Файлдық жүйелер. Типтері мен мінездемелері. FAT, NTFS, ext. Файлдық жүйе – спецификациялар жиыны және оларға сәйкес бағдарламалық қамтамасыздандыру, ол файлдық ақпараттардың жылжуы, модификациясы, оқу, жазуды ұйымдастырға, құру мен жоюға жауап береді, сонымен қатар файлға қатынауды басқарады. ФЖ дискідегі немесе ақпараттың басқа тасымалдағышындағы деректердің ұйымдастырылу әдісін анықтайды. Мысалы: ФС ҒАТ: ДК –дің өте көп операциялық жүйесінде (ПҚ) бар. Барлық қазіргі ОЖ сәйкес файлдарды басқару жүйесінен (ФБЖ) тұрады. ФБЖ ОЖ негізгі ішкі жүйесі болып табылады. ФБЖ арқылы орталықтандырылған дискілік аумақты және деректерді басқару жүзеге асырылады.
FAT (File Allocation Table) – 9х–ұқсас Windows және DOS-жүйелерінде қолданылған ФС. Тарихи жағынан ең ерте пайда болған біреуі. Артықшылығы – аппараттық талаптары аз, сол үшін қазіргі кезде тұрмыстық техникада қолданылады. Файлдық жүйенің құрылысы жай болып келеді. Диск басында файлдардың орналасу кестесі бар, ол – арнайы аймақ, дискідегі қай файлдың физикалық жағынан қайда орналасқанын көрсетеді. Егер файл ұзындығы бірнеше сектор болса, онда әр сектордың соңында келесі секторға сілтеме орналасады. Ақпарат блоктары дискіде кез–келген тәртіппен орналасуы мүмкін.
NTFS (NT File System) – файлдарды сақтаудың мүлдем басқаша жүйесі. FAT–пен бір уақытта пайда болса да, ол кезде аппараттық талаптары үлкен еді. NTFS құрылысы жағынан дерекқорға ұқсас болып келеді. Файлдың қасиеттерінің саны шексіз болуы мүмкін. Осы қасиеттерді басқаша ағымдар (streams) деп атайды. Ағымдар өзара байланыспаған да болады. Файлда пайдаланушы үшін көрінетін ақпарат жоқ болса да, ағымдарда ақпарат сақталады, сол үшін файл кез–келген өлшемге ие болуы мүмкін. Сонымен қатар, NTFS жүйесінде дисктің аймақтары емес, метафайл деген ұғым бар.
№8 Ақпараттың сыртқы тасымалдауыштары. Оптикалық дискілер. Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл — бүл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад — бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш жөне компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша — магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта ІВМ типті Реntium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард-диск) кіретін қаткыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |