1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Патша  өкіметінің  аграрлық  саясаты



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата14.03.2020
өлшемі1,21 Mb.
#60166
1   2   3   4   5   6   7

Патша  өкіметінің  аграрлық  саясаты.  1891  жылғы  Дала  Ережесінің  жер  мәселесіне 

байланысты  отаршыл  сипаты.  Сібір  темір  жолы  Ерекше  комитетінің  аграрлық  саясатын 

жүргізудегі  ролі.  Ф.Щербина  экспедициясының  қызметі.  Қоныс  аудару  қозғалысы. 

Қоныстанушылар.  Қоныстанушылар  орналасқан  аудандар.  Переселен  деревнялары.  Өкімет 

орындарының  оларды  орналастырудағы  саясаты.  ХІХ  ғ.  2-ші  жартысында  Қазақстанға  орыс 

шаруаларын  жаппай  қоныс  аудару  және  оларға  жасалған  жеңілдіктер.  ХІХ  ғасырдың  ІІ 

жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында 

Қазақстанға  қоныс  аударған  қоныстанушы  шаруаларға  жер  бөлудің  түрі.  ХХ  ғасыр  басында 

Қазақстандағы қоныстандыру қоры жұмысының негізгі бағыттары.  

Ресей  әскерінің  Іле  аймағына  кіргізілуі  және  жергілікті  ұйғырлар  мен  дұнғандарды 

қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғау. 1881 ж. Санкт-Петербор келісімі. 1881-1884 

жж.  Жетісуға  Іле  аймағына  ұйғырлар  мен  дұнғандардың  ерікті  түрде  көшуінің  жүзеге 

асырылуы.  1883  жылдан  бастап  Жетісуда  қоныс  аударушыларға  берілген  жеңілдік.  Қоныс 

аударудың  экологиялық  зардаптары.  Қоныс  аудару  қозғалысының  әлеуметтік-экономикалық 

және  саяси  нәтижесі.  Жергілікті  халық  пен  қоныстанушылардың  арасалмағы.  Қазақтардың 

белгілі  бір  бөлігінің  отырықшы  тұрмысқа  өте  бастауы.  Қазақ  ауылына  нарықтық  қатынастың 

енуі. Мал құрамындағы өзгерістер. Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелудің күшеюі. 

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп орындары қалыптасуы 

мен  дамуының  ерекшеліктері  және  сипаты.  Қазақстанның  қалалары.  Олардың  орналасуы. 

Қалалар  –  Қазақстанды  отарлық  қанаудың  әкімшілік  орталықтары.  Қалалардың  экономикалық 

өмірі.  Қалалардың  халқы,  әлеуметтік-демографиялық  құрамы.  Қазақстанның  жер  қыртысы 

байлығын игеру шаралары. Орыс капиталының тау-кен өндірісіне шоғырлануы. Тас көмір және 

мыс  қорларын  игерудің  басталуы.  Металл  өндіру  заводтарының  пайда  болуы.  Алғашқы 

өнеркәсіптік  акционерлік  қоғамдардың  құрылуы.  Қазақстандағы  өнеркәсіп  орындарында 

жалдамалы  жұмысшылардың  қалыптаса  бастауы.  ХІХ  ғ.  аяғы  –  ХХ  ғ.басында  қазақ 

буржуазиясы  және  сауда.    ХІХ  ғ.  аяғында  шетел  капиталистерінің  тау-кен  өнеркәсібінде 

белсенділігінің артуы.  Ауыл шаруашылық шикізат өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарының 

дамуы.  ХІХ  ғасырдың  ортасындағы  жәрмеңкелер.  ХІХ  ғасырда  Қазақстан  мен  Қытай 

арасындағы  сауда  байланысы.  Бұқтырма,  Семей,  Петропавлдың  Синьцзянмен  сауда  жасау 

орталықтарына  айналуы.  Жергілікті  халықтан  жұмысшы  мамандардың  қалыптасуының 

ерекшеліктері.  ХХ  ғ.  басындағы  Орынбор  -  Ташкент  темір  жолы  құрылысы.  ХІХ  ғ.  аяғында 

Қазақстанда дамыған өндіріс саласы. 



ХҮІІІ  ғ.  -  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстан  мәдениеті.  ХҮІІІ  ғ.  Қазақстандағы  Ресей 

экспедициясы. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді  жырау, Бұқар жырау, Тәттіқара, Үмбетай Тілеуұлы, 

Шал Күлекеұлы. Ревалюцияға дейінгі қазақ музыка өнерінің өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, 

Дина,  Тәттімбет,  Біржан  Қожақұлы,  Ақансері,  Байжігіт  және  басқалар.  Құрманғазының 

"Кішкентай", «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері.  

ХІХ  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  ғылым,  ағартушылық  және 

реформаторлық  бағыттар.  Ш.Ш.Уәлиханов  (1835-1865  жж.).  Омбы  кадет  корпусын  бітіріп, 

Гасфорттың  адъютанты  лауазымына  тағайындалуы.  Ш.Уәлихановтың  ғылыми  еңбектерінің 

маңызы.  Ш.Уәлихановтың  ориенталистика  саласындағы  еңбегі.  Ш.Уәлихановты  бүкіл  әлемге 

танымал еткен еңбегі. Ш.Уәлихановпен дос орыс жазушы – демократтары.  



Ы.Алтынсариннің  өмір  сүрген  жылдары.  1857  ж.  Алтын  медаль.  Ы.Алтынсариннің 

алғашқы  қазақ  мектебін  ашуға  атсалысуы.  Ы.Алтынсарин  Торғай  облысында  мектеп 



инспекторы қызметінде. ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қазақ қыздары үшін 

алғашқы  оқу  орнының  ашылуы.  Қазақстанда  қазақ  балаларын  оқыту  үшін  еуропалық  түрдегі 

мектептердің ашылуы және олардың басты мақсаты. ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі мектеп 

медреселерді ашуға кедергі жасауы. Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» еңбегі.  



Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. А.Құнанбаевтың еңбектері. Абайдың «Қара 

сөздері»  философиялық-этикалық  көзқарас  тұрғысындағы  еңбек.  Абайдың  орыс  жазушы 

достары  және  олардың  еңбектерін  қазақ  тіліне  аударуы.  А.Құнанбаевтың  қазақ  мәдениетінің 

дамуына қосқан үлесі. 

Орыс  тарихнамасындағы  Қазақстан.  ХІХ  ғ.  бірінші  жартысында  жарыққа  шыққан 

А.И.Левшиннің  «Қырғыз-қазақ  немесе  қырғыз-қайсақ  ордалары  мен  даласының  суреттемесі» 

атты  қазақ  тарихы  туралы  алғашқы  жан-жақты  еңбек.  Семенов-Тянь-Шаньский  Жетісудың 

табиғатын  зерттеуші  орыс  ғалымы.    Затаевич  қазақ  халқының  «1000  әні  мен  500  күйін» 

жинағын композитор, әрі этнограф ғалым. Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандардың 

идеялық бағыттары. 

1888-1902  жж.  тұңғыш  қазақ  тіліндегі  «Дала  уәлаяты»  мерзімді  басылымның  жарыққа 

шығуы. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. Шығарушы редакторлары, идеялық бағыттары.  

 

Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалысының  үшінші  кезеңі  (ХІХ  ғ.  соңғы  ширегі  –  ХХ  ғ. 



басы.). Қазақ ұлттық интеллигенциясының реформаторлық қозғалысының ерекшеліктері. 1905-

1907 жж. орыс революциясының маңызы және оның Қазақстанға әсері. ХХ ғасырдың басында 

300-ден  астам  жұмысшысы  бар  ірі  өнеркәсіпорны.  1905  ж.  желтоқсанда  Успенск  руднигіндегі 

тау-кен  жұмысшыларының  ірі  және  ұйымдасқан  толқуы.  Успенск  руднигі  жұмысшыларының 

құрған  ұйымы.  1905  ж.  Қарқаралы  петициясы.  І,  ІІ  Мемлекеттік  Думаға  сайланған  қазақтар. 

Б.Қаратаевтың  ІІ  Мемлекеттік  Думаның  секциялық  мәжілісінде  Қазақстандағы  патша 

өкіметінің  аграрлық  саясатын  сынға  алуы.  М.Дулатовтың  «Оян,  қазақ»  өлеңдер  жинағы. 

Столыпин  аграрлық  реформасы  Қазақстанда  жүзеге  асырылу  барысы  және  нәтижелері.  Қазан 

төңкерісіне дейін Қазақстаннан 45 млн. десятина жердің қонысаударушыларға  алынуы.  «Қара 

жұмысшалар одағының» құрылуы.   



 

4.1. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық. 

Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсері. Салық мөлшерінің, түрлі 

міндеткерліктердің өсуі. Қазақстанда енгізілген салық түрі. Ауыл шаруашылығының құлдырауы

егістік көлемінің, мал басының кеміп кетуі. Әлеуметтік қайшылықтардың өсуі. Патша өкіметінің 

аграрлық  саясатына  наразылықтың  күшеюі.  Қазақ  ауылы  мен  европалық  қоныстанушылар 

бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Солдаттар соғысқа қарсы бас көтерулер. Қалалар мен 

өндіріс  орындарындағы  ереуілдер.  Қазақстан  облыстарында  төтенше-әскери  жағдайдың 

енгізілуі. М.Дулатовтың қазақ ұлтының өмір сүруінің проблемаға айналуы мәселесін көтеруі. 

1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы. 1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен 

сипаты. Көтерілістің қозғаушы күштері мен басталуы. 19-43 жас аралығындағы ер азаматтардың 

тыл  жұмысына  алынуы.  1916  жылғы  25  июньдегі  патша  жарлығына  қарсы  халықтың  қарулы 

көтерілісіне  ұлттық  интелегенцияның  қатынасы  және  көзқарасы.  1916  интеллигенция 

өкілдерінің  радикалды  бағытының  көтерілісшілер  жағына  шығуы.  Жетісу  мен  Сырдария 

облыстарындағы көтерілістер. Каспий және Орал облыстарындағы көтерілістер. Ақмола, Семей 

және  Торғай  облыстарындағы  көтерілістер.  1916  жылғы  көтерілістің  Торғай  облысындағы 

көтеріліс  басшылары  (Амангелді  Иманұлы,  Әбдіғапар  Жанбосынұлы  т.б.).  Амангелді 

Иманұлының  серігі,  мерген  Кейкі  батыр.  1916  жылғы  көтеріліс  барысында  хандық  билікті 

қалпына  келтіруге  талпыныс  (Әбдіғапар  Жанбосынұлы,  Бекболат  Әшекеев,  Нұрлан  Қияшев, 

Оспан  Шоңов).  Ж.Мәмбетов  пен  Ұ.Саурықов  қолбасшылық  жасаған  жер.  Қоныс 

аударушылардың  көтеріліске  қатынасы.  Патша  өкіметінің  жазалаушы  экспедициялары. 



Жергілікті  халықтың Қытайға қоныс аударуы  және оның зардаптары. 1916 жылғы көтерілістің 

тарихи  маңызы.  Қазақ  жастарының  тыл  жұмыстарына  алынуы.  Қазақ  зиялыларының  тылдағы 

жұмысшылардың арасындағы қызметі. 

 

4.2. 

1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан 

Ресейдегі  Ақпан  буржуазиялық-демократиялық  революциясы.  Қазақстандағы  саяси 

биліктің  өзгеруі.  Қазақ  қоғамының  саяси  өзгерістерге  қатынасы.  Уақытша  өкіметтің  басқару 

органдарының  құрылуы.  Қазақ  интеллегенциясының  өкілдері  Уақытша  өкіметтің  басқару 

орындарының  құрамында.  Ә.Бөкейханов,  М.Шоқаев,  М.Тынышбаевтардың  және  басқалардың 

қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. М.Тынышпаев Түркістан 

Уақытша  үкіметінің  комиссары.  М.Шоқай  Жетісу  Уақытша  үкіметінің  комиссары.  Уақытша 

өкімет  және  Қазақстандағы  ұлт  мәселесі.  Облыстық  және  уездік  қазақ  съездері  және  оларда 

қойылған мәселелер. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. 

Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ 

халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі. 

1917  жылғы  дағдарыс.  Шілдедегі  І-ші  жалпықазақ  съезі.  «Алаш»  ұлттық-саяси 

партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. «Алаш» 

партиясының  бағдарламасының  «Қазақ»  газетінде  жариялануы.  Алаш  және  большевиктер. 

Бүкіл  Ресейлік  Құрылтай  жиналысына  сайлау.  Алаш  партиясының  жетістіктері.  "Үш  жүз" 

партиясының  құрылуы.  «Үш  жүз»  партиясының  басшылары  және  олардың  ұстанған  саяси 

бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі. 

Уақытша  өкіметтің  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  ыдырауы.  Большевиктердің  саяси  билікті 

қолына алуы. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым. «Қара жұмысшылар Одағы» (А.Розыбакиев, 

Ж.Бабаев, Х.Фариденов).  

Желтоқсанда өткен ІІ-ші жалпықазақ съезі. Алашорда Халық Кеңесі үкіметінің құрылуы. 

Семей  қаласы  Алаш-Орда  үкіметінің  орналасқан  орталығы.  Алаш  автономиясын  жариялауға 

байланысты  айтыстар.  Ә.Бөкейханов  Алаш  үкіметінің  жетекшісі.  Түркістан  (Қоқан) 

автономиясы  ІҮ  Бүкілтүркістан  съезімен  құрылған  мемлекет.  М.Шоқай  Түркістан  (Қоқан) 

автономиясының  жетекшісі.  Алашорда  және  Түркістан  (Қоқан)  автономиясы  үкіметтері 

құрылуының Қазақстан тарихындағы тарихи маңызы. 



 

4.3. Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында. 

Ресейдегі Қазан революциясы. Қазақстанда 1917 жылдың қазан-сәуір айлары аралығында 

Кеңес  үкіметінің  орнауы.  Перовск  Сырдария  облысында  алғаш  Кеңес  өкіметі  орнаған  қала. 

Кеңес  өкіметі  және  Алашорда  мен  Қоқан  автономиясы  үкіметтерінің  тағдыры.  Ұлт 

зиялыларының  Кеңес  өкіметіне  көзқарастары.  Бүкілресейлік  Құрылтай  жиналысының 

таратылуы.  Кеңес  үкіметінің  алғашқы  шаралары.  1917  жылы  Кеңес  өкіметіне  қарсы  біріккен 

күштер. 

Қазақстанның  1918-1920  жж.  азамат  соғысына  тартылуы.  Алашорда  үкіметінің  қазақ 

әскери жасақтарын құру шаралары. Большевиктердің қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін құруы. 

Қазақстан  халқының  екіге  жарылуы.  Ақ  гвардияшылар  мен  Қызыл  Әскер  арасындағы  әскери 

қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы. 1918 жылы маусымда Орынбордың алынуы. Азамат 

соғысы  жылдарындағы  экономикалық  жағдай.  «Соғыс  коммунизм»  саясаты,  оның 

Қазақстандағы  ерекшеліктері.  Черкасск  қорғанысына  қатысушылар  әскерінің  Анненков 

әскерлеріне қарсы шайқасы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан Жетісу 



майданының  жойылуы.  Азамат  соғысы  кезінде  Ә.Жангельдин  экспедициясының  Ақтөбе 

майданын  қару-жарақпен  қамтамасыз  етуі.  1920  ж.  наурызында  Қазақстандағы  азамат  соғысы 

аяқталуы.  

1919  ж.  10  шілдеде  Қырғыз  (Қазақ)  өлкесін  басқару  үшін  революциялық  Комитеттің 

құрылуы,  оның  құрамы.  Қазревкомның  мақсаты  мен  міндеттері.  1920  ж.  Алашорда  үкіметінің 

жойылуы.  БОАК-нің  «Қырғыз  (Қазақ)  Кеңестік  социалистік  Автономиялық  республикасын» 

құру  туралы  шешімі.  1920  ж.  26  тамыз  Қырғыз  (Қазақ)  АССР-нің  құрылуы.  1920  ж.  4  қазан 

Кеңестердің Бүкілқазақстандық бірінші Құрылтайы. 1920 жылы құрылған Қырғыз (Қазақ) АКСР 

Орталық Комитетін басқарған С.Меңдешев. 1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін 

басқарған Радус-Зенькович. 1920-24 Орынбор қаласы Қырғыз (Қазақ) АКСР астанасы. 1924 ж. 

Сырдария,  Жетісу  облыстары  ұлттық  мемлекеттікті  қайта  бөлу  кезінде  Қазақ  АКСР-ның 

құрамына енген облыстар. 

 

4.4. Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде  

(1918-1939 жж.) 

Қазақ  АКСР-і  және  Түркістан  Республикасы.  Мұсылман  Бюросы  және  Түріккомиссия: 

саяси  билік  үшін  күрес.  Тұтас  Түркістан  идеясы.  Т.Рысқұлов  және  М.Сұлтанғалиев. 

Түркістандағы  басмашылар  қозғалысы.  Әнуар  Паша  мен  Ахмет  Зәки  Валидов.  1921  ж.  жаңа 

экономикалық  саясатқа  көшу  туралы  шешімнің  қабылдануы.  Азық-түлік  салғыртының  азық-

түлік салығымен алмастырылуы ЖЭС жылдарындағы экономиканың дамытудың басты бағыты. 

1921  ж.  Қазақстандағы  аштық.  Алаш  зиялыларының  аштықпен  күресі.  1921-1922  жж.  жер-су 

реформасы. 1921-22 жж. жер-су реформасының мәні.  Қазақстандағы жер мәселесі. Жаңа билік 

және  қазақ  зиялылары.  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің  ІІІ-конференциясы  (1923  ж.,  17-22 

наурыз).  «База»  және  «азаб»  туралы  айтыс.  «Қазақ  ұлтшылдығы»  туралы  мәселе.  1923  ж.  22 

қарашадағы  «Қырғыз тілінде  (қазақ) іс-қағаздарды жүргізуді  енгізу  туралы»  Декрет.  Түркістан 

республикаларын  ұлттық-мемлекеттік  межелеу.  Верный  қаласы  Алматы  болып  қай  жылы 

өзгертілуі.  1925  ж.    Бүкілқазақстандық  Кеңестер  сьезі  «қырғыз  деген  атауды,  қазақ  атаумен 

ауыстыру туралы» қаулының қабылдануы. 

1925-33 

жж. 


Ф.И.Голощекин 

Қазақстандағы 

партия 

ұйымының 



басшысы. 

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы, оның мазмұны. С.Сәдуақасов «Кіші Қазан» саясатына 

қарсы  шыққан  Қазақстанның  қоғам  қайраткері.  Жер  мәселесіне  байланысты  Қазақ  өлкелік 

партия комитетінің конференциясының шешімі (1925 желтоқсан), оның отарлық мазмұны. Қазақ 

зиялыларының Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Ұлт 

мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. Отарлықтың биліктегі 

түрлі  топтар  арасында  «тепе-теңдік»  сақтау  саясаты.  Ұлттық  нигилистерді  қолдау  саясаты. 

Т.Рұсқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті мүшелерінің кеңесі. Қазақ Өлкелік Партия 

Комитетінің  ІІІ-Пленумі  (1926,  25-30  қараша).  Ф.Голощекиннің  Алаштық  интеллигенцияға 

шабуылы.  1927  жылдың  соңында  басталған  сот  процестері.  Алаш  қозғалысы  басшыларын 

репрессиялау саясаты (1927-1932). 

Жайылымдық-шабындық  жерлерді  бөлу.  Кеңестендіру  саясаты.  Бай  қожалықтарын 

тәркілеу  туралы  декреттің  қабылдануы,  оның  саяси  және  экономикалық  нәтижелері.  Ауқатты 

шаруалар  қожалығын  жою.  Қазақ  шаруаларын  күштеп  жаппай  отырықшылыққа  көшіру 

шаралары.  Ауыл  шаруашылығын  жаппай  ұжымдастыруға  көшу.  1932  ж.  Қазақстанда 

ұжымдастыруды  аяқтаудың  жоспарлануы.  Жаппай  ұжымдастырудың  әдістері,  түрлері, 



қарқыны.  Ел  көлемінде  заңсыздықтың  кең  орын  алуы.  Қазақтардың  дәстүрлі  шаруашылық 

жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 

1929-1931  жж.  күшпен  ұжымдастыруға  қарсы  шаруалардың  қарулы  күресі.  Олардың  себебі, 

қозғаушы  күштері,  барысы  және  күшпен  басылуы.    Босқыншылық.  шет  елге  ауа  көшулер. 

Босқындардың қайғылы тағдыры. 

1931-1933  жж.  аштық.  1932  ж.  шілдесінде  Ф.Голощекинге  жолданған  республика 

қайраткерлерінің бірі  тобы жазған  «Бесеудің  хаты».  Демографиялық апат және оның салдары. 

Күштеп  ұжымдастыру  нәтижесінде  30-жылдары  болған  аштықтан  2  млн-нан  астам  адамның 

қырылуы. Кеңестік тарихнаманың «ұжымдастырудың» нәтижелерін асыра бағалауы.  

Қазақстанды 



«индустрияландыру» 

саясаты. 

Табиғи 

шикізаттарды 



зерттеу. 

Индустрияландырудың  отарлық  мазмұны.  Индустрияландыру  жолдары  мен  әдістеріне 

байланысты  теориялық  айтыстар.  М.Шоқай,  С.Асфендияров,  С.Сәдуақасов  және  басқа 

қайраткерлердің  индустрияландыруға  байланысты  пікірлері.  1930  ж.  Түркістан-Сібір 

теміржолының  құрылысының  аяқталуы.  М.Тынышпаев  және  Түрксіб  құрылысына 

жәрдемдесетін  арнаулы  комитет.  Кеңес  өкіметінің  мәдениет  пен  ғылым  саласындағы 

жетістіктері  және  бұл  саладағы  қайшылықтар.  Сауатсыздықпен  күрес.  Халыққа  білім  беру 

жүйесінің  қалыптасуы.  Маман  кадрлар  даярлайтын  арнайы  орта  және  жоғары  білім 

ошақтарының  құрылуы.  1928  ж.  Қазақстанда  бірінші  жоғары  оқу  орнының  ашылуы.  Қазақ 

жазуын  араб  алфавитінен  латын,  сонан  соң  кириллицаға  көшіру.  А.Байтұрсынов  бастаған 

топтың алфавит ауыстыруға қарсы күресі. 15 жастан 50 жасқа дейінгі жалпыға бірдей міндетті 

сауат ашудың енгізілуі. 

Мәдениетте большевиктік концепцияның үстем алуы. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне жасалған 

шабуыл. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Ғылым ошақтарының пайда болуы. Ғылым 

кадрлардың  қалыптаса  бастауы.  Рухани  мәдениеттен  алаш  зиялылары  мен  олардың 

шығармаларының  ығыстырылуы. 1936 ж. Қазақ АКСР-ның одақтық статусқа ие болуы Қазақ 

АКСР-ның  Қазақ  КСР-і  болып  өзгертілуі.  1937  ж.  Қазақстанда  бірінші  Кеңестік 

Конституцияның қабылдануы. Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған қайраткер және оның 

тағдыры. 1929 ж. Алматы қаласы Қазақстанның жаңа астанасы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 

1940 ж. 10 қарашадағы «Қазақ тілін жаңа орыс алфавитіне (кириллицаға) көшіру туралы» Заңы.  

Тоталитарлық  жүйенің  нығая  түсуі.  Сталиннің  жеке  басына  табынуы  1937-1938  жж 

жаппай  репрессиялау  шаралары.  Ауқымы.  Қазақ  зиялыларының  алдыңғы  белсенді  бөлігі  – 

репрессия құрбаны. Бұл процесстің ауыр салдары. Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам қуғын-

сүргін  құрбандары.  ГУЛАГ,  КарЛАГ,  СтепЛАГ,  АЛЖИР  лагерлері.  Кәрістердің,  немістердің 

Қазақстанға  еріксіз  қоныс  аударуы.  Қазақстанға  еріксіз  қоныс  аударған  халықтардың 

жағдайы.1940 жылдың басында пайдалануға берілген темір жол торабы. 

 

4.5. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж). 

ІІ-дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  Кеңес  үкіметінің  сыртқы  саясаты.  Фашистік 

Германияның  Кеңестер  Одағына  басып  кіруі.  Фашистердің  «Барбаросса»  жоспары  бойынша 

Қазақстан  Үлкен  Түркістан  аймағына  енгізілуі.  Фашистердің  «Түркістан  легионын»  құру 

әрекеті. Мұстафа Шоқайұлы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры. 

Майданға  жақын  аудандардан  өңдіріс  орындарын,  өңдірістік  құрал-жабдықтарды  және 

халықты эвакулациялау, олардың белгілі бір бөлігінің Қазақстан жеріне орналасуы. Республика 

өмірін  соғыс  қажетіне  бейімдеу.  1941-1942  жылдары  Қазақстанға  220    фабрика-зауыттардың 

көшірілуі.  1941-1945  жж.  Қазақстанда  460  завод,  фабриканың  соғыс  қажеттілігі  үшін  жұмыс 

істеуі. Ж.Жабаев 1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» атты толғаудың авторы.  



Қазақстан  жерінде  жасақталған  әскери  бөлімдер  (атқыштар  дивизиялары,  бриғадалар, 

батальон,  полк  т.б.).  Қазақстандықтардың  ірі  шайқастарға  қатысуы  және  ерлігі.  Москва, 

Сталинград,  Курск  түбіндегі  шайқастар.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  С.Баймағанбетов  А. 

Матросовтың  ерлігін  қайталаған  қазақ  жауынгері.  1942  ж.  қыркүйек  айында  Қазақстанның 

Орал,  Гурьев  (Атырау)  аймақтарына  соғыс  жағдайының  енгізілуі.  500-ге  жуық 

қазақстандықтардың Кеңес Одағы батыры атағын алуы. Елеусізов Кеңестер Одағының Батыры 

атағын  алған  ең  жас  қазақ.  Кеңес  Одағының  Батыры  Т.Тоқтаров  қаза  тапқан  шайқас. 

С.Нұрмағамбетовке  Кеңес  Одағының  Батыры  стағының  берілуі.  Кеңестер  Одағының  Батыры 

атағын  екі  мәрте  алған  қазақстандықтар.  Б.Момышұлы  ерлігі.  «Артымызда  Мәскеу»  еңбегі. 

Б.Бейсекбаев  –  «Ресей  батыры»  және  «Халық  Қаhарманы»,  Г.Ахмедьяров  –  Балтық 

жағалауындағы  партизандық  қозғалыстың  жетекшісі,  Қ.Мәденов,  Р.Қараманов  –  Берлин 

ратушасына  ту  тікен  сарбаздар.  Тоталитарлық  тәртіптің  соғыс  жылдары  нығая  түсуі.  Ұлт 

саясатындағы  озбырлықтар.  КСРО  территориясындағы  жеке  халықтарға  сенімсіздіктің 

көрсетілуі.  

Соғыс кезіндегі ауыл адамдарының еңбектегі ерлігі. Ыбырай Жақаев, Шығанақ, Берсиев, 

т.б.  Майдан  мен  тылдың  тұтастығы.  Қазақстан  еңбекшілерінің  соғыста  қираған  аудандарға 

берген көмегі. Ұлы Отан соғысының аяқталуы. Адамзат қоғамының соғыстан шеккен зардабы. 

ХХ-ғасырда  болып  өткен  екі  дүниежүзілік  соғыстардың  әкелген  қасіреті.  Екінші  дүниежүзілік 

соғыстың қорытындылары мен сабақтары. 

 

4.6. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1956 жж.) 

Кеңес халқының бейбіт  тұрмысқа өтуі. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен 

қатынастың күрделі  сипаты.  Соған байланысты  ішкі  дамуда  әскери-өнеркәсіптік базаны жедел 

дамыту  бағытын  көздеу.  Қазақстанда  өнеркәсіп  өндірісінің  жаңа  салаларының  қалыптасуы. 

Транспорт.  1947  ж.  азық-түлік  және  өндірістік  тауарларды  бөлудің  карточкалық  жүйесінің 

жойылуы.  

Ауыл шаруашылығы. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін 

басу  шаралары.  Жеке  меншіктегі  мал  санын  өсіруге  тыйым  салу.  Нарықтық  қатынастарға 

қойылған шектеулер. «Тың және тыңайған» жерлерді игерудің басталуы.  

Тоталитарлық  тәртіптің  күшеюі.  Барлық  өмір  саласын  қамтыған  бақылау.  Соғыста 

тұтқынға  түсіп  оралғандардың  ауыр  жағдайы.  Жалпыға  бірдей  жеті  жылдық  білім  талабының 

енгізілуі.  Жоғары  және  арнаулы  орта  білім  беретін  оқу  орындарының  ашылуы.  Кәсіптік-

техникалық  білім  беру  жүйесі.  1946  ж.  Қазақстанда  республикалық  Ғылым  Академиясының 

ұйымдастырылуы.  Қ.И.Сәтпаев  Қазақ  КСР  ҒА  тұңғыш  президенті.  1949  ж.  қазақ  жазушысы 

М.Әуезов  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы  үшін  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты 

атағының  берілуі.  «Қазақ  КСР  тарихы»  атты  еңбектің  жарық  көруі  және  авторлары. 

Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер», «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» еңбектері.  

«Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясы  тіл  және  әдебиет  институты  жұмысындағы  өрескел 

саяси қателер туралы» қаулысына сәйкес, ұлтшыл деп айыпталған зиялылар. Қазақстандағы ұлт 

зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы 

қаулысы.  «ХІХ  ғ.  20-40  жылдарындағы  Қазақстан»  Е.Бекмахановтың  саяси  зиянды  деп 

танылған  еңбегі.  1952  ж.  Е.Бекмаханов  Ғылым  Академиясынан  қуылып,  Қаз  КСР  жоғары 

сотының  қылмысты  істер  жөніндегі  коллегиясының  үкімімен  буржуазиялық-ұлтшылдық 

көзқарастары  үшін  25  жылға  бас  бостандығынан  айрылуы.  Орыс  халқына  қатысты  бұрынғы 

концепцияның  өзгеріске  ұшырауы.  1948  ж.  КСРО  Министрлер  кеңесінің  қаулысы  бойынша 

Қазақстан  жерінде  (Семей,  Павлодар,  Қарағанды  обл.  түйіскен  жерінде)  салынған  ядролық 

полигон.  1949  ж.  Семей  полигонында  өткізілген  ядролық  сынақ.  Республикадағы  транспорт 

жүйесі (Мойынты-Шу темір жол торабы).  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет