1. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету. Мемлекет барлық жұмысшыларға минимум жалақы, зейнетақы, жұмыссыздыққа берілетін қаражаттар, сонымен қатар, инфляцияға байланысты фиксирленген табыс индексін жүзеге асыру жұмыстарының кепілдігін қамтамасыз ететін мәні бар активті әлеуметтік саясатты жүргізуі міндетті. Бұл саясатты жүргізе отырып мемлекет елдің минималды өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі керек.
Бәсекелестікті қорғау. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі реттеуші элементтердің бірі болып табылады. Ол өндірушілерді тауар мен қызмет көрсетулерге жаңа технологияны ендіруге, өнім сапасын арттырып, өндіріс шығындарын төмендетуге міндеттейтін экономиканың барлық саласындағы негізгі прогресс болып табылады. Сондықтан мемлекет өзінің барлық күшімен бәсекелестікті қорғауға міндетті. Бәсекелестік кезінде сатып алушылар- иегерлер, нарық- олардың агенттері, ал кәсіпорын олардың құлы. Монополия кезінде жағдай тез өзгереді, сатыпалушы иегердің орнына құл болады.
Шаруашылық заңдылықтарды құрастыру, қабылдау және орындалуын ұйымдастыру. Яғни, кәсіпкерліктің, салық салымның, банктік жүйенің құқықтық негізі. Осы және басқа қызметтерді орындау үшін мемлекет өзінде бар ресурстар мен рычагтарды барынша қолдануы ке