1 Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі


)Зияткерлік меншік. Зияткерлік меншік түрлері



бет24/42
Дата20.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#197833
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
1 Ғылым ұғымы. Қазіргі қоғамдағы ғылымның рөлі-emirsaba.org 2

45)Зияткерлік меншік. Зияткерлік меншік түрлері
Зияткерлік меншік – азаматтық мүліктікқұқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдықзияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік. Зияткерлік меншік – материалдықемес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісіміменғана пайдаланылады. Зияткерлік меншікнысандарына:
өнертабысқа‚ жаңалыққа‚ оңтайландырмаұсыныстарға‚ селекциялық жетістіктерге‚ пайдалы үлгілемелерге‚ өнеркәсіптікүлгілерге‚ т.б. берілген патенттердентуындайтын құқықтар;
ғылым‚ әдебиет‚ өнер туындыларын жасаушы ақыл-ой адамдарының кітаптар‚ спектакльдер‚ опералар‚ музыкалық туындылар‚ сызбалар‚ тәсімдер‚ формулалар‚ т.б. түріндегі зияткерлікжұмысының жемісі болып табылатыншығармалық қызметтің нәтижелеріне авторлыққұқықтар;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан туындайтынқұқықтар;
зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандарына (қызмет бабындағы құпия мен коммерциялық құпия‚ оны әзірлеу мен қорғау жөніндегі құжаттар‚ ішкі фирмалық нұсқаулар‚ ережелер‚ т.б.) құқықтар жатады.

46Зияткерлік меншік құқығын қорғау. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы
Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына шолу. 1 бөлім: жалпы шолу
Қазақстанның заңнамасы зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын кеңінен қорғауды көздейді. Соңғы жылдары ол Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес біріздендірілді. Осы саладағы негізгі шарттарға қосылу Қазақстанда әлемнің көптеген елдерінде қабылданған зияткерлік меншік объектілерін қорғау тәртібі қолданылатынын білдіреді.
2001 жылы ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Бағдарламаның негізгі мақсаттары мыналарға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру болып табылады::
басқа елдердің тәжірибесін және халықаралық үйлестіру үрдістерін ескере отырып, зияткерлік меншік саласындағы ҚР ұлттық заңнамасын жетілдіру;;
зияткерлік меншік құқықтарын бұзуды анықтау, алдын алу және тоқтату мақсатында Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы құқық қолдану практикасын жетілдіру;
Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын ғылыми, техникалық және экономикалық қызметтің тиісті салаларында зияткерлік меншіктің рөлін күшейту.
Бағдарламаға қол қоя отырып, Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік саласындағы қолданыстағы заңнамалық және техникалық инфрақұрылымды дамыту міндеттемесін өзіне алды. Бағдарламаны орындау бойынша үйлестіруші ҚР Әділет министрлігі болып табылады. Бағдарлама белгісіз мерзімге жасалған және бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет