Ландшафттың қызметі. Литосфераның био-ылғалайналымы, заттардың миграциясы.
Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен калыптасады, дамиды. Қалыпты жағдайда ландшафт кұрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтысын кұрайтын кұрамдас бөліктер бірімен - бірі үйлесім тауып, динамикалык тепе-теңдік калпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылгалдылыгы, температуралық режимі, жауын - шашыннын жылдык мөлшері, топырақ құнары, т.б. орташа жылдык көрсеткіштерінен ауыткымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше кұбылыс байқалып калады. Ландшафттың түзілуі әр уакытта геологиялык - геоморфологиялык факторлардың әрекет етуінен басталады. Олардын сипаты азоналы болып келеді. Геологиялык - геоморфологиялык факторларға жер бетінің құрлықтык жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының кұрамы, кұрлык бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады. Жер бетінің кұрлыктық жондар мен мұхиттық шаралары бөлінуі ландшафтыны бөліктерге бөлінетін заңдылыктың негізгі факторы болып саналады. Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге аскар биік, керілген кең, сом тұлғалары аркылы ландшафтты айкындап тұратын тоскауыл рөлін аткарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сырттан келген ауа агымының ылгалын тосып калады да, гумидті ландшафтының калыптасуына колайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткейлерде аридті ландшафтысы калыптасады. Су жэне климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жер асты суы, күн энергиясы мен жауын - шашын жатады. Алғашкы екеуі азоналы, соңгылары зоналы жүйедегі ландшафтысын қалыптастырады. Теңіз агыстары - жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор. Жер беті мен жер асты суы жаратылысына карай зоналы фактордын - жауын - шашыннын туындысы болып саналады. Бірақ олар ландшафтының түзілуінде интразоналы фактордың рөлін аткарады. өзен, көл маңы және жер асты суының жер бетіне шыккан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болгандыктан, шөл, шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы калыптасады.
8
Оаэистер саялы көк — жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады. Күннен келетін жылу энергиясы — жердегі барлық экзогенді геоморфологиялық процестерді дамытушы фактор. Оның мөлшері жеР шары бойынша бірдей емес және жер беті, мұхиттық шаралар мен кұрлықтарға бөлінуіне, құрлық беті жыныстарының литогенді құрамына, өсімдік жамылғысына, жер бедері пішініне қарай әр жерде ӘР түрлі мөлшердегі жылу баланысы түзіледі. Дегенмен, ол экватордан полюстерге қарай кеми береді. Осыған орай жер беті ландшафтысы географмялық белдеу, геофафиялық зона және оның бөліктері жалпы географиялық зоналық заңдылықпен түсіндірілетін процестердің нәтежиесінде пайда болған. Ландшафтының түзілуі әр уақытта геологиялық- геоморфологиялык факторлардың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық- геоморфологиялық факторларга жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |