1. Етістіктің өзіне тән белгілері қандай? Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?



бет12/35
Дата29.01.2020
өлшемі10,44 Mb.
#56790
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
6-с адебиет КМЖ Дайыны-1






Күні: 13. 11. 19ж

Мұғалім: Жантаева Н

Сынып: 6 үйден оқыту

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау;



Сабақ мақсаты:

Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады;

Шығармадағы көркем ауыстыруларды(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтайды



Бағалау критерийі

Өлеңді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады .

Шығармадағы метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнауды анықтайды



Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тапсырмаларды орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады.

Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады.

Шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.


Пәнаралық байланыс:

Философия

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Өлең, тақырып, идея, шумақ, тармақ, ұйқас,. метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау



Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Өлең жолдарында келтірілген «_______» сөзі «________» деген мағынаны білдіреді. Өмірден мысал келтіретін болсақ, _______________.



Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы,аудармалары, шәкірттері туралы білді.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақ басы

5 мин



Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Жұпта тақырыпқа ену үшін сұрақтарға жауап береді:

Бағалау критерийлерімен және дескрипторлармен танысады.

Автор орындығы” Сұрақтарға жауап бер.

1. Абайдың туған жылы? 2. Абайдың шын аты?

3. Абайдың туған жері? 4. “Ұстаздық еткен жалықпас – .....”

5. Абайдың қара сөздері?

6. Табиғат лирикасы тақырыбына жазған өлеңдері?

7. Абай өлеңіндегі бес дұшпан? 8. Бес асыл іс?

9. Абайды әлемге танытқан кім? 10.Абайдың әжесі?







Сабақ ортасы

5 мин

5 мин

15 мин



10 мин

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын­ ояту мақсатында­ «Ой шақыру» әдісін пайдаланып,

Абай кім деген сұрақ төңірегінде ойымызды жинақтайық.



  1. «Адасқан сөздер» Үшін ермек жазбаймын өлеңді мен
    «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін мәнерлеп оқып танысу

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

 

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,



Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды.

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",

Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз...

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі З0 жол. Бұл өлеңінде Абай оқырман-тыңдаушыларына, ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. М. Әуeзовтің айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «көңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің құралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ұйқасы -б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы «сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы «қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болып алынған. Ал 1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кер- бөз», «Қанша қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі басылымдарға енгізілген. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.



Жазушының тілі (өлең құрылысына, әдеби теориясына талдау)
Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан.
Диологтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды)
1. Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болды ма?
2. Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?
2. “Сергіту сәті”
ІІІ. Ой толғаныс сатысы


  1. Топтастыру «постер»



3. “Еркін жазу” стратегиясы.

Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер?Абай кім?


Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім »-өлеңімен аяқтау.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне өзі орнатып ескерткішті

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм құла қырды

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырған келешекке

Біздермен осы күнгі тербеткен кім?

Тайсалмай мыңмен жалғыз алсқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,

Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.


оқулық


Сабақ соңы

5 мин



. Қорытынды. Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмытушылықтан  ізденуден жалықпайық.
Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Рефлексия кезеңі;

Қорытынды. Өлеңнің негізгі түйіні ақынның қай сөзінде тұр?

Үй жұмысы. Өлеңнен үзінді жаттау


Слайд 10

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік беру немесе сабақ материалымен алдын ала танысуға мүмкіндік беру арқылы қолдау көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?







Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет