1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Ана тілін оқыту маңызы. Бастауыш жалпы білім беретін мектептердің бастауыш білім сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасындағы ана тілін оқытудың маңыздылығы



бет57/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

43.Ана тілін оқыту маңызы. Бастауыш жалпы білім беретін мектептердің бастауыш білім сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасындағы ана тілін оқытудың маңыздылығы.
Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанның, туған халқын сүюге тәрбиелейді. Сондықтанда ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөнінде ұлы педагог К.Д.Ушинский «ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты,өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?»-деген болатын.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, интернационалдық, патриоттық рухқа тәрбиеленеді. Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған материалдардағы ойды да дәл түсінеді.
Балалар бастауыш кластарда оқуға, жазуға үйренеді, ойын анық, дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.
Бастауыш кластарда ана тілінен берілетін білімнің мазмұны мектеп программасында белгіленеді.
Программа жасаудағы негізгі методикалық проблемалар: 1) ана тілінен қандай теориялық мағлұматтар беріп, практикалық дағдылар мен іскерліктерге үйретуге болатыны анықтау; 2) жекелеген тақырыптартың қайсысын қайсысынан кейін оқыған жөн; 3) ұсынылған материалдарға қанша сағат бөлінетінін белгілеу болып есептеледі.
Бастауыш мектептердегі оқу сабақтарының мақсаты:
1.идеялық – саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру
2.дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру
3. балаларды жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек ектуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылққа тәрбиелеу
4. елін,жерін қадір тұтып,сүюге тәрбиелеу.
5.еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу.

Оқу сабақтарынын міндеті – балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.


Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру – оқу сабақтарындағы ең басты талап.Балалр бұл сабақтарда оқығаның жақсы түсініп,ондағы кейіпкерлердің мінез-құлықы мен сезім күйін айыра білуге, процестер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет