1. Фармакологияның пәні, мақсаттары мен міндеттері, оның жалпы медициналық білім беру жүйесіндегі маңызы



бет1/12
Дата07.12.2022
өлшемі2,5 Mb.
#161796
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1. Фармакологияны п ні, ма саттары мен міндеттері, оны жалпы м


1.Фармакологияның пәні, мақсаттары мен міндеттері, оның жалпы медициналық білім беру жүйесіндегі маңызы.
Фармакология -химиялық қосылыстардың тірі организмдермен әрекеттесуі туралы ғылым. Негізінен фармакология әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын дәрілерді зерттейді.
МАҚСАТТАРЫ:1. Түрлі аурулар мен патологиялық жағдайлардың алдын алу, емдеу, диагностикалау мақсатында қолдану үшін жаңа дәрілік заттарды іздестіру, жасап шығару және зерттеу. 2.Жаңа дәрілік заттарды ұтымды қолдануды негіздеу. 3. Белгілі болған дәрілік заттардың жаңа қасиеттерін зерттеу.
МІНДЕТТЕРІ:Дәрі туралы сенімді, әрі нақты мәлімет алу.Сынақтан өтетін жануарлар мен адам организміне артық қауіп-қатер төндірмеу.

Биомедициналық ғылым ретінде фармакология Эксперименттік және практикалық медицинаның әртүрлі салаларымен тығыз байланысты. Сонымен, фармакология көптеген басқа медициналық –биологиялық пәндердің, әсіресе физиология мен Биохимияның дамуына үлкен әсер етеді.


Практиккалық медицина үшін маңызы зор: Тиімділігі жоғарыт көптеген препараттардың алыну нәтижесінде фармакотерапия көптеген ауруларды емдеудің жан-жақты әдісі болды.Орталық және шеткі жүйке жүйесін тежейтін немесе ынталандыратын,артериялық қысымды жоғарлататын немесе төмендететін,жүрек қызметіне,тынысты ынталандыратын,қан жасауды,ұюын ,зат алмасу үрлісін реттейтін ДЗ медицинада көп қол.
Клиникалық пәндердің дамуына әсер етеді:наркозға,жергіліті анестетиктерді,хирургияның дамуына ықпал тигізді.Психиатрияның(психотропты),гормаондық заттар,бактериялық инфекция.
2. Дәрілік заттарды әзірлеу және енгізу кезеңдері, халықаралық патенттенбаген атау, дженериктер туралы түсінік, дәрілік заттардың тиімділігіне, қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын халықаралық талаптар.
















Халықаралық патенттелмеген атауы-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың әсер етуші затының бірегей атауы.


Патенттелген-Нақты осы дәрілік препаратты өндіруші фармацевтикалық фирмалармен берілетін атауы .
ЖАҢА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЖАСАП ШЫҒАРУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:

  1. Жаңа белсенді субстанцияны алу

  2. Клиникаға дейінгі сынақтар

  3. Клиникалық сынақтар

  4. Дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігін зерттеу

  5. Дәрілік препаратты тіркеу

  6. Постмаркетингтік сынақтар

Дженериктер-бұл бастапқы препаратпен салыстырғанда дәлелденген фармацевтикалық, биологиялық және терапиялық эквиваленті бар дәрілік препараттар.бір дәрінің көшірмесі.

3. Дәрі - дәрмектерге, соның ішінде күшті әсер ететін және наркотикалық заттарға рецепт жазу ережелерінің нормативтік-құқықтық негіздері.


ҚР Үкіметінің №396 (30.03.2012ж) Қаулысына.сәйкес жазылады.
Наркотикалық дәрілерге рецепт амбулаториялық науқастарға емдеу мекемесінің штампы қойылған ҚР ДСМ департаменті бекіткен арнайы рецептуралық бланкта жазылуы тиіс. Наркотикалық дәрілерге рецепті дәрігер өз қолымен жазып, қолын қойып, жеке мөрімен куәландыруы тиіс. Сонымен қатар рецептегі дәріні тағайындауға, жауапты мекемесінің бас дәрігері немесе оның орынбасары қол қойып, емдеу мекемесінің дөңгелек мөрімен куәландырылады. Улы және наркотикалық дәрілерге арнайы қызғылт бланкте науқастың ауру тарихының диагнозы, нөмірі мен аурудың мекен-жайы көрсетіледі.
Құрамына «А» тізімінің улы дәрі-дәрмектері, кодеин, кодеин фосфат, этилморфин гидрохлориді, басқа дәрілік препараттар қоспасымен этаминал-натрий; клофелин таблетка түрінде, ұйықтататын дәрі-дәрмектер, психозға қарсы (нейролептиктер), антидепрессанттар, стериодты гормондар, транквилизаторлар, астматин және астматол препараттар арнайы рецептуралық бланкіде жазылуы тиіс.
Құрамында улы, наркотикалық дәрілік заттары, этанолы бар экстемпоральды дайындалған дәрілік түрлерді босатқан кезде, рецепт орнына науқасқа сары сызығы бар «Сигнатура» (рецепт көшірмесі) беріледі.
Наркотикалық заттарға рецепт жазылған күннен бастап 7 күнге дейін жарамды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет