38. Коррозияның орын алуымен классификациялануы Электрохимиялық коррозияның орын алу ерекшеліктері.
Металдардың қоршаған ортамен әрекеттесіп, өздігінен бүліну құбылысын ғылыми тілде коррозия деп атайды. Өндірістегі коррозиялық құбылыстар, металл мен ерітінді электролиттермен жанасуы негізінде байқалады. Сондықтан коррозия электрохимиялық процестер болып табылады.
Химиялық коррозияда металл және металл емес атомдар арасында кәдімгі гетерогенді химиялық реакция жүреді. Мысалы, жоғары температурадағы металдың оттекпен тотығуы немесе қалыпты температурада алюминий бетінде оксидтердің түзілуі, металдардың кұкіртпен немесе хлормен әрекеттесуі мүмкін:
2Ft + 3/2O₂ → Fe₂O3
Алюминийдің беті ауадағы оттекпен әрекеттесіп, металл оксиді түзіледі. Сол себептен бұл металдан жасалған заттардың тұрақтылығы, оның бетінде түзілген оксидтердің қасиетіне тікелей байланысты. Егер түзілген оксид қабыршақтанып, металл бетіне түсіп қала беретін болса, онда металдың жаңа қабаттары тотыға бастайды, ал мұндай зат тез істен шығады. Әдетте алюмиий бетінде пайда бодатын металл оксиді, металдың бетіне жабысқан біртұтас тығыз пленка түрінде кездеседі. Ауадағы оттек бұл жұқа оксид қабықшасы арқылы тереңге өте алмайды. Сол себептен алғашқы пайда болған металдың тығыз оксид қабаты, алюминийден жасаоған заттарды әрі қарай коррозияға ұшырауынажол бермиді. Бірақ барлық металдардың оксидтері өздерін коррозиядан қорғайды деген біржақты ойлауға болмайды.Себебі әр металдың оксидтерінің қасиеттері әр түрлі.
Электрохимиялық коррозия процесі сулы ерітінділерінде жақсы байқалады және металл бетінде жүретін тотығу- тотықсыздану реакциялары электрохимиялық жолмен жүреді.Электрохимиялық коррозияның химиялық коррозиядан ерекшелігі, ол коррозияға түсетін металдың потенциялына тәуелді. Кейбір ғалымдардың жорамалы бойынша, электролиттегі металдардың коррозия кезінде тотығу, негізінен, электрохимиялық жолмен жүреді, бірақ химимялық реакйиялар да орын алуы мүмкін.Элекрохимиялық коррозияның негізі теорияларының бірі коррозияға ұшырайтын металл беттерінде бірыңғай емес микроаумақтардың болуына негіздеоген. Коррозияға түсетін металдардың аумақтарында катод және анод реакциялары орын алады. Сөйтіп, коррозияға түсетін металдың бетңн сыртқы және ішкі тізбектерден тұратын өте көп гальваникалық элеменет жұптарының жиынтығынан тұрады деп қарастыруға болады.Коррозия жылдамдығы металдың табиғатына және температураға, коррозия жүретін ортаға және деполяризатордың концентрациясына байланысты өте аз мөлшерден, жүздеген кг/м² сағатқа дейін ауытқып тұрады.Коррозия құбылысы металдардың электролиттермен жанасқан кезінде орын алады.сол себептен электрохимимялық механизм, металл еруінің тек жалғыз механизмі болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |