1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Жалпыхалықтық және жалпы халықтық емес лексика. Кірме, архаизм, неологизм сөздер. Белгілі аймақтарда ғана қолданылатын лексика



бет13/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

12 .Жалпыхалықтық және жалпы халықтық емес лексика. Кірме, архаизм, неологизм сөздер. Белгілі аймақтарда ғана қолданылатын лексика.
Жалпыхалықтық тіл— белгілі бір халықтың (этностың) ауызекі сөйлеу тілінде кен қолданылатын, жұмсалу өрісінде стильдік шек қойылмайтын тіл. Жалпыхалықтық тіл бір тектес тілдік ұжымның тілі ретінде қалыптасады, тіл құрылысы жағынан ол ұлттық тілдің негізі болып табылады.
Тіл нормалары- белгілі бір лингвистік ұғымның тіл дербестігін айқындаушы барлық сөйлес тәжірибелері мен дағдыларының, ерекшелік белгілерінің жиынтығы.
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды.
Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестері, жұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер » , « варваризмдер », «калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема
Архаизм - көнерген сөздер. Бұған ескі әдебиеттерде кездесетін, қазіргі кезде жиі қолданылмайтын сөздер, сөз тіркестері жатады. Архаизм көркем әдебиетте белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалады. Әуезов «Тіл және әдебиет мәселесі» деген мақаласында өзбек, татар, араб, Иран тілдерінен енген көне сөздерден қашудың жөні жоқ екенін ескертеді. Мысалы, «Жамбыл» сөзінің шығу тегін білмегендіктен, Жамбыл ақынның есімін таумен шатастырады. Ал өзбек тілінде «Жамбыл» - гүлдің аты, «мартук» атауы - «мартүк» деген шөптің атынан шыққанын тілге тиек еткен
Лексика-сөзтудырушы архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ сөз жасау құрамы өзгерген сөз. Стилистикада архаизмдер төмендегі жағдайда колданылады:
а) Сол дәуір тарихын әсірелеу үшін (әдетте тарихи романдарда);
ә) Сөйлеу кезінде сөзге салтанатталық, қобалжытарлықтай әсер беру үшін, өленде, шешендік айтыстарда, (публщистикалық жанрлардақолданалады);
б) иронияда, сықақта, әжуалағанда күлкі шақыру (фельетон, памфлеттерде),
в) кейіпкерге сөздік сипаттама беру үшін (мысалы, діндарлық дәрежесі бар кісіпер).
1.Лексика-фонетикалық архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ дыбыстық құрамы өзгерген сөз (орыс. глад - голод, зерцало - зеркало, гистория - история, пиит - поэт).
2.Лексикалық архаизмдер - қазіргі таңдағы тілде синонимі бар көнерген сөз (қаз. уәзір - хатшы).
3.Семантикалық архаизмдер - қазіргі тілде сақталған, бірақ көнерген мағынасында қолданылатын сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет