1. Әлеуметтанулық теория



Дата08.02.2022
өлшемі16,49 Kb.
#117650
Байланысты:
Абдуәлі Айдана стрст 108-ОМ


15.09.2021ж
1. Әлеуметтанулық теория.

Әлеуметтік теория дегеніміз қысқаша- әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады. Қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды. Әлеуметтануды негізгі бастау ретінде өздеріңіз білетін К.Маркс те осы теорияларға жүгінген болатын. Әлеуметтік теорияға ең алдымен, <<әлеуметтік білім>> жатады. Әлеуметтік білім дегеніміз не? Әлеуметтік білім –теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.


Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.

2. Әлеуметтанулық зерттейтін дизайны.


Белгілі бір затты жүзеге асыру немесе ойлап тауып,оны шығару ол «дизайн» деп аталады. Ал, Әлеуметтанудың дизайны түрліше келеді, себебі әлеуметтанудың да бірнеше саласы бар екенін естеріңізге сала кетейін. Әлеуметтанудың ең басты көзірі ол ғылым мен білім және осы ғылым мен білімнің дизайн құрылысын кішігірім түсіндіріп кетейін. Әлеуметтанулық зерттейтін дизайн- еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әлемдік стандарттар деңгейінде мамандық бойынша тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге, Әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа дайын білікті, құзыретті және жауапты мамандарды даярлау, ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, білім алушылардың ғылыми белсенділігі мен дербестігін дамыту, нарық қажеттіліктеріне бағдарланған инновацияларды тиімді іске асыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Әлемдік білім беру және ғылыми-ақпараттық жүйеге кірігуге қол жеткізу.

3. Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу-методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.

Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:

зерттеуге дайындық;

— бастапқы ақпаратты жинақтау;

— жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;

— өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.

Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).

Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.

Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.

Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)

Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.



Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады. Сонымен қатар тағы да анықтайтын әдістемелік құралдары мен әдістері бар және олар өте көп. Әлеуметтанулық зерттеулер теориялық бағытпен қоса практикалық жаңа үрдіске жол ашады. Таным көз-қарасы кеңейіп, қызығушылығы артатын бірден бір зерттеу объектілері деп осыларды айта аламын.

© Абдуәлі Айдана 108-ОМ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет