18. Катодтық және анодтық үдерістерді болжаудың негізі неге байланыстылығын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Су ерітінділерінде, катод электродында жүретін негізгі реакциялардың бірі – сутегінің бөлінуі.Жоғары тоқ тығыздығында, электродтарда барлық уақытта сутегі бөленеді.Қышқыл ерітінділерде, сутегі – гидроксоний ионы түрінде разрядталады:
+2e H₂ +
Сілтілі ерітінділерде, су молекуласы тікелей электрон қосып алу арқылы сутегі газы және гидроксид иондары түзіледі:
2H₂O +2e H₂ +
Сутегінің бөліну процесі бірнеше стадиядан тұрады.Бірінші стадиясы – электрод бетіне сутегі иондарын тасымалдау болса, екінші стадиясы – сутегі иондарының адсорбцияланған сутегі атомдарын түзе отырып разрядталуынан тұрады:
+e + H₂O немесе
H₂O -e +
Разрядталу, қай ортада жүрсе де, процестің нәтижесінде – электродта адсорбцияланған сутегі атомы болады.Адсорбцияланған сутегі атомдары үш түрлі жолмен электродтан бөлініп кете алады: каталитикалық рекомбинация, электрохимиялық десорбция J рекомбинацияға түсіп, сутегі молекуласы түзіліп, ол электрод бетінен десорбциялану өнімі түрінде бөлінеді:
+ H₂
Бұл жағдайда катализатор ролін электрод атқарады.
Электрохимиялық десорбцияда – сутегі иондары электродта адсорбцияланған сутегі атомдарының бетінде разрядталып, молекула түрінде бөлінеді:
+ +е H₂+H₂O немесе
+ +е H₂+
Эмиссия механизмі бойынша, адсорбцияланған сутегі атомы буланып, электрод бетінен атом түрінде бөлінеді:
H
содан кейін ерітінді көлемінде рекомбинациялану арқылы сутегі молекуласы түзіледі.
Ең қарапайым анод реакциясының механизмі, ерітіндідегі иондардың электрондарның алынып, олардың тотығу дәрежелерінің өсуі:
-e
-e
-e
Көпшілік жағдайда бұндай реакциялар қайтымды болып келеді.Электрохимиялық электрод реакциясында – тотықтыратын аралық агент түзіліп, сонан соң ол тотығатын затпен әрекеттесе алады. Тотықтыратын агенттер бола алатындарға мысал ретінде мынаны жаза аламыз:
а) гидроксил – иондары немесе су молекуласы
-2e Oадс + H2O немесе Н2O -2e + O
б) гидроксил радикалдары:
-e OH немесе H2O -e OH +
в) гидроксил – радикалдарының димеризация негізінде түзілетін - H2O2 :
H2O2 асқын су тотығы
г) электрод бетінде түзілген тұрақсыз оксидтер
д) молекулярлы оттегі
е) электролит құрамында бар металдардың ауыспалы валентті иондары. Мысалы: Со, Cr, Ce т.б
Анод тотығу реакциясы негізінде, аниондардың полимерленуінің іске асуы мүмкін.Аниондардың полимерлену реакцияларына мысал келтірсек: сульфит-иондарының дитионатқа дейін тотығуы былай өрнектеледі:
-2e
Сульфаттың персульфатқа дейін өзгеруі:
-2e
Карбонаттың перкарбонатқа өтуі:
-2e
Анодтағы тотығу процестеріне әртүрлі факторлар әсер етеді: электродтың материалы, оның бетінің құрамы мен потенциал мәні, электролит құрамы және температурасы, катализатордың болуы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |