Ландшафттану физикалық географияның саласы ретінде: зерттеу нысаны мен мәні, зерттеу әдістері.
Ландшафттану – физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл терминнің соңғы кезде региондық физикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады. Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын, өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып табылады. Географиялық ландшафт туралы бұл ғылымның басты міндеті – ландшафт түрлерінің жаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму заңдылықтарын, орналасуын және адамның шаруашылық әрекеттерінен оның өзгеруін зерттеу. Сонымен бірге ландшафттану төменгі сатыдағы геожүйелер (жеке қоныс, фация, т.б.) және жоғары сатылық геожүйелер (табиғи өлке, провинция, т.б.) мәселелерімен де айналысады. Табиғаттың осындай жеке жақтарын зерттей келе ландшафттану географиялық қабықтың аймақтық белдеуінің жалпы заңдылықтарын анықтайды, яғни физикалық географияның аудандау негізін қалайды. Ландшафттану деректері нысанның ландшафтылық картасын жасаудан басталатын экспедиция және стационарлық жұмыстар нәтижесінде жиналады; зерттеудің географиялық, картографиялық, тарихи, т.б. зерттеу әдістерімен қатар математикалық статистика және логика әдістері де қолданылады. Ландшафттанудың негізін салушылар – Л.С.Берг, Г.Н.Высоцкий, Г.Ф.Морозов, т.б.
1.1 Ландшафттанудың объектісі және зерттеу пәні Ландшафттану объектісі - ландшафттық сфера және оның кұрылыстық бөлімдері ландшафттар. «Ландшафттык сфера» терминін 1950 жылы Ю. К. Ефремов енгізген. Ландшафттык сфера - бұл құрлықта - атмосфера және жер қыртысының, ал теңізде - кұрлықтың, су калыңдығы жэне атмосфераның тікелей өзара әрекеттесудің зонасы. Ландшафттық сфера географиялык кабықтың биологиялық фокусын білдіреді. Ландшафттык сфера - құрлықты, мұхитты, мұз жамылғысын жауып жатқан ландшафт компоненттерінің жиынтыгы. Құрлықта ландшафттык сфераның куатылығы полюстерден экваторга қарай өседі. Арктикалық шөлдер мен тундрада - 5-10 м, ал тропикалық белдеуе 100-150 м. Ландшафттык сфера құрылысы: - территориалды және аквальді ландшафттар; - материктер мен мұхиттардың ландщафттары; - ландшафттык зоналар және зонашықтар; - физикалық-географиялық елдер, провинциялар, облыстар, аудандардың ландшафттары. Ландшафт кұрлысының морфологиялық бірліктері: ландшафт, жергілікті жер, қоныс, фация. Ландшафт - бұл бір-бірінен өзінің қасиеттерімен ерекшеленетін табиғат компоненттерінің өзарабайланысының нэтижесінде ландшафт сферасының шегінде негізделген үш өлшемді кеңістікті-уакыттық біртұгас жүйе. Ландшафттанудың зерттеу пәні: 1) ландшафттар қасиеттері табиғатгы кұрастырушы және табигатты пайдалану объектілері ретінде; 2) ландшафттардың кеңістіктік ұйымдастырылуы; 3) уакытша ұйым (генезис, функционалдығы, динамикасы, жағдайы және дамуы); 4) ландшафт табиғи-шаруашылық территориялық жүйе (антропогендік ландшафттар). Сырткы эсерлерге ланндшафттардың тұрақтылыгы, табиғи-ресурстық потенциал, ландшафт функциялары; 5) Ландшафттардың тұрақты дамуы. Мәдени ландшафттардың қалыптасуы. Ландшафттанудщың ғылымдар жүйесіндегі орны: - географиялык ғылымдар кешенді және компонентті болып бөлінеді;
4
- ландшафттану - кешенді гылым. Географиялық ғылымдар теориясь^ ландшафттану, жер қабығыньщ құраушы бөліктері ретінде әр- түрлі көлемдегі территориалды және аквальді геожүйелерді зерттейтін жертану жэне аймақтық физикалық геофафиямен бірге жалпы физикалық географияның бір бөлігі болып табылады. Қазіргі ландшафттанудың қдоылысы: теориялық ландшафттану (жалпы ландшафттану, ландшафттық елтану, ландшафт морфологиясы, ландшафт түрлері мен жіктемесі, ландшафт геофизикасы, ландшафт геохимиясы, ландшафт биофизикасы, ландшафт эстетикасы, ландшафт экологиясы, палеоландшафтгану, аквальді ландшафттану); әдістемелік ландшафттану (далалық ландшафттық зерттеулер эдісі, ландшафттанудағы математикалық әдістер, ГАЖ технологиялар және т.б.); қолданбалы ландшафттану (мелиоративті, агроландшафттану, урболандшафттану, ландшафттық мониторинг, геоэкологиялық экспертиза, ландшафттық дизайн). Ландшафттану эдістері: - философиялық әдістер: диалектикалық, анализ жэне синтез т.б.; - жалпы ғылыми: жүйелік, тарихи, математикалық, экологиялық, экспертті, картографиялық; - нақты ғылыми.
Достарыңызбен бөлісу: |