1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет66/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

50 билет .Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс.Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады.
Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн.Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі-түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т.б. Мұғалім бұл ережелерді анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге,«Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі.Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет,
Сөйтіп, сыныпта оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мұғалім осы мәселелер жөнінде тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді.Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі.Мысалы, сыныпта М.Әлімбаевтың «Ұқыпты бала» және «Ұқыпсыз бала» өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін оқытуға болады.
Сыныпта оқушылар жазушының бңр шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды толығырағ таныстыра түсу мақсатында оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармаларымен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы.Алтынсаринның «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурулан аяған күштірек» т.б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі.
Кейбір жекелеген шығариаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім олардың әрқайсысымен оқыған кітаптары жөнінде әңгімелеседі, салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, - бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы карточкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексеру нәтижесінде , балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т.б. ұнатады.
Осыдан кейін мұғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шығармалардың ішінен іріктеп ұсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар ұйымдастырадыМіне, осындай жұмыстардан кейін, қосымша оқуға тиісті кітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайы мен сыныптан тыс оқудың мазмұнына сай, бастауыш сынып оқушыларымен мынандай жұмыс орындауға болады:
1. Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбаны қарай топталған бір неше шығарманы), ертегілерді, мақалаларды талдау
2. күнделікті баспасөздегі мақалаларды оқу
3. кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгімелер қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармаларына сұрау берудің қажеті жоқ олар өз беттерінше қорытынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің өз оқығандары жөнінде өз көзқарастары болғаны жөн. Кейде оқығандары жөнінде жолдастарынан сұрау пікір алысу т.с.с. тыйым салынбайды.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында көрнекі құралдарды қолданудың да пайдасы мол. Мұнда да шығармада кездесететін қиын сөздер түсіндіріліп отырғаны жөн.
Сыныптан тыс оқуда жазушының шығармасын талтауда сол жазушының өмірі мен қызметінен толығырақ мағлұмат беруге болады. Мұндай сабақ шамамен былай ұйымдастырылады:
а) мұғалім немесе балалардың бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы ия шығармасынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады;
Бірінші сабақта сол жазушының өмір баяны айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қысқаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқыланады, ал үшінші сабақта қорытындыланады.
Балалар ІІ-ІІІ сыныптарда көбіне жануарлар туралы ертегілерді жақсы көреді. Мұндай сабақтарға көрнекілік құралдарды баллардың өздеріне жасатуға болады. Бір қатар ертегілер жөнінде шыққан суреттер де бар, а көптеген ертегілер бойынша диафильмдер жасалды.
ІІ-ІІІ сыныптарда оқу үшін ұсынылатын материалдарды мұғалім өзі іріктейді, ал ІV сынапта балалар өздері іріктеп алады.
Баларды өз беттерімен кітап оқуға үйреткен кезде мұғалім оларға кітаптың маңызы, оқу мәдениеті, оқу ережелері т.б. жөнінде үнемі ескертіп отыруы қажет.
Сыныптан тыс оқуды есепке алып, тексеріп отыру жөнінде жоғарыда да айтқанбыз. Оған қосымша, оқыған кітаптары жөнінде оқушыларға күнделік жаздырып үйретудіңде ораан зор тәрбиелік мәні бар. Бұл – балалалдыойларын жинақы, өз сөздерімен жаза білуге дағдыландырады, жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке кітаптың аты,авторы, шыққан жылы, оқығаны қандай мақала екені және ол жөніндегі өзінің пікірі жазылуға тиіс.
II-III сыныптарда балалар оқыған кітаптарының авторы мен атын, шыққан жылын жазып, өздеріне ұнаған кейбір оқиғаларға сурет салып қояды, ал IV сыныпта осыларға қосымша, өз пікірін жазып отыруы керек.

51. Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері. Грамматика, емле және тіл дамыту әдістемесі, мақсаты, міндеті, ғылыми негіздер. Білім алушыларға ана тілі заңдылықтарын, грамматикалық құрылым ерекшеліктері, оның байланыстарын меңгерту.
Бастауыш класс балалары сөздердің те нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикадасөздердің ең елеулі грамматикалық мғынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады.
Грамматикалық методикасы тіл білімі және психология ғылымдарына сүйену мен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады.
Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы боуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жқсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймады, соған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер ететіндей болғаны жөн. Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшетей отырып, қандай да болмасын бір әрекеті орындаудың тәсілдерін көрсетеді. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында оның айтқан, көрсетке тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты-оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады. Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жұмыстың нәтижесі болғандықтан, онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз ұғымдар оқушылар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет