1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет54/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Карстер әдісі қолдың қозғалысын дамыту үшін жасалынатын жаттығулар жүйесі. ХІХ ғасырдың басында ағылшын Карстер енгізген бұл әдіс ең алдымен 19 элементті, одан кейін жазылуы қиын штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға үйретеді. Бұл әдісті ересектерге каллиграфиясын түзеу үшін пайдаланған тиімді.
Мәселен, төмендегідей сабақтар арқылы саусақтарды жаттықтыруға болады: «несімен ажыратылады?» жаттығуы. 
Бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте, бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Ал, келесі жаттығу көз бен қолдың бір координацияда жұмыс жасауын қалыптастырады: көз бірінші нүктеде, қол да бірінші нүктеде, көз жоғарыда, яғни екінші нүктеде, қол жоғарыда, көз үшінші нүктеде, қол төменде. 


1 3 1 3 

Бұл жаттығу қолды сенімді қозғауға үйретсе, «бірдей биіктікте секіру» жаттығуы әріптерді ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады. 
Осы аталған жаттығуға орай, қолды жаттықтырудың келесі түрлерін де қолдануға болады: 
«Орнын белгіле» жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. 
«Әріпті тап» жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. 
«Ғажайып алаң» ойыны. Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: бүтін құрсау мен оңга иілген қармақшадан тұратын кіші әріп десе, «а» әрпі екенін табады. 
Баланың әлемі - бұл нақты заттың әлемі, егер баламен жақын болам десеңіз, оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріңіз. Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы ойын арқылы көркем жазуға жаттықтыратын жаттығу түрлерін қолдана білу - мұғалімнің төл ісі. 
Графикалық қателер.
Әріптердің жазылуындағы ұқсастықтар (И-дің орнына Ш жазу, Л-әрпінің орнына М жазу және жазылуындағы белгілері бойынша Б-ның орнына Д жазу, т.б.)
Дисграфия мен дислексиясының пайда болуы фонематикасының толық дамымауының есебінен екендігі ғылыми түрде дәлелденген.
Сонымен, балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлдеу тілінің дамуынан, фонематикалық түйсігінің толық қалыптаспағандығынан немесе сөйлеу тіл мүшелерінің барлық сыңарлары, фонетика-фонематикасының және лексико-грамматикасының толық дамымауының нәтижесінде пайда болатындығы кейінгі уақытта дәлелденді.
Мектепте оқитын ересек және орта жастағы балалардың арасындағы ең көп тарағаны дыбыстарды бұзып айту ақаулықтары. Бұл топқа жататын есту қабілеті дұрыс балалар жеке дыбыстарды, бір немесе бірнеше топтағы (ызың, ызың және ысқырық, ызың және аффрикаттар) дыбыстарды дұрыс айта алмайтыны байқалады. Бұл балалардың сөйлеу тілінің дыбыстар жағын мұқият тексерген кезде солардың ішіндегі кейбіреулерінің дыбыстарды айтуы сөздің құрамындағы буындық ырғақтың, дыбыстық түсінігінің барлық элементтерінің жиынтығының қалыптаспағандығын көрсетті. Бұл сияқты ауытқулардың ерекшеліктері оқу мен жазу дағдыларын меңгеруіне қауіпті.
ФФТД - ол қабылдау түйсігімен дыбыстардың айтылуындағы ақаулардың салдарынан болған сөйлеу тілінің әртүрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысынан бұзылуы.
ФФТД - ың сипаттайтын негізгі көріністер:
Жұп немесе топ дыбыстардың айтылуын ажырата алмауы. Мұндай жағдайда бір дыбыс екі немесе үш дыбысты да алмастыра береді. Мысалы: Т дыбысы С, Ч, Ш дыбыстарының орнына айтылады.
Бір дыбыстардың басқалармен алмастырылуы. Баланың сөйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар, айтылуы қиын дыбыстарды алмастырады. Мысалы: Л дыбысы, Р дыбысы, Ф дыбысы мен Ш дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.
Дыбыстарды шатастыру. Бұл көптеген дыбыстардың әр түрлі сөздерде қолдануының тұрақсызыдығын сипаттайды. Бала бір дыбысты бір сөзде дұрыс қолданады да, ал оны басқа сөзде сол дыбысқа әуезі жағынан немесе айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып жібереді. Мысалы: Р, Л немесе С дыбыстарын жеке түрінде дұрыс айтады да, ал сөйлегенде ауыстырып шатастырады.
Тіл кемістігі. Дыбыстардың алмастырулар мен шатастыруларынан басқа да айтылуында кемістіктер кездеседі. (Р дыбысын қырылдап, С-ны тіл арасымен айту) ФФТД-ын түзету жұмыстары:
Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру.
- Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;
- Дыбыстық талдау мен жинақтау қабілеттерін дамыту;
- Сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағын жетілдіру;
- Сөздік қорын толықтыру.
А. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Фонематикалық қабылдауын дамыту: (дыбысты қабылдауын)
- берілген дыбысты басқа дыбыстар арасынан анықтау;
- сөз арасынан берілген буынды анықтау;
- пароним сөздерге тиісті суреттерді көрсету (қаз-қас, қара-қала, баға-бақа);
- буынтіркестерін қайталау (та-да-та, ас-аш-ас);
Б. Дыбыстықталдау мен жинақтау:
- сөздіңбасындағыдауыстыдыбыстардыажырату, бөліпайту;
- сөздіңбасындағы, соңындағыдауыссыздыбыстардыбөліпайту (қол, мал, ат, от сияқты сөздердіжабықбуындыталдаужәне жинақтау);
- сөздегідауыстыдыбыстың орнынанықтаукезеңі;
-ашықбуынды, бірбуындысөздердіталдау, жинақтау;
- сөздегідыбыстардыңсанын, реттілігінанықтау (мыс: қар-3 дыбыс).
В. Фонематикалық түсінігін, ұғымындамыту:
- берілгендыбысқа суреттердітағдапалу;
- берілгенекідыбысқа қарай суреттердіекібағанағабөліпқою;
- 3,5,6 дыбыстардан сөздерқұрастыру.
Дамуындатоқырауы бар балалардың фонетика-фонематикалық жағыналдыналмасажәне түзетужұмыстарын тиімдіжүргізбесе, олоқуы мен жазуының бұзылуынаәсерінтигізеді. Осы балалардың анатілінмеңгеріп, дұрыс, сауатты сөйлеуінде логопедиялықжұмыстардың маңызызор.
Графикалық қателер түрі:
1)оптикалық ұқсастығы бар дыбыстарды алмастыру
2)кинестикалық ұқсастығыбар дыбыстарды алмастыру
Оптикалық ұқсастығы бар әріптерге:о,а,б,д,и,у,м,н,ю,ч,р жатады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет