37.Қаптамаларды алар алдындағы дайындық жұмыстары. Электрохимиялық өңдеу туралы түсінік.
Сапалы гальваникалық қаптаманы алудағы басты шарт бөлшектердің беткі қабатының жағдайына сәйкес дайындық жұмыстарын жүргізу болып табылады. Қаптаманың беттік қабатпен берік ілінісуі үшін бөлшектің беттің әртүрлі ластағыш заттардан толық тазалау қажет. Беттік қабаттан бөліп алуға болатын ластағыш заттар үш топқа бөлінеді:
1.Майлы ластағыштар
2.Әр түрлі тотықтар.
3.Технологиялық және әртүрлі жағдайларға байланысты туындайтын ластағыштар (құм, қалыптауға арналған топырақ әртүрлі металдардың бөлшектері).
Гальваникалық қаптаманы дұрыс дайындамаған жағдайда олардың бетінде айқын және жасырын кемістіктері пайда болады. Ал бөлшектің белгілі бір аймақтарының ластануы барысында кеуекті немесе тегіс емес , ауа көпіршіктері толған және басқа да ақаулары бар қаптама түзіледі.
Гальваникалық қаптаманы отырғызу алдында бөлшектің беттік қабатын дайындаудың белгілі үш түрі бар:механикалық дайындық, химиялық дайындық, электрохимиялық дайындық.
Механикалық дайындық беттік қабаттың кедір – бұдырлығын азайтады, сондайақ кейбір кемшіліктерді (сызаттар, коррозия өнімдері) жояды. Және беттік қабатқа металдық жылтырлық береді. Кейбір жағдайда арнайы механикалық өңдеу көмегімен матирлеу тегіс жылтыр емес беттік қабат жасау арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар механикалық дайындыққа шлифтеу(ыспалау), жылтыратып өңдеу , гидроабразивті өңдеу жатады.
Химиялық және электрхимиялық дайындыққа майсыздандыру, жемірілу, активация және жылтыратып өңдеу жатады. Жоғарыда көрсетілген операциялар жүйесі гальваникалық қаптаманы отырғызу алдында беттік қабаттан ластағыш заттарды, коррозия өнімдерін және тотықтарды жою үшін жүргізіледі. Дайындық операциялар жүйесін жүргізгеннен кейін бөлшектерді сумен жуу қажет. Жуу кезінде органикалық ластаушы заттардың гальваникалық қаптама отырғызылатын беттік қабатқа адсорбциялануы олардың бөлінуіне алып келетін зиянды болып табылады. Дайындықтың технологиялық процесінің сызбанұсқасы алынған негізгі металдың химиялық құрамына, осы металдың беттік қабатының тегістік және ластану дәрежесіне, бөлшек конфигурациясына байланысты болады.
Электрохимиялық өңдеу үшін және көптеген электрохимиялық процесстерде концентрленген ерітінділер қолданылады – қышқылдар, сілтілер, тұздар ерітінділері. Олар коррозияға жоғары төзімділікке ие. Осыған байланысты ванналардың электрохимиялық стакандардың конструкциялық материалдары коррозияға жоғары тоөзімді болу керек. Сілтілік электролиттер үшін – аз легирленген болаттар, қышқыл және тұздардың концентрленген ерітінділері үшін – жоғары легирленген тот баспайтын болаттар, және де полимерлі конструкциялы материалдар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |