Бөж тақырыбы: Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың қиындықтары мен мүмкіндіктері



бет1/3
Дата22.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#198716
  1   2   3
Байланысты:
биология ағылшынша Турсинбек Аружан


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті
Педагогика және психология кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы:Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың қиындықтары мен мүмкіндіктері.



Қабылдаған: PhD, аға оқ. Салыбекова Н.
Орындаған:Турсинбек Аружан
Тобы:ЖХБ-111
Түркістан қаласы 2023ж
Жоспар


Кіріспе


Негізгі бөлім:


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе:
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе, халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен», — деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.

Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты
Үш тілде оқытудың негізгі мақсаты- бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік қабілетті мәдениетті тұлға қалыптастыру.Қазіргі уақыттағы ғылымның дамуы адамдардың көп тілді білу қажеттігін туындатып отыр. Осы мүддені жүзеге асыруда, біздің, яғни мектеп ұстаздарының рөлі зор.
Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде информатика, физика, биология және химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынып жатыр. Бұл бір жағынан қиын болғанымен, қажеттіліктен туындап отыр. Биология пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Сабақ барысында қосымша берілетін биологиялық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді. Қазіргі кезде оқушыларға пәнді қазақ тілімен бірге орыс және ағылшын тілінде оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған.
Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту –болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік. Ғылыми техниканың дамуы адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттігін тудыруда. Сабақ процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу маңызды.
Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек.
Білім саласындағы мұндай күрделі өзгерістер оқушыларға қандай мүмкіндіктер береді?

  • Қазақстанның білім көрсеткішін әлемдік деңгейде көрсетуге мүмкіндік

  • Шет елде білім алуға ниетті оқушыларымызға үш тілді жетік меңгеру жеңілдіктер

  • Қазақстандағы білімді әрі білікті мамандар санының өсуіне оң әсерін тигізеді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет