Сабақтың тақырыбы Литосфераның тектоникалық қозғалыстары



бет1/3
Дата08.06.2018
өлшемі257,9 Kb.
#42084
түріСабақ
  1   2   3

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №86 ЖОМ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жанибекова Раушан

Сынып - 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Литосфераның тектоникалық қозғалыстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

7.3.1.3 -Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг.


Ойлау дағдысының деңгейі

Талдау

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:литосфера плиталары, олардың қозғалыстары нәтижелерін талдау.

Оқушылардың басым бөлігі: геосинклиналь және платформаларды салыстыру.

Кейбір оқушылар: дрейф, коллизия, субдукция,спрединг құбылыстарын бір-бірінен айыру.


Бағалау критерийі

  1. Литосфералық тақталардың өзара әрекеттесуі барысында жер бедерінің формаларын пайда болу себептерін талдайды.

  2. Картасхемада литосфера плиталары шекараларын, плита аттарын зерделейді.

  3. Дүниежүзінде жиі болатын литосфералық катаклизмдер аумағы туралы пікір таласады.

  4. Дрейф, коллизия, субдукция, спрединг құбылыстары туралы түсініктерді ажыратады


Тілдік мақсаттар

Оқылым: мәтінді оқи отырып литосфера плиталары, олардың қозғалыстарын зерделейді

Тыңдалым: литосфералық катаклизмдер аумағы, оларда жиі болатын жер сілкінулері туралы пікірталасады

Айтылым: түрлі эра мен дәуірлерде жер қыртысында болған өзгерістерді ауызша сипаттайды

Жазылым: дәптерге тақырып ішіндегі жаңа термин сөздерді жазады

Дрейф- дрейф-drifting

Рифт- рифт-rift

Коллизия- коллизия-coalition

Субдукция- субдукция-subduction

Спрединг- спрединг-spreading





Құндылықтарға баулу

Ұлттық қауіпсіздік және елімізде бүкіләлемдік, өмірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы дағдысын дамыта отырып, Отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих: 1960 жылғы Ташкент, 1889 жане1911жылғы Алматы жер сілкінуі туралы

Биология: катаклизмдердің биосфераға әсері

Физика: жердың ішкі және эндогендік күштері


Алдыңғы білім

Литосфераның құрылымымен заттық құрамын, жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын, эндогендік және экзогендік процесстер , геологиялық эра және дәуірлерде жер қыртысында болған өзгерістер туралы біледі.





Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.Ұйымдастыру: «Ақ тілек» ойынын өткізу арқылы оқушылар бүгінгі күнді сәтті өтуіне, көңіл-күйін көтеру мақсатында жақсы тілектерін бір-біріне айтады.
Мақсаты: сыныптың қарым-қатынасын, сабаққа сенімділігін, жағымды психологиялық ахуал орнату.

Топтарға бөлу:стикерлерге «Атмосфера», «Литосфера», «Биосфера», «Гидросфера» сөздерін жазып, сөздер арқылы топтарға біріктіремін.


Смайликтер, суреттер, А4 формат, маркерлер, таратпа материалдар

7-сынып география Алматы кітап баспасы 2017



Сабақтың ортасы
7 минут

6 минут

6 минут

5минут


5минут

6 минут



Жаңа тақырып: Литосфераның тектоникалық қозғалыстары

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларды сабаққа тарту үшін оқушыларға өткен және жаңа сабаққа баулы проблемалы сұрақтар қойылады.

1. Қәзіргі күнде Антарктида матерігінде зерттеулер нәтижесінде таскөмір, мұнай, табиғи газ кендері анықталған. Бұл кендер органикалық тау жыныстары екендігін есепке ала отырып, кендердің қалай пайда болғанын түсіндіріңіз?

2. Мезозой эрасының аяғында алып бауырымен жорғалаушылар жойылып кеткен, оның себептерін айтыңыз ?

3. 20 ғасырда неміс ғалымы А.Вегенер ұсынған болжамға көре: «материктер плиталар үстінде жүзіп жүреді» бұл пікірді қалай түсінесіз?

4. Жапониялықтардың әр бірінің үйінде балықты аквариум бар. Ол туралы пікірлеріңізді айтыңыз.

1тапсырма. Литосфералық тақталардың өзара әрекеттесуі барысында жер бедерінің пайда болу формаларына талдау жаса. Мәтінмен жұмыс. «Джиксо» әдісімен оқушылар мәтінді оқиды және топта жұптаса отырып бір-біріне түсіндіреді. Оқушыларға күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар беріледі:

А. Мәтінді оқып шығып, оның негізгі мағынасын белгілей отырып мазмұнын айтып бер.

В. Мәтінді оқып шығып, оған жоспар мен сұрақтар құрастыр.

С. Мәтінді оқып шығып, оған түсініктеме мен сын-пікір бер.



Тапсырманы оқушылар өздері таңдайды.

2-тапсырма .«Сұрақтар телпегі» әдісі арқылы литосфералық тақталардың өзара әрекеттесуі барысында жер бедерінің пайда болған формаларын талдайды..Бұл әдіс оқу мәтіні бойынша жүргізілетін жұмыс түрі болып, әр оқушы стикерге бір сұрақ жазып телпекке салады. Сұрақтар араластырылған соң, әр оқушы сұрақты алып жауап береді.


  1. Литосфера тақталары қалай және неліктен өзара әрекеттеседі?

  2. Дивергенция дегеніміз не?

  3. Тақталар қандай жылдамдықпен жылжиды?

  4. Рифт деп нені атайды?

  5. Коллизия нәтижесінде қандай таулар пайда болды?

  6. Ұлы шығыс Африка жарығы ұзындығы қанша?

  7. Субдукция қандай процесс?

  8. Мұхиттарда қандай тау жоталары бар?

  9. Болашақта плиталардың әрекеті қандай өзгерістерге алып келуі мүмкін? Өз пікіріңіз.

  10. Рифтинг мен спрединг арасында қандай айырмашылық бар?









Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет