1 гаж туралы жалпы түсінік



Дата24.11.2022
өлшемі28,66 Kb.
#159647
Байланысты:
ГАЖ және қоғам СРС


Кіріспе

Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) — объектілер мен құбылыстар туралы кез келген деректерді олардың орналасқан жеріне қарай жинауға, сақтауға, талдауға және картаға түсіруге мүмкіндік беретін компьютерлік технология. Сондай-ақ, мәліметтер базасын біріктіруге және келесі операцияларды жүргізуге болады: оның нәтижелерін сұрау және шығару, деректерді ұсынумен статикалық талдау, картографиялық түрде іріктеу және аналитикалық есептеу. Бұл мүмкіндіктер ГАЖ-ды қоршаған әлемдегі құбылыстар мен оқиғаларды талдау мен болжауға байланысты көптеген оқу міндеттерінде қолдануға мүмкіндік береді.


ГАЖ - жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе.

1 ГАЖ туралы жалпы түсінік


ГАЖ дегеніміз табиғи, әлеуметтік және табиғи-әлеуметтік объектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін қолданылатын жүйе. Ол Жер туралы ғылымдарды және онымен байланысты әлеуметтік-экономикалық ғылымдарды зерттейді.


Геоақпараттық жүйе — қажетті объектілер туралы кеңістіктік (географиялық) деректерді және олармен байланысты ақпаратты жинау, сақтау, талдау және графикалық визуализациялау жүйесі. ГАЖ ақпаратты сақтаудың заманауи құралдарын пайдаланады, реттелетін қол жетімділікті, редакциялауды және жаңа деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Сондықтан да қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр. ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті графикалық құрал болып табылады.
Геоақпараттық жүйелер:
1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық нысандармен байланыстыру;
3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;
5. Басқару мен шұғыл шешімдерге бағыт беру;
6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас жасау және т.б. мәселелерді шешеді [1].



    1. Даму тарихы

ГАЖ 1960 жылдардың cоңында дамыса да, соңғы 10 жылда бұл технология өте қарқынды пайдаланылуда. Мұндай қарқынды дамудың басты себебі – әрине, есептеу техникасының дамуы болып отыр. ГАЖ пайдаланатын кең көлемді мәтіндік және графикалық ақпараттар, модельдік есептер, сапалы графика – машина ресурстарын едәуір талап етеді.


Соңғы 10-15 жылда шетелдерде және отандық тәжірибеде ГАЖ-дың басым бөлігі ақпараттық жүйелер екендігін көрсетті. Ол мына мәселелерді шешудің ақпараттық негіз болып табылады:

  • басқару деңгейінің шешімін қабылдау;

  • қала мен оның жеке аумағының дамуын жоспарлау;

  • қала аумағындағы өнеркәсіп пен азаматтық белгідегі объектілерді тиімді жобалау;

  • қаланың бас жоспарын жасау және оны іске асыруды бақылау;

  • аумақтың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-ресурстық жағдайларын зерттеу және олардың экономикалық бағасы;

  • қала жерлері мен жылжымайтын мүліктерді (ғимараттар мен құрылыстар) есепке алуды және тиімді пайдалануды жетілдіру;

  • қалалық коммуналдық шаруашылықтың инженерлік желісінің орналасу орны мен пайдаланылуы жөніндегі ақпараттарды алу;

  • көп мақсатта пайдаланылатын техногенді процестер мен жер қойнауының табиғи қорлары жөніндегі мәліметтерді, тау-кенгеологиялық мәліметтерін жинау;

  • табиғи ресурстарды, жылжымайтын мүліктерді пайдалануға, қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы, салық салуды жүргізу;

  • аймақтық ресурстарды тұтынушылардың, жекеменшік иесінің, басқа ұтынушылардың құқын қорғау.

Осылай, ГАЖ – өзінің функциялары мен атқарылуы бойынша көп мақсатты болып табылады. Ол мекемелер мен азаматтардың қалалық ортасы жөніндегі мәліметтермен қамтамасыз етуге бағытталған [2].
2 Қоғам және ГАЖ

Қазіргі қоғам ГАЖ технологияларынсыз жасай алмайды. Оларсыз экономиканы құру және заманауи экономиканы жүргізу мүмкін емес. Әлемдегі тенденциялар сонша, уақыт өте келе кеңістіктік деректердің үлкен базасын басқара білу қажет және бұл үшін ГАЖ қажет. Соңғы уақытқа дейін бұл мәселені шешу қиын болды, өйткені жер туралы кеңістіктік мәліметтерді алуға қолжетімділік шектеулі болды. Бірақ соңғы бірнеше жылда жағдай жақсы жаққа өзгерді және жаңа технологиялардың пайда болуымен ГАЖ жоғары деңгейге көтерілді. Бұл ГАЖ-ды қоғамның жаңа салаларына енгізуге мүмкіндік береді.


Сонымен қатар ГАЖ бизнесте де қолданылады. Мысалы, ГАЖ көмегімен британдық бизнесмендер жаңа супермаркеттер, жанармай құю станциялары мен автокөліктерге қызмет көрсету станцияларын ашуда. Дүкендер иелері өз өнімдерін әлеуетті сатып алушыларды картаға орналастыра отырып, олардың негізінен қаланың қай аудандарында тұратынын білуге болады. Жүк тасымалдаушылары жеткізу сенімділігін арттырады, маршрутты оңтайландыру арқылы отын мен уақытты үнемдейді. Немесе жылжымайтын мүлікті сатушылар мен сатып алушылар оларсыз шешім қабылдай алмайды. Картаға мұқият қараған кезде бәсекелестер байқамаған қызмет көрсету резервтері анықталады және т.б.
ГАЖ қолданудың түпкі мақсаты – сатып алушылар мен клиенттердің қазіргі және болашақтағы қажеттіліктері мен сұраныстарын барынша қанағаттандыру, нәтижесінде компанияның гүлденуі және оның тұрақты жоғары бәсекеге қабілетті екеніне жеткізеді.
Геоақпараттық жүйелер құрамдастың негізінде алуан текті деректер мен ақпаратты бріктірудің негізі ретінде әкімшілік шешімдер қабылдауға арналған негізгі элемент болып табылады.
Казіргі уақытта ГАЖ - бұл дүние жүзінде миллиондаған адам кіретін көпмиллиондық индустрия. ГАЖ мектептерде, колледждерде, университеттерде оқытылады және бұл технологияны адамзат іс-әрекетінің барлық салаларында қолданады [3].
3 Қазақстанда ГАЖ-дың дамуы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында геоақпараттық технологиялар өте белсенді дамып келеді, өйткені көптеген ұйымдар белгілі бір орынға байланбай геодеректерді жинақтауға, талдауға және жаңартуға мүмкіндік беретін желілік технологияларды әзірлейді. Қазақстанның ГАЖ экономиканың және мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында: жер кадастры, геология, көмірсутектерді және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру, мұнай мен газды тасымалдау, қоғамдық қауіпсіздік, қала құрылысы, орман шаруашылығы, мемлекеттік басқару, экология, навигация және т.б. ESRI бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде ГАЖ жобаларының үлкен саны іске асырылды және жүзеге асырылуда, ал ArcGIS платформасы бірқатар мемлекеттік ведомстволар мен ірі компанияларда ГАЖ стандартына айналған болатын [4].

Қорытынды

Географиялық ақпараттық жүйелер деректерді көрнекі көрсетудің және оларды талдауға арналаған құралдардың сан-алуан түрлерінің есебінен көптеген ғылыми, практикалық және басқару мәселелерін тиімді және жедел шешудің басты элементі болып саналады. ГАЖ технологияларын қолдану үлкен көлемді картографиялық және тақырыптық ақпаратты, оның ішінде қашықтан зондылаудың (ғарыштық суреттердің), далалық ғылыми зерттеулердің, инженерлік зерттеулердің, мониторингтің, түрлі шаруашылық қызметтің, құжат айналымының деректерін бірыңғай құрылымға біріктіруге мүмкіндік береді.


ГАЖ көптеген ғылымдармен тығыз байланысты. Соның ішінде ГАЖ Жер туралы ғылымдар жүйесінде үлкен рөл атқарады. Ол ғылымдар — география, геология, топырақтану, ландшафттану, геоморфология, палентология және т.б. ГАЖ-ды бүгінгі күні: жер комитеті, табиғи ресурстарды бақылау, экология, жергілікті басқару, транспорт, экономика, қоғамдық міндеттер және т.б. салалдарда қолданады. ГАЖ-дың әдеттегі қолдану салалары — жер кадастры, табиғи ресурстар кадастры, экология, жылжымайтын мүлік саласы және шешім қабылдау саласында қолданылады.
Қазіргі уақытта ГАЖ рөлі өте үлкен және қоғамның дамуымен бірге бұл технологиялар өміріміздің әртүрлі салаларында дами береді. Сонымен қатар ГАЖ технологиясын қолдана отырып, мамандар даярлайтын орындар саны артып келеді.

Қолданылған әдебиеттер:





  1. Чаузова, К. А. Электронное учебное пособие «Основы геоинформационных систем», 2018ж.

  2. Н. Н. Керімбай Сандық картография

  3. Е.Г.Капралов, А.В.Кошкарев, В.С.Тикунов «Геоинформатика» 2004г. 152-161 бет

  4. Е.А:Тоқпанов., О.Б.Мазбаев Картография және топография негіздері



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет