1 Есептеу машиналарының даму тарихы. Эем буындары. Эем құрылғысына және негізгі жұмыс істеу қағидаларына шолу


ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954)



бет2/15
Дата10.06.2020
өлшемі36,75 Kb.
#72816
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1-10

ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954) Бірінші буын- электронды шамдар пайдаланылған ЭЕМ-дер. Олар- « ENIAC », «МЭСМ», «БЭСМ», «IBM -701», «Стрела», «М-2», «М-3», «Урал», «Урал-2», «Минск-1», «Минск-12», «М-20».

ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.) ЭЕМ негізгі бөлігі- электронды шамдар емес, жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар. Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері пайдалана бастады. Буын ЭЕМ-дері- «РАЗДАН-2», «IВМ-7090», «Минск-22,-32», «Урал- 14,-16», «БЭСМ-3,-4,-6», «М-220, -222»

ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.) Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді.

ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.) Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді.

ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж.) Негізі- үлкен интегралды схемалар. ЭЕМ-дердің жылдамдығы секундына ондаған миллион операциялар,

ЭЕМ-нің бесінші буыны бұл болашақ ЭЕМ-дер. Алғаш рет Жапонияда 1982 жылы қолға алынды. ЭЕМ-дер жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді.

№2 ЭЕМ сәулеті түсінігі. Заманауи ЭЕМ негізгі компоненттеріне шолу жасау. Фон Нейман архитектурасы. ЭЕМ архитектурасы - ол ЭЕМ жұмысын бағдарламалық басқаруды және оның негізгі функционалды түйіндерінің бір-бірімен келіскен әрекетін іске асыратын ЭЕМ құрудың жалпы принципі. Компьютер – деректерді құру, сақтау және тасымалдауды автоматтандыруға арналған электрондық құрал. «Архитектура» сөзін ЭЕМ үшін қолданғанда, ол пайдаланушыға қажет компьютер сипаттамаларының жиынтығы деп түсінуге болады. Олар – ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен блоктары және олардың арасындағы байланыстар құрылымы.

ЭЕМ құрудың жалпы принциптері:


  1. ЭЕМ жадының құрылысы

  2. жадыға және сыртқы құрылғыларға жету жолы

  3. компьютер конфигурациясын өзгерту мүмкіндігі

  4. командалар жүйесі

  5. деректер форматы

  6. интерфейсті ұйымдастыру

60-ж. ортасынан бастап есептеуіш машиналарды жасау үшін, аппараттарды және математикалық қамтамасыздандырудың кейбір құралдарын тәуелсіз құрастырудың орнына, аппараттық (hardware) және бағдарламалық (software) құралдардан тұратын жүйе жобалана бастады. Мұнда алдыңғы жоспарға олардың өзара әрекеттестік концепциясы қойылды. Осылай жаңа түсінік – ЭЕМ архитектурасы – пайда болды.

ЭЕМ архитектурасы деп сәйкес есептер класстарын шығару үшін, ЭЕМ-нің функционалдық мүмкіндіктерін анықтайтын, аппаратты-бағдарламалық құралдар мен олардың сипаттамаларын ұйымдастырудың жалпы принциптерінің жиынтығын айтады. ЭЕМ архитектурасы апараттық және бағдарламалық құралдар комплексін құру және көптеген факторларға көңіл қоюмен байланысты кең шеңбердегі проблемаларды қамтиды. Осы факторлар ішінде маңыздылары: бағасы, қолдану саласы, функционалдық мүмкіндіктері, пайдалануға ыңғайлылығы, ал архитектураның ең басты компоненттерінің бірі аппараттық құралдар болып табылады. ЭЕМ архитектурасының компоненттерін келесі суреттегі үлгідей көрсетуге болады



Фон Нейман архитектурасы — кеңінен танымал командалар мен деректерді компьютер жадында бірлесіп сақтау принципі. Мұндай есептеу жүйелері жиі "фон Нейман машинасы" терминін білдіреді, алайда әрдайым осы ұғымдардың сәйкестігін білдірмейді. Жалпы жағдайда, фон Нейман сәулеті туралы айтқан кезде деректерді және нұсқаулықтарды бір жадтағы сақтау принципін көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет