1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет63/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Өлеңдерді оқыту
Бастауыш сынып оқулықтарында берілген өлеңдер алуан түрлі: кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, (мысалы, Ө.Тұрманжановтың "Қарлығаш") қайсібірі табиғат құбылыстары жайлы (Күз, Жазғы дала, Жазғытұрым т.б.с.с), ал енді бір тобы автордың көңіл-күйін, асқақ ойын білдіреді.
Өлендердің оқылуында олардың табиғатына сай, ерекшеліктер кездеседі. Өлсңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:
1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай, оқушылармен әңгіме еткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішінде кездесетін, оқушылардың ұғымына ауырлық келтіреді-ау деген, бірен-саран бейнелі сөздермен сөз тіркестерінін, мағынасы түсіндіріледі.
2. Өленді ырғағына келтіріп, мәнерлі түрде, егер өлеңнің көлемі ұзақ болмаса, алдымен мүғалімнің озі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарынан іштей бірге оқып отырады.
3. Сонан кейін өленді оқушылар дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.
4. Өлең мазмүны талданады. Кейбір көлемдірек өлең бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлендер тұтас талданады.
5. Өлеңнің мазмұны бойынша жалпы сұрақ қойылады.
6. Өленді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оку, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту т.б. жұмыстар) және кейбір үзінділер немесе бөлім немесе түтас оқытылады.
Ғылыми мақалалар мен очерктерді оқыту
Бастауыш сынып оқушыларында ғылым салаларынан хабар беру және табиғат құбылыстары, еліміздегі бұрын болған және қазіргі қоғамдык алуан түрлі оқиғалар туралы мағлұматтарын толықтыру мақсатымен оқулықтарда ғылыми мақалалар берілген. Мүндай мақалаларды оқудың ерекшеліктері бар. Олар:
1. Тақырыптың не нәрсеге арналатыны анық көрініп тұрады және оның мазмұны, мақсаты болады. Мысалы, тақырыбы еңбек процесіне немесе адамдардың әлеуметтік түрмысына т.с.с. арналса, ол мақаланың мақсаты осы туралы дәл мағлүматтар беру болып табылады.
2. Ғылыми мақалалар бір құбылыстың ерекше белгілерін корсетіп қана коймайды, сонымен қатар оның баска қүбылыстармен, фактілермен байланысын корсетеді, оны пайдалануға үйретеді. Сондықтан ғылыми мақалалардың мазмүнын айтканда логикалық тосілдер пайдаланылады. Мысалы, Ақселеу Ссйдімбектің 2 сыныптағы "Түлкі түгінен жазған" мақаласын ойлаудың индукция тәсілімен түсіндірген жөн. Онда түлкінің не істегені жөнінде фактілер тізіліп көрсетіледі де, соңында "Мен күшіктері үшін мұншалықты есті тірлік жасап жүрген түлкіге қайран қалдым " деген қорытынды шығарылады.
3. Ғылыми мақалалардың тіл ерекшелігі де болады: арнаулы терминология, сөзді дәл қолдану, сөйлемдердің синтаксистік құрылысының қатаң тәртіпте болуы т.б. Алайда мұндай ерекшеліктерге қарап ғылыми мақалаларда балалар үшін бейнелі тіркестер мүлде кездеспейді екен деген ұғым тумасқа тиіс.
К.Д.Ушинский ғылыми мақалаларды логикалық оқу деп атайды. Бұл өте дүрыс. Өйткені мақалалар коркем шығармалардағыдай, бірден оқушының сезіміне әсер етіп, кейіпкерлердің іс-әрекетімен балаларды еріксіз еліктіріп әкетпейді, зейінді, ерік күшін талап етеді.
Дайындык жұмысынан кейін мәтін оқылады. Егер мәтін қысқа болса, түтас оқылады, онымен жұмыска дайындаладыМақала окылу барысында екі рет талданады. Бірінші оқығанда сөздердің мағынасы, кейбір фактілер анықталып, болімдердегі басты ойды аңғару мәселелері жөнінде жұмыс жүргізілсе, екінші рет оқылғанда фактілердің арасындағы байланыстарди табу, қорытынды жасау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір жағдайларда мақаланың мазмұнын меңгерту үшін үшінші рет оқытуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет