1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет33/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Демеулік шылау-сөздерді байланыстырмайды, тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді.М: Ма, ме демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді.Демеулік шылаудың 6 түрі бар:

Түрі

Шылауы

Мысал

Сұраулық мағ.

Ма,ме,ба,бе,па,пе,ше

Қазір жаңбыр жауып кетсе ше?

Күшейткіш мағ.

Ақ,ау,ай,әсіресе,да,де,та,те

Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің

Болжалдық мағ.

Ау,мыс,міс,кейде

Ертеректе бір әулие кісі болыпты-мыс

Болымсыздық

Түгіл,тұрсын,тұрмақ

Сен түгіл мен де бес алған емеспін.

Шектік мағына беретін демеулік

Ғана,қана,тек, ақ

Ол кеше ғана келді.Мұны мен-ақ білем

Нақылау мағ.

Ғой,қой,ды,ді,ты,ті

Бұл оқиға бұрын болған-ды.Бұл менің ағам ғой



27-Билет. Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.
Синтаксистік байланыс — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:
Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады.
Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады.
Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты.
Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз
Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.
Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару
Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі
Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.
Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.
Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.
Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.
Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет