Жалпы географиялық заңдылық ретіндегі азоналылық – ландшафттану факторы.
Азоналдылық Жердің ішкі энергиясы мен тектоникалық жагдайына байланысты болып келетін азоналылық заңдылыгы да бар. Ол - жер бетінің кұрлықтар мен мұхиттарға бөлінуіне байланысты. Жер бетінің 71 %-ын - Дүниежүзілік мұхит, 29 %-ын - кұрлықтар
алып жатыр, ал солтүстік жарты шардың кұрлық 39 %-ын, оңтүстік жарты шардың 19 %-ын ғана алып жатыр (Полярлык асимметрия заңдылығы). Сондықтан, ландшафттық зоналар солтүстік жарты шарда көбірек дамыган. Азоналық ең ірі ландшафт бірлігі - физикалық- географиялык аймақ (2-кесте). Физикалық-географиялық аймақ геологиялык негізгі (тектоникалық құрлымы) тұгас (қалканды жэне плиталы жазыктар, қатпарлы жақпарыл таулар), неоген-антропоген дәуіріндегі тектоникалық режимі ортақ, макрожер бедері мен * макроклиматы бірдей зоналық және биіктік белдеулі ландшафт кұрылымында өзіндік ерекшеліктері бар құрлық бөлігінен тұрады. Жер қыртысының неотектоникалық қозгалысы мен теңіз трансгрессиясы (теңзідің құрлыкты басып кетуі), кұрлықты маңыздану мен олардың еріген суы әрекетінен бөлшектеніп жер бедері мен климаттық жеке-дара типтері арқылы межеленентін жасы ортақ, зоналы немесе биіктік белдеулі ландшафт құрылымында өзіндік ерекшеліктерібар физикалықгеографиялық аймақ бөліктерін обылыс дейді. Обылыстардың зоналық немесе биіктік белдеулі бөліктері провинцияга, зонааралық немесе биіктік белдеу аралық бөліктерге өлкеге, ал топырақ пен өсімдіктер жұмылгыларының топтары бойынша жіктелген бөліктері ауданға бөлшектенеді. v Азоналық ландшафт қатарына таулы аймақ ландшафтысын жатқызуға болады. Кез келген нақтылы таулы аймак географиялық орналасуына, түзіліс жолына және биіктік айырмасына карай өзіне гана тән ландшафтының биіктік белдеулерімен сипатталады.
Азоналылыктың сонымен катар қосымша факторлары да бар: - Й^рлық және су бетінің физикалык касиеттерінің әркелкі болуы (жылу сиымдылығы мен шагылыстыру қабілеттерінің бірдей болмауы); - кұрылық пен мұхит үстіндегі массаларының эркелкілігі (континенттік, теңіздік); - мұхит ағыстары. (Суык ағыстар су температурасын төмендетіп кана қоймай, климаттың кұргақ болуына эсер етеді) (Перуан, Бенгель, Калифорния ағыстары); - қысым орталықтарының ауысуы. Қыста Берген қаласындагы каңтардың орташа температурасы О °С градус болса, Магаданда - 40 °С көрсетеді. Бұған эсер ететін Азиялык бөліктегі Сібір антициклоны екендігі белгілі. Жазда орталық Якутияда Скандинавия жагалауына Караганда 4—5 °С градуска жылы. Өйткені Сібір антициклоны жазда өз әсерін жогалтады
Достарыңызбен бөлісу: |