіпорын басшылары болып жұмыла көтеріп, қазіргі ағымға сәйкес тиісті жұмыс атқару біздің басты міндетіміз деп санаймыз.

Қорыта айтқанда болашақтың энергия көздері күн батареяларымен сутегі отынын үнемдеуге көшу – кезек күттірмейтін іс деп білген жөн.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет