Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экологиялық жүйелер туралы ұғымға алғаш рет 30-ы жылдары А. Тенсли (1935) түсініктеме жазды. Ресейде осыған жақын биогеоценоз туралы ұғымға 1944 жылы Н. Сукачев (1880-1967) түсініктеме берді. Қазіргі кезде экологиялық жүйелер туралы үғымға белгілі бір аумақтағы тірі және өлі элементтердің жиынтығы жатады. Экологиялық жүйелер тірі организмдерден (биоценоздардан) және тіршілік ортасы — жанама (атмосфера) және биожанамадан (топырақ, су айдыны және т.б.) құралады. Экологиялық жүйелер кейде бір-бірінен жеке болса, кейде екі экологиялық жүйенің арасы бір-бірімен байланысып жатады. Экологиялық жүйенің мысалына көлдер, орман алқаптары және т.б. жатады. Экожүйелерден биомаларды ажырата білу керек, биомалар жоғарыда айтып кеткендей, белгілі бір географиялық аудандарындағы ауа райы және топырақ белдемдерінде кездесетін организмдердің едеуір ауқымды бірлестігі. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді
Jump to search
Геожүйе, географиялық жүйе - географиялық қабықтың өзара байланыстағы және өзара әрекеттес көптеген құрам бөліктерінен тұратын географиялық түзілім. Қазірге дейін барлық қалыптасқан анықтамалар бойынша геожүйе - әр текті элементтердің жүйелік қасиеттерінің (тұтастығы, өзара байланысы) көрінуі; осы анықтамалардың екінші бөлігі - жүйенің теографиялылықтың белгілері (жүйе элементтерінің немесе бөліктерінің аумақтық реттілігінің қатынастары; Жерге, жер бетіне, географиялық қабыққа, тағы да басқалары қатыстылығы) көрсетіледі. "Геожүйе" ұғымының 4 топтағы негізгі анықтамалары қалыптасқан термин: 1) табиғи географиялық түзілімдер үшін; 2) табиғаттың, халықтың ЭВМ шаруашьшықтың элементтерін бір уақытта бірдей қамтитын күрделі түзілім үшін; 3) табиғаттық және әлеуметтік-экономикалық түзілімдер үшін; 4) Геожүйе ғылымдарды қамтитын ғылымдарының барлық нысандарын белгілеу үшін қолданылады