Сезімдердің түрлері. - Сезімдердің түрлері.
- Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары.
- Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi.
- Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы.
Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады. Олар: вербалды және вербалды емес. - Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады. Олар: вербалды және вербалды емес.
- Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембр, дикция.
- Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлғааралық дистанция.
- Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты зерттеулерді шетелдік ғалымдардың: Пол Экман, Аллан Пиз, Барбара Пиз, Роджер Акстел, Альбер Мерабян, Альберт Шефлен, В.Б. Шапарь, Э. Холл, Д. Ньюренберг, Г. Калеро, С. Данкелл, А. Штангль, Карстен Нимиц, А.Л. Ярбус, т.б. еңбектерінен көруге болады.
Бақылау сұрақтары: - Бақылау сұрақтары:
- 1. Эмоция және сезім анықтамасы және олардың сипаттамалары?
- 2. Эмоция және сезімнің негізгі түрлерінің жіктемесін көрсетіңіз?
- 3. Эмоция қызметтеріне сипаттама беріңіз?
- 4. Эмоция мен сезімнің арақатынасы мен ерекшеліктерін суреттеңіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ - ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Негізгі
- 1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.- М., 2009.
- 2. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері: дәрістер курсы. - Алматы, 2008.- 159.
- 3. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы, 2013.
- 4. Жарықбаев, Қ. Жантануға кіріспе. - Алматы: "ИНФОРМ - АРНА", 2009.- 187.
Достарыңызбен бөлісу: |