Техника-экономикалық негіздеме (ТЭН) – экономикалық тиімділікті міндетті түрде есептеу арқылы жобада қолданылатын нақты технологиялық, техникалық және ұйымдық шешімдерді таңдау себептерін сипаттау.
Технико-технологиялық тәуекелдер – инвестициялық қызметтің технико-технологиялық құрамына әсер етумен байланысты тәуекелдер (құрал-жабдықтың сенімділігі, өндірістік үдеріс пен технологияның күрделілігі, инновациялық жаңартулардың қарқыны).
Факторинг – банктік қызметтің болашағы мол түрі, тәуекелді әрі жоғары табысты бизнес, қаржылық маркетингтің тиімді құралы, қазіргі экономикалық процесстердің дамуына бейімделген банктік операциялардың біріктірілген түрлерінің бірі. «Факторинг» термині ағылшынның делдал, агент сөздерінен алынған.
Франчайзинг -тұтынушыға өнімді немесе қызметтерді жеткізудің тәсілі, не болмаса, материалдық және қаржылық құралдардың кооперациясы және әр түрлі кәсіпорындардың күш салуының негізінде бизнесті дамыту және нарықты жаулап алудың тәсілі деп анықталуы мүмкін. Франчайзинг сондай-ақ өндірушінің тауарлық маркамен қорғалған өзінің өнімдері мен қызметтерін тәуелсіз кәсіпкерлерге белгілі бір территорияда өрістетуге жеке құқық беретін мәміле ретінде де қарастырылуы мүмкін.
Франчайзи – тауарлық белгінің атынан бизнесті жүргізу құқығын сатып алатын тұлға.
Шағын жобалар - өндірісті кеңейту және шығарылатын өнім ассортиментінің ұлғаюының жоспары болып табылады.
Ірі жобалар – бұл әдетте, ішкі және сыртқы нарықтардағы сұраныстарды қанағаттандыру үшін қажетті, негіздемесінде өнім өндірудің озық өндірістік пікірі жататын, ірі кәсіпорындар объектілері болып табылады.