1.Толық өзіндік кұн және шығаруға шығындар: құрылымы мен өзгеруі динамикада.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы және кәсіпкерлік тәуекелдікті бағалаудағы алатын орны саралау мен ресурстардың мүмкін шығындарының болжамы.
Айта кететін жайт, мында кәсіпкерлік қызметтегі масштаб пен мақсатталған жоспар ресурстарының шығындары емес, ойлаған ойыннан кәсіпкерліктің нақты барысының сол себепті ауытқыларының көріну, ықтимал, кездейсоқ, күтпеген шығындары мүмкін.
Мақсатталған шаралар дамуының күтпеген вариантының осы немесе басқа да шығындарының мүмкіндігін бағалау үшін, алдымен кәсіпкерлікпен байланысты барлық шығындардың түрлерін, оларды есептеп, мүмкін өлшемдерін жоспарлауын білу керек.
Болжамдау процесіндегі мүмкін шығындарды есептеу туралы айтқанда, бір жағдайда естен шығармау керек.
Егер кездейсоқ шаралар кәсіпкерліктің соңғы қорытындыларына екі рет әсерін тигізеді, тәуекелді бағалау кезінде бірдей деңгейде екеуін де ескеру қажет. Басқаша айтқанда, суммалық мүмкін шығындарды анықтау кезінде есептелген шығындардан олардың жеңісін қамтамасыз етуін алып тастау керек.
Кәсіпкерлік қызметте болатын шығындарды мақсатты түрде былай бөлінеді:
- материалдық;
- еңбектік;
- қаржылық;
- уақытты жоғалту;
- шығындардың арнайы түрі.
Материалдық шығындар түрі энергия, шикізат, өнім, мүлік, құрал-саймандардың тікелей шығындарынан немесе кәсіпкерлік жобамен қарастырылмаған қосымша шығындардан көрінеді. Осы айтылған әрбір шығындар түріне өз бірліктерін өлшеу қолданылады.
Материалдық шығындарды өлшеу үшін материалдық ресурстар түр санымен, яғни, көлемнің, ауданның, салмақтың физикалық бірлігімен өлшеу табиғи.
Бірақта әртүрлі бірлікпен өлшенетін шығындарды біріктіріп және оларды бір өлшеммен көрсету мүмкін емес. Килограммен метрді қосуға болмайды. Сондықтан да, ақша бірліктеріндегі құндылық жағдай шығындарын есептеу практикалық мүмкін емес. Бұл үшін физикалық өлшемдегі шығындар құн бірлігіне сәйкес, материалдық ресурстарды көбейту арқылы құнды өлшеуге көшіріледі.
Материалдық ресуртар санының көптілігі үшін, ақша айналымындағы құны белгілі шығындарды бағалауға болады.
әрбір материалдық ресурстардың құныдылығындағы мүмкін шығындарды бағалау үшін, кездейсоқ өлшеммен және олардың ықтималдығы туралы ережені сақтай отырып, оларды біріктіруге болады.
Еңбек шығындары кездейсоқ, күтпеген жағдайлар байланысты жұмыс уақытының шығындарынан көрінеді. Еңбек шығындары адам-сағат, адам-күн немесе жұмыс уақытының сағатымен айқындалады.
Еңбек шығындарының құндылық, ақша көрінісіне көшіру үшін еңбек-сағатты әрбір сағат құнына көбейтеміз.
Қаржылық шығындар- бұл бағалы қағаздар мен ақша қаражаттарының шығындарымен, қосымша салықтарды, айыппұлдарды төлеумен байланысты тікелей ақша залалы.
Ақша залылының арнайы түрі мемлекеттік бюджет үшін кәсіпорыннан заңды түрде құралдарды тартып алу, валюта курсының өзгеруімен және инфляциямен байланысты.
Қарыздарды төлеуді кейінге қалдыру, қаражаттарды уақытылы бермеу, уақытша және қайтарымсыз, ақырғы қаржылық шығындар болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметтің процесі ойластырылғандай жүрмесе, сонда ғана уақыт шығыны көріне бастайды. Осындай шығындарды тікелей бағалау ойластырылған қорытындыға сағат, күн, апта, ай бойы кешігіп қалуынан көрінеді. Уақыт шығынын бағалауды құн өлшеміне ауыстыру үшін, кәсіпкерліктің қандай табыс, пайда шығындарынан уақыт шығынының кездейсоқ әдісіне алып келуін құру қажет.
Арнайы шығындар адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, кәсіпкерліктің беделіне зиян келтіруден, сонымен бірге, басқа әлеуметтік және моралды психологиялық шараларынан көрінеді. Арнайы шығындарды саны жағынан, соның ішінде құн көрінісінен анықтау қиын.
әрбір шығындар түріне ағымдық бағалауды кәсіпкерліктің ай, жыл, уақытынан пайда болмастан бұрын, олардың мүмкіндігін және көлемдігінен көрінеді.
Тәуекелді бағалау үшін мүмкін шығындардың комплекстік анализын жасауда, тәуекелдің барлық көздерін және қандай көздер басым болатын анықтау қажет.
Кәсіпкерлік тәуекелдігін анықтағанда, жанама шығындар тәуекелдік деңгейдің саны жағынан бағалауы жойылуы мүмкін.
Егерде қарастырылып жатқан шығындардың ішінен бір түрі ерекшеленсе, көлеміне немесе басқалардың пайда болу ықтималдығына әсерін тигізсе, онда тәуекел деңгейіндегі есепте сандық бағалау да тек шығын түрін қабылдауға болады.
Алғашқы анализдың нәтижесі бойынша көлемі және шығын түрінің пайда болу ықтималдығын «сүзіп» алдық деп ескерейік. Онда құрамындағы кездейсоқ шығындарды және оларды систематикалық қайталанатындардан бөліп алу керек.
Кәсіпкерлік жобада есептелмегендіктен және тікелей болжамы, тікелей есепте берілмеген кездейсоқ шығындарды негізінен есептеу қажет. Егер шығындар алдымен көрінсе, онда оларды шығындар ретінде қарамай, шарасыз шығындар ретінде жіне есептік калькуляцияға қосылуы керек.
Кәсіпкер өзінің бизнес жоспарында баға қозғалысы, салықтар, олардың шаруашылық қызметінің пайда болу әдісінде өзгерісін ескеру қажет.
Кәсіпкерлік қызметте қолданылатын есеп әдісінің тепе теңсіздігінің күші немесе кәсіпкермен бизнес жоспар түгелдей қамтылмағандығынан, систематикалық қателіктер шығындар ретінде қаралуы мүмкін, олар күтпелі қорытындыны жаман шағына өзгертуі мүмкін.
Кездейсоқ факторлардың әсерінен болған тәуекелдікті бағалау үшін, кездейсоқтан систематикалық шығындарды құрайтындарды бөліп алу керек.
Енді кәсіпкерлік қызметтің түрінен болатын құрылымдық шығындардың бірнешеуін қарастырайық: кәсіпкерліктің өндірістік, коммерциялық және қаржылық. Осының негізінде тәуекелдікті туғызатын бірыңғай қажетті факторларды анықтап, олардың пайда болуы қандай екенін көрсетеміз. Тәуекелдіктің факторларын білу олардың қызметін төмендететін алдын ала шара қолдануды туғызады.
Кәсіпкерліктің қаржылық, коммерциялық, өндірістік шығындарынан кездейсоқ пайда болу анализіне көшу үшін, олардың факторына әсер тигізетін және бірнеше спецификалық шығындар көздерін көрсетеміз.
Оларға күтпеген саяси факторларына әсер етуші шығындарды қосуға болады. Осындай шығындар саяси тәуекелдікті туғызады.
Осындай тәуекелдіктің арнайы көздері саяси мотивтер бойынша ақша қаражаттарының және мүлікке құқығы жоқ, жеке меншіктің қарым қатынасы және түрдің трансформациясы, келісім шарттың шарттарын өзгерту, салық пайызының көбеюі жатады.
Бизнес жоспарда жасалған және табыс пен пайданың есебі бар, тұлғалардың жауапкершіліксіз қарауы арқылы пайда болған арнайы мүмкін шығындар пайда болады. Егер нәтижесінде осы факторлардың күтпелі табысы мен пайда өлшемінің қызметі кәсіпкерлік жобада көтермелі болады, ал нақты алынған қорытынды төмен болады, олардың айырмалары шығындар ретінде қабылданады.
Егер де шынымен де пайданың номиналды мағыналары нақты анықталса, онда осындай шартты шығындар есептелмеуі де мүмкін болар еді.
Компаньонның жауапкершілігімен және жағдайымен қарастырылған кәсәпкердің шығындары ерекше орын алады. Қарыздың өтелмеуінен, қарызнердің төлей алмай қабілетімен және соқтығысуындағы тәуекелдіктің өтірік болуы мүмкіндігі айқын.
Көрсетілген кәсіпкерлік түрінің тәуекелділікті қолданылуы және шығындардың жойылуы мүмкін жағадайларды қарастырамыз. Тәуекелдіктен түгелімен қашуға мүмкін емес, бірақ та кәсіпкер олардың жоғалуын төмендетуге тырысу керек.
Сонымен, енді кәсіпкерлік шығындар жеңетін шығындардың потенциалды мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |