4.7. Қазақстан Хрущев реформалары тұсында (1956-1964 жж.)
Сталиннің өлімі. Жоғарғы билік үшін күрес. Н.С.Хрущевтың билікке келуі. Партияның
ХХ-съезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Елдегі «жылымық» кезеңі.
Партияның ХХІІ-съезі, оның шешімдерінің волюнтаристік сипаты. «Американы қуып жетіп,
басып озу!» ұраны. Ж.Шаяхметов Қазақ КСР КПОК 1-ші хатшысы қызметінде. Қазақстан
Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Понамаренконың келуі. 1954 жылы
Қазақстанның «тың және тыңайған» жерлерін игеру. Эксперименттің алғашқы нәтижелері. 1954
жылы тамыз айының басына қарай Қазақстанда жыртылған жер көлемі. Қазақстандағы тың
игерудің экологиялық, экономикалық және демографиялық салдары. Табиғи жайылымдардың
жойылуы, жер қыртысының эрозияға ұшырауы. Мал шаруашылығындағы жағдай. 1962 ж.
Экономиканы басқарудағы реформалар. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар.
Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық, отарлық бағытының тереңдей түсуі. 1959 жылғы «Теміртау
оқиғасы». 1960 ж. Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми бірлестігі және оның
ұйымдастырушылары. Семейде қазақ жастары құрған ұйым. Қазақстан Коммунистік
партиясының Беғазы атты қола және темір ғасырының керемет археологиялық ескерткіштерін
ашқан белгілі тарихшы Ә.Марғұланның ғылыми көзқарасының «жалған» деп танылуы.Еңбегі
лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғылымы.
4.8. Қазақстан «кемелденген социализмнің» дағдарыс жылдарында
(1965-1985 жж.)
1960-жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты
атауы. Л.И.Брежнев бастаған топтың билікке келуі. Идеологиялық саясаттағы консерватизм
және экономикадағы реформалар. Д.А.Қонаев 1964-1986 жж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің І
хатшысы. Қазақстан КСРО-ның ірі өнеркәсіп аймағы. Өнеркәсіптің айқын шикізаттық бағыт
алуы. Отын-энергетикалық комплексі, түсті және қара метал, химия және мұнай химиясы
өндірістерінің дамуы. Өнеркәсіптегі машина жасау өндірісінің үлесі. Жұмысшы кадрлар
санының өсуі, олардың әлеуметтік жағдайы. Республикадағы келеңсіз жағдайлар. Кеңестік
Қазақстанның соңғы Конституциясы. 1979 ж. Қазақстан территориясында Неміс автономиясын
құру туралы шешім қашан қабылдануы, оның құрамына енгізілмек болған облыстар. 1979 ж.
«Целиноград оқиғасы».
Қалалар. Урбанизация және оның салдары. Ауыл шаруашылығы. Еңбек өнімділігінің
деңгейі. Тиімділік мәселесі. Халықтың тұрмыс-жағдайы. Тұрғын үй мәселесі. Экологиялық
дағдарыстар. Арал теңізінің тартылуы. Семейдегі ядролық қаруларды сынау полигонының
зардаптары. Батыс Қазақстандағы атом полигоны. Инфляция. Тұрмысқа қажет тауарлар
дефициті.
Мәдениет және ғылым. Мәдени өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. 1975 жылы
Олжас Сүлейменовтың «АЗиЯ» кітабының тағдыры. Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға
табын, Жер, енді» поэмасы. Мәдениеттің ұлттық негіздерінің әлсіреуі. Қазақ тілін қолдану
аясының тарылуы. Ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. 1974 ж. «Қан мен тер»
пьесасының қойылуы, «Гүлдер», «Дос мұқасан», «Айгүл» ансамблдері «Жас тұлпар» қоғамдық
бірлестігінің ықпалымен құрылған
4.9. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан (1985-1991 жж.)
М.С Горбачев (1985-1991 жж). Елді басқаруда реформалық бағыттың үстемдік алуы.
Жариялылық. Экономикалық реформалар. Экономикалық тәуелсіздікке бағытталған жартыкеш
шаралардың іске асырылуы. Республикада экономикалық өзін-өзі басқару және өзін-өзі
қаржыландыру концепциясының қалыптасуы. Экономиканы басқару жүйесіндегі өзгерістер.
Одақтық басқаруға жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақстан үкіметінің
қарауына өтуі, т.б. шаралар.
Саяси өмірдегі өзгерістер. Республикалық басшылықта ширек ғасыр болған
Д.А.Қонаевтың (1961-1985 жж.) биліктен кетуі. Оның орнына Г.В.Колбиннің (1986-1990 жж.)
келуі. Желтоқсан оқиғалары. 1986 жылы Алматыдағы оқиға кезінде жастардың демократия
принциптері үшін бас көтеруі. КОКП ОК-нің «Қазақстан Республиканың партия ұйымының
еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы»
қаулысында 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасының «ұлтшылдық» деп бағалануы. 1991 ж.
12 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы
желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік
жауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау туралы» Жарлығы. Желтоқсан оқиғасына
қатысушылардың құрған «Желтоқсан»партиясы.
1989 жылғы «Жаңа өзен оқиғасы». Бейресми қоғамдық қозғалыстардың өмірге келуі.
«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы. Ұлт-азаттық сананың өсуі. 1988 ж. Алаш қозғалысы
қайраткерлерінің А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б. ресми
ақталуы. 1989 ж. ақпан «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы. 1989 ж. 22 қыркүйек Қазақ
КСР-інде қабылданған «Тілдер туралы Заң». ХХ ғасырдың 80-жылдарында М.Шаханов
басқарған Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитет қызметі. 1991 ж. 28 тамыз
Семей ядролық полигонының жабылуы. 1964-1989 жылдар аралығында 343 жерастылық
жарылыс болған полигон. Кеңес Одағының Ауғаныстаннан әскерін әкетуі.
Қазақстан Коммунистік партиясының өз қызметін тоқтатуы. КСРО-ның өмір сүруінің
толықтай аяқталуы. 1990 ж. сәуір Республикада Президенттік қызмет орнын құру. 1990 ж. 25
қазанда Қазақ КСР-ның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның жариялануы.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
5.1. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы.
Қазақстан тәуелсіздік жолында. Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің дағдарысы.
Орталықтың ұлт саясатына наразылықтың күшеюі. Вильнюс, Рига, Баку, Тбилиси оқиғалары.
Жаңа Одақтық шартқа даярлық. 1991 жылғы тамыздағы бүлік. Төтенше жағдай жөніндегі
мемлекеттік комитет. Кеңестер одағының ыдырауы. Беловежье кездесуі. Тәуелсіз Мемлекеттер
Достығының құрылуы және оған енбеген мемлекеттер. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президентін және вице-президентті сайлау. Н.Назарбаев – Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті. Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында
атқарған қызметі. 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде (РКФСР, Беларуссия, Украина) КСРО-ның
өмір сүруі туралы ресми құжаттың тұжырымдалуы. Орта Азия мен Қазақстан республикалары
лидерлерінің Ашхабадта кездесуі. Кеңестен кейінгі тәуелсіз мемлекеттер басшыларының
Алматыда кездесіп, «ТМД-ны құру туралы» хаттамаға қол қоюы. Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігін мойындаған мемлекеттер. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Семей полигонын жабу жөніндегі» Жарлыққа қол қоюы. Қазақстан Республикасы
Президентінің «1986 ж. 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа
тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі» Жарлығы шықты. Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігінің құрылуы және алғашқы министрі. 1992 жылы шыққан Қазақстан
Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы»
Жарлығы.
Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-мәдени дамуы. 1991 жылы 10
желтоқсан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы
болып өзгертілуі. Республика парламентінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылдаған «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы. 1992 ж. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы және Әнұранының бекітілуі. Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік Туының авторы. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторлары.
Қазақстан Республикасының қуатты әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және соғыс-теңіз
күштерін құруға бағытталған шаралар. Т.Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері. Қазақстан
Республикасының Ұлттық рәміздері – ту, елтаңба, әнұран туралы Заң қабылданды. Бірінші
дүниежүзі қазақтары құрылтайының шақырылуы (1992 ж. Түркістан қ.). Тәуелсіз Қазақстанның
тұңғыш Конституциясы (1993 ж.). Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы (1995 ж.).
Бүкілхалықтық референдум, ҚР Конституциясын қабылдау (1995 ж.). Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі.
Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдерінің
статусы. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Қазақстанның мемлекеттік
наградалары туралы» Жарлығы (1995 ж. 12 желтоқсан). Президенттің Қазақстан халқына
тұңғыш жолдауы. 1989-1991 жж. Қазақстандағы ең қуатты қоғамдық ұйым. 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасы үшін айыпталғандардың «Желтоқсан» партиясын құрылды. «Отан», «Асар»
«Қазақстан социалистік партиясы», «Қазақстан патриоттары партияларының» қызметі.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Орхон-Енисей жазуларының көшірмесі
әкелінді.
«Қазақстан-2030. Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының
жақсаруы» ұзақ мерзімге арналған маңызды мақсатты бағыттары (1997 ж.). ҚР-ның "Қазақстан-
2030" стратегиясы бойынша ұзақ мерзімді даму басымдықтарының бірі. Қазақстан
Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасына байланысты,
Қазақстан Еуразия кіндігі бола отырып, үш аймақты байланыстыруы. ҚР Президентінің
«Қазақстан-2030» Жолдауына байланысты елімізде дамыған қоғамды құру бағытында
Қазақстан ұстанатын модель. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің
Қазақстанда «Әлемдік және дәстүрлі-ұлтық діндер басшыларының съезін» өткізу бастамасы
(2003 ж.). ҚР «Тілдер туралы» Заңы (1997 ж.). Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру (1997 ж.
10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу). Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығымен Ақмола қаласының Астана деп аталуы. Қазақстан Республикасының жаңа
астанасы Астана қаласының салтанатты түрде рәсімделуі (презентация). Екінші Дүниежүзі
қазақтарының құрылтайы. 1999 жылдың ҚР Президентінің жарлығымен аталуы.
Мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу. ҚР Негізгі Заңға сәйкес жергілікті өкілетті орган.
Қазақстан Республикасында атқарушы билікті атқарушы орган. Қазақстан Республикасының
жоғарғы заң шығарушы органы. 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының
Президенті Жарлығына сәйкес мемлекет басшысы жанындағы кеңесу органы ретінді Қазақстан
Халықтары Ассамблеясы құрылды.
1998 жылы «Әлем артисі» атағына ие болған Қазақ музыка академиясының ректоры.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына
Жолдауларының негізгі мақсаты. ҚР Президентінің "Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес
"30 корпоративтік басшы" бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін бағыт. ҚР Президенті
Қазақстанның
бәсекеге
төтеп
бере
алатын
мемлекеттер
қатарына
қосылудағы
басымдықтарының бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан" атты халыққа Жолдауындағы қойылған он міндеттің бірі.
Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік символдары жөнінде заңдардың
қабылдануы. ҚР Мемлекеттік Әнұраны жаңа мәтіні авторлары.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу туралы» Жарлығы. ҚР Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы.
ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған «Халық бірлігі және ұлттық тарих» жылы. 2005
жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасында Президенттік сайлау. Қазақстан
Республикасында жаңа әнұран мәтінінің қабылдануы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың (1992 ж. 5 қазанда) «Азиядағы
өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңес шақыру туралы» бастама көтеруі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс
жасау қарсаңында» (2006 ж.) атты Жолдауы.
5.2. Қазақстан нарықтық экономикаға барар жолда
Нарықтық экономикаға жасалған алғашқы қадамдар. Көп укладты экономиканың
қалыптаса бастауы. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы»
Жарлығы (1993 ж. 15 қараша). Кредит-қаржы жүйесінің, ұлттық банктің құрылуы. Қазақстан
Республикасаның валюта және алмаз, дербес Алтын қорларының жасалуы.
1994-1995 жж. шетел инвестициялары республика экономикасының тартылған салалары.
1996 жылы жекешелендірілген нысандар. 1992 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасы мен
АҚШ-тың «Шеврон» корпорациясы арасындағы келісім бойынша құрылған бірлескен
кәсіпорын қызметі. 2000 жылы құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастығының
қызметі. 2000 жылы Қазақстанды нарықтық экономикалы ел деп таныған халықаралық
ұйымдар. 1994 жылы 29 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде болған кездесуінде
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың баяндамасы.
Қазақстан
Республикасының
Конституциясына
сәйкес
меншіктің
түрлері.
Жекешелендіру үдерісінің және экономикадағы мемлекеттік секторға монополияны жоюдың
басталуы. Ауыл шаруашылығын реформалауды одан әрі жетілдіре түсуді көздеген шаралар.
Жаңа экономикалық жүйе қалыптастыру жолындағы қиындықтар мен қайшылықтар.
5.3. Қазақстан халықаралық аренада
Ресей және ТМД-ның басқа да елдерімен өзара сенімді тең қатынас қалыптастыруға
бағытталған шаралар. Қазақстан жаңа тарихи жағдайда біртұтас ортақ экономикалық кеңістікті
сақтауды жақтаушы. Орталық Азия елдерімен өзара пайдалы жаңа сападағы қатынастардың
қалыптаса бастауы. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге
бағытталған құжаттарға қол қойылуы. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығымен Қазақстан Республикасының елшілігі ашылған шет мемлекеттер. 1995 ж.
Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Одағы идеясы.
Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналу жолында. АҚШ-тан, Ұлыбританиядан,
Ресейден және Қытайдан қауіпсіздік және территориялық тұтастық жөнінде кепілдік алу.
Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі. Қазақстан Республикасының Біріккен
Ұлттар Ұйымына қабылдануы (1992 ж.). Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздігін мойындауы. Әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптаса бастауы. 1994
жылы 5 желтоқсанда Будапештте өткен Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық кеңесінде
Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол қойылуы. Қазақстан Еуропа
қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының және Ислам конференциясы ұымының төрағасы.
Қазақстанның Еуропалық Одақпен байланысы. Қазақстан, Ресей, Белорусия арасындағы
Кедендік Одақтың құрылуы және қызметі. ҚР Президентінің «Нұрлы жол -Болашаққа бастар
жол» Жолдауы,ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 2014 ж., ҚР
Президентінің 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму»
Жолдауы;
ҚР Президентінің Жолдауы және жаһандану жағдайындағы Қазақстанның халықаралық
стратегиясы. Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына
араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы. Қазақстан және
аумақтық және халықаралық қауіпсіздік. «ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы
және Қазақстанның жаһандану жағдайындағы халықаралық стратегиясы», «Мәңгілік Ел»
Концепциясы,«Қазақстандық пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы».
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1. Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін. Бес томдық. 3-5 т – Алматы,
1996,1997. 2000,2010.
2. Қазіргі заманғы Қазақстан тарихының хрестоматиясы (1917-1939 жж.) т.1 (ред.бақарған Қ.С.
Қаражан). - Алматы, 2007.
3. Қазақстанның жаңа және қазірі заман тарихы. 2 Кітап. Лекциялар курсы. –Алматы, 2005
Қосымша:
1. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. - Алматы, 2003.
2. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. (ред. Басқарған Қ.С. Қаражан), - Алматы, 2005.
3. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 2003.
4. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. – Алматы, 2006.
5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: жалпыға бірдей еңбек қоғамына
қарай 20 қадам //Егемен Қазақстан. 10 шілде 2012 жыл.
6. Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін (Қазақ ССР тарихы ежелгі дүниеден).
1943 жылғы басылымның қайта басылуы. - Алматы. 2011.
7. Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының XX ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы. 2003.
8. Садвокасова З.Т. Духовная экспансия царизма в Казахстане в области образования и религи
(II половина XIX – начало XX веков) – Алматы, 2005.
9. Присоединение Казахстана и Средней Азии к России (XVIII – XX вв.) Документы. Автор-
составитель Н.Е.Бекмаханова. –Москва, 2008.
10. Васильев Д.В. Россия и Казахская степь: административная политика и статус окраины.
XVIII – первая половина XIX века. М.: Российская политическая энциклопедия, 2014.- 471 с.
11. Васильев Д.В. Форпост империи. Административная политика России в Центральной Азии.
Середина XIX века.-М.: Издательство ИБП, 2015.- 303 стр.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУЫ
Қазақстан тарихының тарихнамасы және деректану мәні, мақсаты және міндеттері.
Теориялық және методологиялық негіздері, ғылымда алатын орны.
Деректану пәнінің мақсаты - деректің табиғатын белгілі бір уақыттағы әлеуметтік
жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзі жасаған субъект туралы мәлімет
беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу. Пәннің мідеттері: деректерді іздеп табу, таңдау
және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру; тарихи зерттеудің өкілетті тарихи-ақпараттық
негізін жасау; деректерді талдау барысында білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде
пайдалана білу мүмкшдігін игеру; Қазақстан тарихының деректерімен және олардың
ерекшеліктерімен таныстыру.
Тарихнама пәнін оқытудың мақсаты - студенттерді тарих ғылымы мен білмі саласында
тарихнаманың проблемалық білімін, мәселелері мен жетістіктерін қоғамда, білім салаларында,
ғылыми зерттеулерде пайдалана білуді үйрету, пәннің ғылыми әдістерін меңгеру. Курсты
оқытудың міндеттері:
тарихи ой өрісінің қалыптасуы және ежелдегі тарихи сипаттаудың
қалыптасуын, антикалық әлем және ежелгі дәуір ортағасырлық, жаңа заман және тәуелсіз
Қазақстан тарихының тарихнамасымен танысу; Қазақстан тарихнамасын негізгі кезеңдері
бойынша қарастыру; баклаврдың бойында оқып-үйреніп отырған түйіткілдерге қатысты сыни
көзкарас, креативті ойлау қабілетін қалыптастыру; зерттеу жұмыстарында тарихнамалық
талдау әдістерін тиімді пайдалануды, зерттеп отырған мәселе бойынша өзінің жеке бағдарын
айқындауға үйрету болып табылады.
Тарихнаманың және деректанудың тарих пәндері жүйесінде, тарихи зерттеулер
құрылымында алатын орны мен маңызы. Пәннің іргелі кәсіптендіру пән ретінде қалыптасу
кезеңдері.
Қазақстан тарихнамасы және деректануының теориялық және методологиялық негіздері.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ
Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихының тарихнамасы
Тайпалар конфедерациялары және мемлекеттік құрылымдар туралы тарихнамалық
танымдар (б.з.дейінгі V ғ.-ХІ ғ).
Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихындағы тарихи танымның негіздері Тарихи
жазудынң тәсілдері мен түрлері - күнделікті мифтік білім, діни көзқарас - провиденциализм.
Қазақстан тарихы бойынша ежелгі тарихнама. Ерте көшпелілер дәуірі туралы антикалық
және парсы шығармалары. Қытай тарихнамасы Қазақстан халықтары туралы (б.зд. II ғ. - б.з.
VІІІ ғ.). Қазіргі Қазақстан ғылымы үшін үндіарийлер мәселелері. Үндіарийлердің шығу тегі
туралы теорияларға шолу.
Қазақстан тарихының түркі кезеңдегі тарихнамасы.
Көне түрік руналық жазба ескерткіштері. Түрік қағанаты бірінші тарихшыларының
(Тоныкөк, Иолық тегін) тарихи көзқарастары. Ром авторларының еңбектері. Византиялық
шығармалар. Орыс жылнамалары.
ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша араб және парсы зерттеулерде Араб
зерттеушілерінің халықтарды сипаттау кезіндегі бағыттары. Араб авторларыныц тарихи
көзқарастары. Ибн-Хордадбектің, эл-Джахиздің, Ибн-Фадланның, эл-Истахридің, Гардизи және
т.б. еңбектерін М.Қашқаридің ғылыми үлесі. эл-Марвазидің ғылыми талдауы, эл-Табаридің
тарихи-әдеби еңбегі. Ғалым-энциклопедист Иакудтың (1179-1229) тарихи мәліметтері.
Ж.Баласағұн, эл-Фараби зерттеулері
Эпикалық ескерткіштер тарихнама тұрғысында.
Қазақстан тарихының тарихнамалық дәстүрлері (ХІІІ-ХVІІ ғғ.)
ХІІІ-ХVІІ ғғ. Зерттеулердің Қазақстан тарихы үшін мәні. Тарихи зерттеулердің
тақырыптары. Ішкі монғолдық қатынастары мен Шыңғыс ханның Орталық Азия және
Қазақстанды жаулап алу жөніндегі зерттеушілердің көзқарастары. Ортағасырлық авторлардың
тарихи көқарастарының ерекшеліктері мен сипаты.
Қазақстан тарихының ХІІІ-ХVІІ ғғ. тарихнамалық ерекшеліктері Монғол кезеңі туралы
жазба деректер. ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы мемлекеттік құрылымдар жайындағы мұсылман
деректері. Мұсылмандық тарихнамалық дәстүр. ХІІІ ғ. Моңғол империясы және Алтын Орда
тарихы бойынша Еуропа зерттеушілері.
Достарыңызбен бөлісу: |