1. Философияның анықтамасы мен пәні. Философия


) Антропология- адам туралы философиялық мәселе



бет5/6
Дата05.04.2023
өлшемі40,84 Kb.
#173822
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
filo
ал Фараби
8) Антропология- адам туралы философиялық мәселе.
Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.
Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.
Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.
ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.
ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі — әлеуметтік факторлары қарастырмауы.
Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.
Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы.
9) Адам болмысының категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім.
Адам болмысының негізгі категориялары-бақыт, сенім, өмір және өлім болып табылады. Бұл категориялар дам өмірінің мәнің анықтайды. Жалпы маңызды қасиеттер мен сапаларды көрсететін негізгі ұғымдар, тараптар мен шындық қатынастары – категория деп аталады. Осылайша, философиялық категориялар болмыстың қасиеттері мен арақатынасын ортақ түрде қарастырады. Бақыт - бұл жалпы адамның өмірі ішкі қанағаттану сезіміне әрі барлық игіліктердің оңтайлы үйлесімі болатын құндылыққа байланысты қалыптасады деуге болады.Әрине, ешкім бақыт деген не екенін нақты білмейді және әр адам оны әртүрлі түсінеді. Ең көп таралған көзқарас бақытты қуанышпен байланыстырады. Бақыт-бұл ішкі тыныштықты білдіреді, қорқыныш пен уайымның орнына өмірдің әр өткен минуттың, қоршаған ортаның сұлулығы мен қасиетін бағалап түсінуден құралады.
Сенім адам болмысының басты категорияларының бірі. Діни сенім-өте сезімтал тәжірибе жемісі десе болады. Бірақ көптеген адамдар үшін мұндай тәжірибе-бос дыбыс іспеттес. Тіпті кейде сенім қол жетімді болса да, адамдар өзіне тән аса сезімтал сипатты яғни сенімді байқамайды, сезінбейді. Сіз сұлулықты тамашалай аласыз, онда қиял арқылы сұлулық жағымды эмоциялар ғана береді. Құдайға сенуге болады, бірақ күмәндануға, діни тәжірибеге күмәндануға, оны иллюзия деп санауға болады.
Өлім категориясы -адам өмірінің маңызды факторы болып табылады. Тек өлімге қарап, біз өмірді сүйе бастаймыз. Егер өлім болмаса, өмір мағынасыз болар еді. Ежелгі грек мифологиясында Құдайлардың адамды жазалай алатын ең қорқынышты жаза- мәңгі өлместік болды. Кітаптарда, романдарда, трактаттарда өлмеушілік адамзаттың басты арманы ретінде таңданды. Егер адам мәңгі өлмейді деп елестетіп көрсек: оның барлық туыстары мен достары, балалары мен немерелері өлді, ал ол өмір сүруде, мүлдем жалғыз және өзіңе түсініксіз , танымайтын уақыт пен мәдениетке тап болады. Бұл шын мәнінде қорқынышты. Сонда өмірдің бар мәні, құндылығы жойылатын іспеттес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет