1. эпоәК қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет48/82
Дата24.12.2021
өлшемі220,55 Kb.
#104747
түріНұсқаулар
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Байланысты:
Лекция-1600959726640

Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағы арқылы студенттерде бизнес-жоспардың маркетингтік стратегиясы туралы түсінік қалыптасады

Жоспар:

1. Маркетинг стратегиясының түрлері.

2.Өткізуу және бәсекелес нарығын бағалау нәтижесі бойынша стратегия таңдау.

3.Түрлі сценариелер бойынша сатудың болжамды көлемін табу. Зерттеудегі бизнестің сұранысы мен ұсынысының болжамды бағаларының ара байланыстылығы.



Кілт сөздер: баға белгілеу, бағаның құрылымы, баға факторлары, маркетинг зерттеулері, маркетинг стратегиясы, әртүрлі жарнамалар, сатуды ынталандыру бағдарламасы, бақылау.

Маркетинг басқарудың нарықтық бағытталу концепциясы ретінде кәсіпорынның өзгермелі жағдайға тез жауап беруімен шартталатын болғандықтан, маркетингтік қызметтің ең негізгі сатыларының бірі – маркетингтік стратегиялар мен жоспарларды дайындау болып табылады. Бұл мәселенің мәні қазіргі ұйымдар әрекет ететін орта жағдайы барынша агрессивті және белгісіз болған сайын артып отыр.Кейде кәсіпкерлер осындай тұрақсыздыққа байланысты стратегиялық жоспарлауды тек бос әуре деп түсінеді. Бірақ жетістікке жеткен тез дамитын ұйым басқарушылары күні бүгін қызметті қандай бағытта дамыту керектігі туралы нақты мәліметтер қажеттігін біледі.Осы бағыттың ұзақ мерзімдегі пайдалылығы мен ұйымның мәніне ықпал ететіні жоспарларда анық көрсетілуге тиіс.

Маркетингтік стратегиялар ұйым мақсаттары мен оған жету жолындағы түрлі проблемалар арасындағы байланыстырушы жүйе болып табылады. Маркетингтік стратегиялардың түрлері өте көп, бірақ оларды дайындаудың универсалды ортақ схемасы жоқ. Сондықтан олардың мазмұны мен бағыты әр түрлі болады: нарықтар мен нарықтық сегменттерді қамту стратегиясы, бәсекелестік стратегиялары, жаңа нарыққа шығу стратегиясы, бағалық стратегия, сондай-ақ нарықтық сұраныс пен тауарлық саясатқа байланысты қолданылатын стратегиялар. Әрбір фирма өз қызмет түрінің ерекшеліктеріне байланысты өз маркетингтік қарекетінің жеке әдітемесін, қызметінің жалпы концепциясын жасайды. Ең бастысы, жоспарлау кезінде маркетингтің өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудің кешендік жүйесі екенін естен шығармаған жөн.

Кез-келген кәсіпорынның жетістігі шығарылатын өнімдердің номенклатурасын нарық динамикасымен оптималды түрде сәйкестендіре алу қабілетіне тәуелді. Сондықтан маркетингтік мақсаттарға жетуге көмектесетіндей әрбір нарық немесе оның жеке сегменті, сонымен қоса әрбір жеке өнім үшін бір уақытта бірнеше стратегия дайындалуы мүмкін.

Маркетингтік стратегияларды дайындау – бұл негізгі міндеті алға қойылған мақсаттарға жету болып табылатын және де кері байланысты білдіретін үздіксіз, циклдық процесс. Маркетингтік жоспарлау үрдісі жай қарапайым ресми жоспар жасаудан гөрі маңыздырақ.Бұл үрдіс ұйымда және оның сыртында қалыптасқан жағдайға қарамастан универсалды болып табылады. Жоспарлау процесінің ресмилік деңгейі компанияның көлемі мен оның тауарлық-нарықтық диверсификациялану дәрежесіне тәуелді.

Сонымен, ақырында жоғарғы басшылықтың қатысуымен дайындалып, жоспар-кестелермен бекітілген дұрыс маркетингтік стратегиялар ғана қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада компания қызметінің барлық жетістігін анықтай алады.

Өткізу және бәсекелес нарығын бағалау нәтижесі бойынша стратегия таңдау.

Түрлі сценариелер бойынша сатудың болжамды көлемін табу.

Зерттеудегі бизнестің сұранысы мен ұсынысының болжамды бағаларының ара байланыстылығы.

Бизнес-жоспарда баға белгілеудің көрсетілуі: бағаның құрылымы, баға факторлары маркетинг зерттеулері мен ара байланыстылығы.

 Маркетинг стратегиясындағы жарнаманың орны мен маңыздылығы. Түрлі жарнамалардың айрықшалықтары мен жетіспеушіліктері. Жарнама беруге қойылатын талаптар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет