№1 Есептеу машиналарының даму тарихы. ЭЕМ буындары. ЭЕМ құрылғысына және негізгі жұмыс істеу қағидаларына шолу. ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың пайда болуына байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан ЭЕМ даму кезеңі белгілі бір кезеңдерге бөлінген. 1 кезең (1945-1955) ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі. Ол кезде радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ Моучли , Эккерт деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылды. Бұл машина ENIAC (Electronic Numerical Integrator and Computer-Электронды санды интегратор және компьютер) деп аталды. ОЛ секундына 300 көбейту және 5000 қосу амалын орындай алды. Американдық ғалым Джон Фон Нейман 1946 жылы жазған EDVAC машинасы туралы жаңа принциптер ұсынды. 1949 осы машина құрастырылды. ЕНИАК тан айырмашылығы онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталатын және мәліметтер мен оны өндейтін программа жадтың бір жерінде сақталатын. Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер 1951 жылы – МЭСМ (малая эл счетная машина), 1952 жылы БЭСМ (большая электронная счетная машина) пайда болды. Бұл екі машинаны КСРО көрнекті ғалымы Сергей Алексеевич Лебедев құрастырды.