69.Жалпы соңғы жол,жалпы соңғы жол үшін күрес,күш/маңыздылығы факторының принциптері.Реципрокты иннервация.Доминанттылық,оның анықталуы мен қасиеттері.
Жалпы соңғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон
қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке
жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы
(берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар
санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар
эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген
синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады
және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы
ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп ажыратады.
Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді
теріс индукция деп те атайды.
Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол жүйке
орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі
бір жағдайда белгілі бір жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы
қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу
ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты жүйке орталығы
бір жағынан әлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан әрі
күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар
үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер
126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері:
1)жоғарғы қозғыштық;
2)қозудың тұрақтылығы;
3)қозуды жинақтай алуы; 4)
қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.