№134 жалпы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Рахманбердиева Тинигай Оналбековна. Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Дата06.07.2018
өлшемі74,67 Kb.
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Кошкарата а/о Жамбыл 2 ауылы

№134 жалпы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Рахманбердиева Тинигай Оналбековна.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №134 ж.о.м

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Т. Рахманбердиева

Сынып: 5. математика

Қатысқандар:

Қатыспағандар :

Сабақ тақырыбы

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу

Сабақ мақсаты

Барлығы:санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін біледі.

Басым бөлігі:санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін қолдана алады.

Кейбірі:санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін қолданып мәтінді есептер шығара алады.

Бағалау критерийі

Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін біледі.

Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін қолдана алады.




Тілдік мақсаттар

Жай бөлшек,санның бөлігі

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, жаратылыстану.

Алдыңғы білім

Жай бөлшектер, жай бөлшекке амалдар қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин



Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Тамаша екен» шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің жақсы қасиетін айтқызамын.Соңында тамаша екен деп бас бармағын барлығы көрсетеді.Түстер арқылы топқа біріктіремін.Үй тапсырмасын сұрауда математикалық диктант аламын.

1)  +  2) 4 - 2 3) 27* 

4) 1 * 1 5) 8 : 

бағалау шкаласы беріледі.



«Өзін-өзі бағалау» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.Ынталандыру мақсатында өзін-өзі бағалауға арналған парақшаларды қолданамын.




Сабақтың ортасы

22 мин



«Елшілер» әдісімен жаңа тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында белсенді тыңдау шешендік өнер және сөйлеу мәнері, өзара байланыс құру мақсатында пайдаланамын.Тақырыпты төрт топқа тақырыпшаларға бөліп беремін. Топтар тапсырманы орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді.

«Жылдам сұрақ» әдіс. Топпен жұмыс.

№666 ауызша санның бөлігін табыңдар.



  1. 32-нің ¼-ін. 3)25- тің 3/5-ін

  2. 100-дің ½-ін 4)60-тың 7/10-сін

Қалыптастырушы бағалаудың «Басбармақ» әдісімен бағалаймын.Бұл-оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам бағалау мақсатында аламын.

«Таза тақта» әдісі. Жеке жұмыс.

№667. санның бөлігін табыңдар.

№668 бөлігі бойынша санды табыңдар

1)15-тің 3/5-ін 3)45-тің 1/9-ін

¼-і 80-ге тең 2/3-сі 10-ға тең

2)48-дің 5/6-ін 4)120-ның 3/10-ін

¾-і 60-қа тең 5/6-і 50-ге тең

Қалыптастырушы бағалаудың «Бағдаршам» әдісімен бағалаймын.Сабақ барысында жаттығуды орындау жолдарын түсінгендігін анықтау үшін қолданамын.



Бағалау кретерийлері

Дескрептор

Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін біледі.

Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін қолдана алады.




Натурал санды бөлшеке көбейте алады.

Натурал санды бөлшекке бөле алады.

Санның бөлігін табады.

Бөлігі бойынша санды табады..



«Досымнан хат» әдісі. Деңгейлік тапсырма.

670,№671,№672.

1)75м матаның 2/5-сінен балаларға көйлек тігілді.Балаларға көйлек неше метр матадан тігіледі?

2)Қант қызылшасының 3/20 бөлігі қантқа айналады.12т қант алу үшін неше қант қызылшасы керек?

3)Жаттығуда 80 сөз бар.Жаттығудағы барлық сөздің ¼-і-зат есімдер, 3/10-і етістіктер.Қалғаны әр түрлі сөз таптары.Жаттығудағы зат есімдер неше сөз? Етістіктер неше сөз?Әр түрлі сөз таптары неше сөз?

Бағалау кретерийлері

Дескрептор

Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін біледі.

Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу ережесін қолдана алады.




Шартын құра алады.

Санның бөлігін табады

Бөлігі бойынша санды табады.


Қалыптастырушы бағалауда оқушыларды ынталандыру мақсатында смайликтермен бағалаймын.


Оқулық

5-сынып


Сабақтың соңы

15 мин


Сергіту сәті оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Сәлемдесу» ойынын ойнайтамын. Ширату жаттығуы: 1) Тиін шамамен 6 жыл жасайды. Бұл қоянның жасауға тиісті жасының 3/5 - іне тең. Қоян неше жыл жасайды?
Қоян -?
Тиін - 6 жыл. 3/5 б.
Шешуі: 6: 3/5=6 ∙ 5/3=10 (жыл)
Жауабы: Қоян 10 жыл жасайды. Рефлексия.ҚҚҚ кестесі.Қызық болған,Қиын болған, Құнды болғанын жаздырамын.




Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтау

Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып

қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар қолданамын. Саралаудың тәсіліндегі диалог және қолдау көрсетуді қолданып кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болуын ескеремін.



«Бас бармақ»,

«Бағдаршам» әдістерімен Смайликтермен бағалау.



Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Сәлемдесу» ойынын ойнаймыз. Ол үшін бастадық дегенде тез қимылды тез жасауымыз керек.Әр адаммен әр түрлі амандасыңдар. Көзбен,қолмен,иықпен, құлақпен,тіземен,өкшемен.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұданда да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу